ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

50 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР 

Жұмыс берушілердің сұрақтары
1.Неліктен мен жұмыс беруші ретінде МӘлМС жүйесіне қатысуым керек?
Пайда болған қаржылық дағдарыс жағдайында әрбір кәсіпорын үшін шығындарды қысқарту мәселесі бірінші орынға шығады. Бұл қиын кездерден өту үшін басшыларға барлығын, бірінші орында – жұмыс күшін үнемдеуге тура келеді. Дегенмен, персоналды қысқарта отырып, қалған жұмыскерлердің мойнына артылған ерекше жүк проблемасы туралы әрбіреуі ойлай бермейді. Басшыға персоналдың өзара орынбасу жүйесін үнемдеуге тура келгенде, кез келген жұмысшының ауруы кәсіпорын үшін одан да күрделі салдарға әкеп соғады.
Осындай жағдайларда қызметкерлердің денсаулығы туралы ойламау зиянды болады. Өз жұмысшыларының проблемаларын шеше отырып, басшы бірінші орында өз бизнесі туралы уайымдайды. Мәселе тек қызметкерлердің денсаулық проблемасы қалайша оңтайлы шешуде болып тұр.
Сақтандыру медицинасы Сіздің жұмыскерлеріңізге, олардың табыстарына тәуелсіз барлық медициналық көмек көлемін, оның ішінде жоспарлық стационарлық көмек пен дәрілік қамтамасыз ету және жоғары мамандандырылған медициналық қызметтерді, оңалтулық қолдауды, консультациялық-диагностикалық көмекті, мейіргерлік күтім жәнен паллиативтік көмек алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, егер бүгін Сіздің жұмыскеріңіз қатты аурып қалса, ол қымбат ем алуға мұтаж және ұзақ науқастық демалыс алуға мәжбүр. Медициналық қызметке ақы төлеу үшін жеткілікті жеке қаражаты болмай ол өз жұмыс берушісіне және кәсіпорын ұжымына материалдық көмекке жүгінеді, ол барлық тараптардың маңызды материалдық шығындарына әкеп соғады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында науқас жұмыскерді емдеу, күту және оңалту бойынша шығыстарды медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алады. 
Одан басқа, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жарналары, бірінші орында денсаулық сақтау жүйесінің бірінші буынын кеңейтуге, госпитализациялау жағдайларын азайту мақсатында аурулардың алдын алуға, сәйкесінше тиімді амбулаторлық-емханалық көмек есебінен жұмыс уақытын жоғалтуды азайтуға бағытталған.
 Сонымен қатар, бүгін еңбек нарығында жұмыс берушілердің бір бөлігі ғана өз жұмыскерлеріне толық әлеуметтік пакетті, оның ішінде медициналық сақтандыруды ұсына алады, оны біліктілігі жоғары мамандарды тартуға басымдылық ретінде қолданады. МӘлМС енгізу арқылы аталған әлеуметтік пакет еңбек нарығының барлық қатысушыларына қолжетімді және әмбебап артықшылық болады, ол кадрлық мәселелерді шешуді жеңілдетеді. 
Мысалы, экономикасы дамыған, еңбек өндірісі жоғары деңгейлі елдерде (Франция, Германия, Корея, Жапония) міндетті медициналық сақтандыру үлгісіне артықшылық танытты. Өйткені бұл үлгі шығындарды азайту, өнімнің өсуі және кәсіпорынның табысын арттыру арқылы бизнес үшін даусыз экономикалық пайданы қамтамасыз етеді.
  Медициналық сақтандыруды енгізудің негізгі пайдасы жұмыскерлердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты өндірістегі шығындарды азайту.
Осылайша, жыл сайын 2,6 млн. астам қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдейді. Егер күн сайын орта есеппен әрбір қызметкер 12,6 мың теңгеге өнім (немесе қызмет көрсетуді) шығаратын, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны шамамен 370 млрд. теңгені құрайды.
Ең жақсы клиникаларда уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өту, сапалы ем және қымбат тұратын арнайы көмек қабылдау жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың уақытша еңбекке жарамсыздық күндерін қысқартуға және осының нәтижесінде жұмыс берушінің шығындарын  азайтуға мүмкіндік береді.
 
2.Медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін салымдардың көлемі қандай болуға тиіс?
Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз, онда Сіз ай сайын Қорға – 2017 жылғы шілдеден бастап сіздің қызметкерлеріңіздің еңбекақы қорынан – 2%, 2018 жылы – 3%, 2019 жылы -  4%, 2020 жылы - 5%  сақтандыру аударымдарын жүргізетін боласыз. Қайта үйлестіру сомалары корпоративтік табыс салығынан (КТС) шегеруге жатқызылады.
Сонымен бірге, ай сайын қызметкердің нақты еңбекақысынан 2019 жылы - 1%, ал 2020 жылы - 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Қайта үйлестіру сомалары жеке табыс салығынан (ЖТС) шегеруге жатқызылады. Сонымен қатар аударымдарды/жарналарды есептеу үшін қабылданатын айлық табыс минималды еңбекақының 15-еселік көлемінен аспау керек (2016 жылы – 342 885 теңге).  
 
Сақтандыру аударымдары мен жарналар қорға мынадай табыс түрлерінен төленбейді:
қызметтік іссапарларға компенсациялардан және қосалқы сипаттағы жұмыстан;
қызметкерлердің егістік жұмыстарынан;
бюджет қаражатынан қызметкерлерді жеткізуге, оқуға ақы төлеуге, жәрдемақы және компенсацияға байланысты шығындардан;
сауықтыруға арналған жәрдемақы мен демалыс жәрдемақысынан, медициналық қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, минималды жалақы (МЖ) шеңберіне жерлеуге берілген төлемдерден;
стипендиядан;
сақтандыру сыйақыларынан
3.Жұмыс беруші үшін МӘлМС-қа аударымдар тетігі қандай болады? 
Аударым сомалары корпоративтік табыс салығының шегерімдеріне жатады. Осылайша, жұмыс беруші үшін салық салынатын негіз азаяды. 
Мысалы, егер Сіздің табысыңыз МӘлМС енгізгенге дейін 100 мың теңге, ал шығыстарыңыз 80 мың теңгені құраса (оның ішінде еңбекке ақы төлеу қорына 40 мың теңге), онда Сіздің салық төлеміңіз 4 мың теңгені құрайтын еді. Ал МӘлМС жағдайында салық төлемі 3,8 мың теңгені құрайды, өйткені салымдар жұмыс берушінің шығысына қатысты болады.
 
4.2019 жылы табыс салығын есептеу кезінде жұмыскерлердің жарналары шегеруге жатқызылады ма?
МӘлМС-ке салымдар ЖТС және КТС бойынша шегеруге жатқызылады, осылайша, салық салынатын негіз, сәйкесінше салымдар мен жарналардың сомасына азайтылады.
 
5.Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығының жұмыскерлері, базардағы сатушылар жарналарды қалай төлейді?
Жеке кәсіпкерлердің жарналарын есептеу және төлеу салық органдарына мәлімдеген табыстан, табыс болмаған жағдайда МЕТ 2%-ы көлемінде жүргізіледі.
 ӘлМСҚ-ға шаруа қожалығының жұмыскерлері үшін жарналарды жұмыс беруші төлейді. Оның тарапынан табыс болмаған жағдайда, жұмыскерлер өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы МЕТ 2%-ы көлемінде Қорға салымдар жасай алады.
Базардағы сатушылар, егер олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда сол сияқты мәлімдеген табыстан аударымдар жасайды. Егер ол жалдамалы жұмысшы болса (базардағы сатушылар), онда жарналар еңбек шартында көрсетілген еңбекақы деңгейінен аударылады.  
6.Менің жұмыскерлерім қымбат жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекті ала алады ма?
Ия, әрине. Жәлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс беруші және жұмыскерлер барлығы жүргізген салымдар көлемінен біраз артық бағалы, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға Сіздің жұмыскерлеріңізге мүмкіндік береді. 
Мысалы, Қорға жылына 240 мың теңге сомасына аударымдар жасаса, егер мәселе 1 млн. теңге тұратын жүрек операциясы жайлы болса, онда Сіздің жұмыскеріңіз Медициналық көмек қорының қаражаты есебінен төлеуге сүйене алады, оған қоса дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтулық қолдау. 
7.Жұмыс беруші өзінің МӘлМС-ке салымдарына бақылауды жүзеге асыра алады ма?
Ия, ай сайын Қор, жұмыскерлеріңіздің пайдасында түсетін Сіздің жарналар туралы үзінді көшірмелерді ұсынады (Е-Gov порталы арқылы). Одан басқа, жұмыс беруші:
қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі – қызметтің айқындылығын қамтамасыз ету;
кәсіптік қауымдастық мүшесі – стандарттарды қарау мен тарифтерді бекітуге қатысу;
бола тұра, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қоғамдық бақылауға қатыса алады.
8.Тұрақты табысы жоқ маусымдық қызметкерлер ӘлМСҚ-қа аударымдарды қалай жасайды? Маусымдық жұмысшылар үшін жарнаны табыс бар кезінде оның жұмыс берушісі төлейді, табыс жоқ кезеңде ол өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы ӘлМСҚ-қа МЖА-ның 2%-ы көлемінде аударымдар енгізе алады.  
9.Мен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріме медициналық ұйымды таңдай аламын ба?
Жоқ, таңдай алмайсыз. МӘлМС кезінде медициналық қызметтерді алу үшін жұмыскер медициналық ұйымды өзі таңдайды.
Жұмыс берушінің медициналық ұйымдарды таңдауы ерікті медициналық сақтандыру кезінде жүзеге асырылады.
 
10.Менің жұмыскерлерім ерікті сақтандыру есебінен жеке медициналық қомпаниядан қызмет алады. Тағы МӘлМС-ке төлеудің керегі неде?
Жұмыс беруші өз жұмысшыларына ерікті медициналық сақтандыруға (ЕМС) шарт жасайды, ол жұмыс берушінің аударымдар сомасымен шектелген медициналық көмектің белгілі бір көлемін алуды көздейді. Бұдан артық ЕМС шеңберіндемедициналық көмек көрсетілмейді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сомасын шектемейді.
Сонымен қатар, МӘлМС пакетіне кірмейтін медициналық қызметтердің тізбесі ЕМС шартында атап айтылады. МӘлМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызметтердің түрі ЕМС арқылы төлене алады, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістердің жұмысшыларына арналған міндетті мерзімдік медициналық тексерулер, шипажайлық-курорттық ем, косметология және т.б.
Одан басқа, ЕМС жеке емханалар тарапынан көрсетілген қызметтерге жоғарлатылған шоттардың қатері бар, ол жұмыс берушілерге ақталмаған шығындар әкеледі. Сондай-ақ ЕМС-та тапсырыс берушіде (қазіргі жағдайда – жұмыс берушіде) жеткізуші көрсететін медициналық көмектің сапасын бақылаудың тетігі жоқ. ММС жүйесінде Қор медициналық көмектің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. 
 
11.Жұмыс берушілер, салықтардан құтылып, жұмыскерлердің санын жасырмайды ма?
Өкінішке орай, табысты және «көлеңкелі» жалақыны жасыру қатері, салықтан құтылу тәсілі ретінде кез келген экономикада бар. Бұл мәселені шешу үшін фискалдық органдар тарапынан әртүрлі күресу әдістері бар. 
Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электрондық жүйе арқылы жүгінген кезде жұмыс берушінің (2017 жылдан бастап) және жұмыскердің өзінің (2019 жылдан бастап) салымдары, ол үшін қаншалықты уақтылы аударылғаны салыстырылыды. Солайша жұмыскер жұмыс берушіден келген түсімдерді бақылай алады. 
Екіншіден, салық қызметінің органдары ӘлМСҚ-қа салымдар туралы декларация қабылдайды, олардың негізінде қарыздарды бақылау және өндіріп алу жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейтінімізді атап өту керек. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады. 
 
12.Жұмыскерлер жыл бойы МҰ-ға жүгінбесе, онда төленген салымдарды қайтару жұмыс берушілерге қарастырылған ба?
Жоқ, қарастырылмаған. Жұмыскерлері жыл бойы МҰ-ға жүгінбеген жұмыс берушілердің төленген салымдары қайтарылмайды. Бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі принциптеріне қарама-қарсы – жүйенің барлық қатысушыларының ортақтастығы және жүйенің барлық қатысушыларының теңдігі. Төленген қаражаттар, осы кезеңде медициналық қызметтерге жүгінген қолданушыларға медициналық көмекті төлеуге жұмсалады.
 
13.Біздің кәсіпорында жеке ведомстволық медициналық-санитариялық бөлім бар, онда біз кәсіпорын есебінен ем аламыз. Онда не үшін біз тағы ӘлМСҚ-ға жарналар төлейміз?
Қолданыстағы «МӘлМС туралы» заңға сәкес ӘлМСҚ-ға аударымдар мен жарналарды енгізу барлығына міндетті болып табылады және Сіз оны медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына уақтылы төлуге тиіссіз. Сіздің медициналық-санитариялық бөлімге қатысты болса, онда ол қосымша ақша таба отырып, Қор өткізетін амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмек көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға құқығы бар. 
 
Медициналық қызметкерлердің сұрақтары
14.МӘлМС қалай жұмыс істейді?
Қызметкер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер және мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындар үшін енгізген барлық жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) түсетін болады.
Қорға түсімдерді бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне бекітіледі, ал атауландырылған есеп «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясында сақталады.
Қор медициналық ұйымдардан медициналық қызметтердің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурс екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде, медициналық ұйымдардың ресурстық қамтамасыз етуін орнатылған мемлекеттік минималды стандарттарға сәйкестігіне бағалауы жүргізіледі (ғимараттар, медицина техникасы, кадрлар). 
Оң баға беру жағдайында медициналық ұйым екінші кезеңге жіберіледі, онда көрсетілетін қызметтердің көлемін, құнын және орнатылған критерийлер бойынша сапасын бағалау жүргізіледі.
Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз етуі мен білікті көмек көрсететін тәжірибелі мамандары бар үздік мемлекеттік және жеке емханалар медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерге ие болады.
 
15.Денсаулық сақтау жұмыскерлері сақтандырылған мәртебесін қалай анықтайды?
Барлық медициналық ұйымдар ҚР сақтандырылған азаматтарының бірыңғай тізбесіне қолжетімділікке ие болады. 
Азамат медициналық қызметкерге жүгінген кезде тек оның ЖСН енгізу және оның сақтандыру дәрежесін алуға тиіс. 
Егер аударымдар енгізілген болса, онда өтініш білдірген азамат сақтандырушын ұсынатын қызметтердің барлық спектрін ала алады. Егер олай болмаса, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетіледі (ТМККК).
 
16.Медициналық ұйымдар МӘлМС енгізуден нені алады?
Көрсетілген қызметтер көлемі үшін адекваттық қаржыландыру;
Медициналық персоналға еңбекақыны арттыру мүмкіндігі және қызмет нәтижелері бойынша еңбекақы төлеу жүйесін енгізу;
Тарифке амортизациялық аударымдарды енгізу есебінен медициналық техниканы жаңарту мүмкіндігі;
Жеке инвестицияларды, тәжірибелі отандық және шетел мамандарын тарту.
 
17.Медициналық ұйымдар МӘлМС жағдайында медициналық көмекті қалай ұсынады?
Қор медициналық қызметтерді ТМККК шеңберінде сатып алған тәрізді МӘлМС шеңберінде де мемлекеттік және жеке клиникалардан конкурс негізінде сатып алады. 
Конкурс екі кезеңде өтеді. 
Бірінші кезеңде әрбір медициналық ұйым қызметтерге өнім берушілердің Бірыңғай тізбесіне өзінің техникалық экономикалық және медициналық мәліметтерін енгізеді.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес Қор олардың белгіленген ең төмен стандарттарының сәйкестігіне баға береді. 
Оң нәтиже болған жағдайда медициналық ұйым конкурстың келесі кезеңіне өтеді. 
Екінші кезеңде көрсетілген қызмет көлеміне, оның құнына және өткен жылы көрсетілген қызметтер санына Қор баға береді (орнатылған критерийлер). 
Егер медициналық ұйымның ресурстық қамтамасыз етілуі белгіленген ең төмен стандарттарға, ал көрсетілетін қызметтер белгіленген сапа критерийлеріне сәйкес келетін болса, онда медициналық ұйым әлеуетті жұмыс беруші ретінде таңдалады.
 
18.МӘлМС жағдайында қандай медициналық көмек түрлері көрсетіледі?
Медициналық қызметтердің екі пакеті болады.
Бірінші – елдің барлық азаматтары үшін мемлекет кепілдік беретін пакет. Оның ішінде:
•Жедел жәрдем және санитариялық авиация;
•Әлеуметтік маңызы бар аурулар және жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; 
•Профилактикалық егулер; 
•Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін). 
Екінші пакет – Сақтандырылған азаматтар үшін МӘлМС жағдайларында ұсынылатын медициналық қызметтердің пакеті мыналарды қамтиды:
•Амбулаториялық-емханалық көмек:
•Емханадағы емдеу;
•Дәрігерлердің қабылдауы;
•Зертханалық қызметтер;
•Диагностика және манипуляциялар;
•Стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу;
•Стационар алмастырушы көмек – күндізгі стационарда ем қабылдау;
•Жоғары технологиялық медициналық қызметтер – күрделі және бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек;
•Дәрімен қамтамасыз ету – амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде;
•Мейіргерлік күтім – басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін  адамдар;
•Паллиативті көмек – емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті және ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру  сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде  ұстап тұру.
 
19.Медициналық ұйымдарға МӘлМС шеңберінде қызметтерге ақы төлеу тәртібі қандай?
Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы келісімшарт жасаған барлық медициналық ұйымдар, көрсетілген қызметтері туралы ақпаратты Қорға күн сайын ұсынады.
Көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасын сараптауды Қордың өңірлердегі аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Ай сайын Қор аумақтық бөлімшелерден төлем қажеттілігін алады және оның негізінде медициналық ұйымдардың есебіне қаражатты аударуды жүзеге асырады.
Қор, Бірыңғай ақпараттық жүйенің деректері негізінде, келешекте келісімшарттың іске асыруына әсерін тигізетін медициналық ұйымдардың рейтингін үнемі анықтайды.
 
20.Медициналық жұмыскерлер үшін жалақы мөлшері артады ма?
Міндетті түрде, медициналық жұмыскерлердің жалақылары артады. Елдің экономикасында медициналық жұмыскердің жалақысын кемінде орта деңгейге дейін кезең бойынша арттыру жоспарлануда. 2030 жылға дейін медицина жұмыскерінің (дәрігерлердің) жалақысы республика бойынша орта жалақыны 2 есе артуға тиіс. Осы барлық есептеулер даярланып қойған. Одан басқа, 2024 жылға дейін бірінше буынның және ауылдық денсаулық сақтау жұмыскерлердің жалақыларын арттыру көзделген.
 
21.Медицииналық жүмыскерлердің еңбекақысын арттыру тетігі қандай? Қандай көздерден бұны жасау көзделген Из каких источников это предполагается сделать? МӘлМС жағдайында әрбір медициналық ұйым еңбекке ақы төлеу мәселесінде сараланған әдісті енгізе алады, персоналдың материалдық ынталандыру үлгісін өз бетінше қалыптастыра алады.
Бұл танылған кәсіпқойлар, тәжірибелі жоғары білікті дәрігерлер, қазіргіге қарағанда, көбірек еңбекақы алады дегенді білдіреді. Медициналық ұйым менеджменті емханалардың табысты қызметі мен қаржылық әл-ауқаты жоғары санатты мамандарды тартуға байланысты болатынын түсіну керек. Осындай еңбекке ақй төлеу тетігі жеке медицина секторында бұрыннан бері қолданылады және өзінің тиімділігін дәлелдеді. Практикада бүгінгі таңда көптеген пациенттер емделу мен консультация үшін, сәйкесінше лайықты материалдық қамтамасыз етуді алуға тиіс мәртебелі дәрігерлерді таңдайтыны құпия емес. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыскерлердің еңбегін ынталандыратын осындай тетіктер болады, өйткені медициналық қызметтердің сапасы мен қорытынды нәтиже МӘлМС-тің негізгі мақсаттары болып табылады.
22.Медициналық қызмет сапасын бағалаудың қандай критерийлері болады?
Қор қолданатын критерийлердің негізгі тобы:
Пациенттердің қауіпсіздігі;
Клиникалық және экономикалық тиімділік; 
Медициналық қызметтерге өнім берушілер арқылы құнды көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу.
 
23.МӘлМС енгізу бойынша пилоттық өңірлер болады ма және олар кімдер?
МӘлМС енгізу Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде бір уақытта жүргізіледі, сондықтан пилоттық өңірлердің болмайтынын білдіреді.
 
24.ӘлМСҚ қаражаттарын бөлудің айқындылығы қалай қамтамасыз етіледі?
Қазіргі уақытта, жаңа модельде теңгерімділіктің және Қордың тұрақтылығын қамтамасыз етудің жаңа макроэкономикалық құралдары ескерілген тәрізді, сонымен бірге қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйелері де ескерілген.
Бастапқы кезеңде, қаржылық есептілікті жариялау жөніндегі стандарттық талаптармен қатар Қор қызметінің айқындығын арттыру механизмдері әзірленеді.
 
25.Медициналық сақтандыру қорының конкурсына қатысу үшін медициналық ұйымда ақпараттық жүйенің болуы міндетті ме? 
Денсаулық сақтаудың жаңа электрондық жүйесі ұйымдастырылады, оның шеңберінде Сіздің жеке кабинетіңіз болады. Ол жерде емханаға бару, стационарда емделу, тексерулер мен анализдердің нәтижелері, дәрігерлердің қорытындылары және олардың ұсынымдары туралы барлық ақпарат болады. 
26.ӘлМСҚ қызметіне қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі ме?
Бақылауды қамтамасыз ету тетіктерінің бірі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңда бар – бұл Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия. Бұл комиссия ДСӘДМ, ӘЛМСҚ, қоғам өкілдері арасындағы диалогтік келісім алаңына айналады. Қоғамдық бақылау аталған комиссияның құрамына дәрігерлер мен пациенттер қауымдастықтарының және өзге де ҮЕҰ өкілдерін міндетті түрде енгізу арқылы жүзеге асырылады.
ӘлМСҚ жарғысында сондай-ақ, Қоғамдық кеңес құру арқылы бақылауды қамтамасыз ету тетігі қарастырылады, ол сол сияқты ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен диалогтік алаң болады.
 
27.Медициналық қызметкерлер МӘлМС енгізуден нені алады?
Денсаулық сақтау қызметкерлері МӘлМС енгізуден мынадай пайда мен артықшылықтар алады:
•еңбек нәтижесі бойынша ақы төлеу;
•ынталандыру пакеті, оның ішінде материалдық ынталандыру, әлеуметтік пакет, сыйақылар, бонустар;
•жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру мүмкіндігі:
•медициналық техниканы жаңарту;
•жұмыс процестерін оңтайландыру және еңбек шартын жақсарту;
•жұмыс орнында оқыту;
•кәсіптік мобильділік;
28.МӘлМС енгізуге байланысты ерікті медициналық сақтандыру қалай жұмыс істейді?
Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) сақтандырылған адамның  МӘлМС жүйесімен көзделмеген медициналық күтімге  жұмсалатын шығындарын толықтай немесе ішінара жабуға мүмкіндік береді.
ЕМС полисі жеке тұлғаларға немесе ірі компаниялардың қызметкерлеріне олар өздері таңдаған клиникаларда тексеруден өтуге және сақтандыру компаниясының есебінен (сервистік қызметтер, күту парақтарының болмауы, МӘлМС-ға енбейтін қызметер – стоматология және т.б.) қызмет алуға  мүмкіндік береді. ЕМС рәсімдей отырып, азамат ерікті сақтандыру полисіне енгізілген қызметтер көлемін өзі таңдайтын болады.
 
29.МӘлМС енгізумен медициналық көмектің сапасы артады ма?
МӘлМС енгізумен медициналық қызметтер сапасы даусыз жақсарады. Бұл үшін іс-шаралардың мынадай кешені жүзеге асырылуда: 
-Сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылды; Сапаны басқару саласындағы функцияларды қайта бөлу, оның ішінде ҮЕҰ-дың қатысуын кеңейту; 
-Қор тарапынан көрсетілген қызметтерге сараптама жүргізу функциясын күшейту; 
-медициналық қызметтерді берушілер арасында одан әрі бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оның сапаны арттыруға себеп болары сөзсіз; 
-сапа индикаторларын Қор мен  медициналық қызметтерді берушілердің арасындағы шарттарға қосу және оларды қаржыландыру деңгейлерімен үйлесімдеу және т.б.
 
30.МӘлМС енгізу кадрлық мәселені шешуге көмектеседі ме?
МӘлМС енгізуді басқа реформаларды іске асыру кешенінде қарастыру қажет, оның ішінде, бұл медициналық ЖОО арқылы білікті кадрларды даярлау және практикалық медициналық жұмыскерлердің біліктілігін арттыру. 
Министрлік және өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, оның ішінде медициналық персоналды қамтамасыз ету, барлық халыққа білікті медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық құралдармен жабдықтау.
Медициналық ұйымдар, әлеуетті жеткізушілер ретінде, белгіленген талаптарға сәйкес МӘлМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсету бойынша конкурсқа қатысу үшін өз ұйымдарының дайындығы бойынша барлық шараларды қарастыруға тиіс. 
 
31.Жаңа тарифтік саясат өзін-өзі өтеушілік және медициналық ұйымдарды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасайды ма?  
Ия, өйткені амортизациялық құрамдас бөлікті тарифтерге кезең бойынша қосу жоспарлануда. 
 
32.Біздің ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдар жаңа жүйенің енгізілуіне дайын ба?
МӘлМС енгізумен ауылдық медицина деңгейінде түбегейлі өзгерістер күтілмейді. Құрылымдық өзгерістер шеңберінде барлық ауылдық медициналық ұйымдар, ӘлМСҚ үшін медициналық қызметтерді жеткізуші болып табылатын бір заңды тұлғаны ұсынады. Ауылдық медицинаның амбулаториялық-емханалық бөлімі белгіленген КТС негізінде, стационарлық – КШТ қолдану арқылы қаржыландырылады.
 
33.МӘлМС жүйесіне өту кезінде стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі қалай қаржыландырылады? 
Ауруларды қабылдау бөлмесінің қызметтері, пациенттің келу уақытына және оның денсаулығы күйіне байланысты екі дәреже бойынша төленеді. Біріншісі, ауруларды қабылдау бөлмесінде көрсетілген қызметтерді сағат 3-ке дейін, екіншісі – 24 сағатқа дейін орналасуға төлеуді көздейді. 
 
34.Айтыңызшы, медициналық ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қаржыландыру сақталады ма және қандай бағыттар бойынша?
ЖАО деңгейінде қоғамдық денсаулық және МӘлМС жүйесіне кірмейтін кейбір басқа да медициналық ұйымдарды қаржыландыру сақталады.
 
35.Құралдарды сатып алу мен күрделі жөндеуге шығыстар қалайша өтеледі?
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытуға арналған бағдарламасына сәйкес медициналық қызметтердің тарифтерге негізгі қаражатын жаңартуға шығыстарды кезең бойынша қосу жоспарлануда.
 
36.Елімізде барлық халықтың бірыңғай деректер базасы бар ма?
Ия бар. Бұл мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы. Сондай-ақ Бекітілген халық тізімі бар. Жоғарыда атап өтілген базалардағы деректердің негізінде МӘлМС жүйесі кезінде Сақтандырылған адамдар реестрі қалыптасады.
 
37.МӘлМС енгізу кезінде жеке медицинаны дамыту мүмкін бе?
2016 жылға республикалық бюджет қаражатынан 246 жеке меншік нысанды медициналық ұйымдарымен шарт жасалған. МӘлМС енгізумен, бәсекелестік ортаны дамытуды ескере отырып, медициналық қызметтерді көрсетуге жеке медициналық ұйымның басым бөлігі қатысады деп болжаймыз.
 
38.МӘлМС-тың қандай халықаралық тәжірибесі бар?
Аралас сақтандыру моделін әлемнің 30 елі таңдады (Германия, Франция, Жапония, Корея, Шығыс Еуропа елдері). 
Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы міндетті медициналық сақтандыруға жарналар есебінен өтеледі,  Францияда – 75%, Эстонияда – 72%, Германияда - 66% және т.б.
Жұмыс берушілердің МӘлМС-ке жарналар мөлшерлемесі Германияда 7,3%-ды, жұмыскерлер – 8,2%-ды құрайды, Словакияда, сәйкесінше, 10% және 4%, Литвада 3% және 6%.
МӘлМС енгізу Қазақстанға денсаулық сақтау шығыстарын 2017 жылы 28%-ға, 2018 жылы 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға өтеуге мүмкіндік береді.    
 
 
39.Қазіргі кезде көптеген мемлекеттік медициналық ұйымдар белсенді түрде бизнеспен айналысуда: медициналық қызметтердің басым бөлігі, әсіресе стационарлар ақшалай көрсетіледі. Бұл қызметтер ТМККК тізбесіне кірсе де, бақылау жоқ, халық төлеп жатыр, мемлекет керісінше ақшалай табыстарды мемлекеттік кәсіпорындарға ынталандырады. МӘлМС енгізу кезінде жағдай қалай өзгереді? 
ТМККК және МӘлМС шеңберіндегі қызметтер қазір де, МӘлМС енгізумен де ақылы негізде көрсетілмеуі тиіс. Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз етіледі. Алайда сұраныс ұсынысты туындатады. Азаматтар нақты медициналық сақтандыруға жарналар төлеумен МӘлМС жүйесіндегі медициналық қызметтер спектрі мен көлемінің бір мезгілде артатынын көргенде, ақылы қызметтерді тұтыну азаяды. «МӘлМС туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне оның ішінде  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық көмек,  амбулаториялық-емханалық көмек кіретінің еске саламыз. 
Медициналық көмек түрлерін қайта бөлу МӘлМС шеңберінде экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекеттің жарна мөлшерлерін кезең бойынша арттыруды ескере отырып, ТМККК-дан ӘлМС-қа жүзеге асырылады.
 
40.Ертең  барлық медициналық ұйымдар ӘлМСҚ-пен келісімшарт жасай алады ма? 
 
Бұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Мысалы, егер бір қалада кардиология бөлімшесі бар үш аурахана жұмыс істесе, онда Қор, біріншіден, қызметтерді сатып алудың минималды стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін, және екіншіден, ең сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсететін, заманауи құрылғылары, жоғары санатты мамандары бар және пациенттерге үздік жағдай жасайтын медициналық ұйымды таңдайға құқылы. 
Осылайша, Қор осы өңірдегі медициналық көмек түрлеріндегі нақты сұраныстарға байланысты денсаулық сақтау объектілерінің желісін оңтайландыруды және шығындарды азайту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың ішінде шеберлік-жоспарларды оңтайландыруды ынталандырады. 
 
41.Белгілі тұрғын орны жоқ адамдар (БТЖА) қандай медициналық көмекке сене алады? 
Егер бұл санаттың адамдары медициналық көмекке жүгінсе, онда олардың тарапынан Медициналық сақтандыру қорына аударымдары жоқ болса, олар ТМККК шеңберіндегі медициналық көмекті алуға құқықтары бар. 
2020 жылға дейін нәтижесіз жұмыспен қамтылған халық үшін бұл пакетке амбулаторлық-емханалық және амбулаторлық-дәрілік көмек кіретін болады. 
 
42.ММК-ке және ЖММК-ке баға белгілеу қаншалықты өзгереді? 
ММК мен ЖММК тарифтері, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығын топтардың негізінде жетілдірілетін болады.
 
43.аудандарға жүгінетін болса, Бекітілген халықтың тізімі (бұдан әрі – БХТ) рөл атқарады ма?
Пациенттерді ағымдағы бекіту және босату ережелеріне сәйкес, пациенттер бекітілу орнын жылына екі рет ауыстыра алады. Егер пациент басқа өңірлерге жүгінсе, бірақ басқа өңірде бекітілген болса, онда оған тек шұғыл көмек қана көрсетіледі.
 
44.ММ меншік нысаны бар медициналық ұйымдар қалай қаржыландырылады және шаруашылық жүргізу құқығына (ШЖҚ) ауысу қажеттілігі бар ма? 
Денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу МӘлМС жүйесінде қор арқылы мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады: табыстың теңгерімділігі, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі, адал бәсекелестік, медициналық қызметтерді көрсетудің сапасы мен тиімділігі. Сонымен қатар,  медициналық ұйымдардың ШЖҚ-ға ауысуы медициналық ұйымдарда басқару мен менеджменттің жаңа корпоративтік тәсілдерін енгізуді ынталандыруға көмектеседі (дербестікті дамыту).
 
45.Егер жергілікті пациенттер өз қалауы бойынша Алматы қаласының медициналық ұйымдарын таңдаса, онда аудандық ауруханалармен не болады? 
МӘлМС жүйесі кезінде қолданыстағы медициналық ұйымдарды ерікті таңдау тетігі және «ақша пациенттің артынан жүреді» принципі сақталады. Бұл жағдайда, Алматы қаласында көмек көрсетілетін пациенттер үшін Қор, көмек көрсеткен медициналық ұйымға төлем жүргізеді. Сондай-ақ, ұсынылатын қызметтер көлемінің өзгерістеріне байланысты шарттың құнын көбейту немесе азайту тетігі қарастырылған. Аудандық ауруханалар тек осы мекемеде медициналық көмек алған сақтандырылғандарға ғана төлем алады.
 
 
46.Медициналық жабдықтарды қалай және кім сатып алады және бөледі?
МӘлМС енгізумен тарифтер қайта қаралады. Құрамына, негізгі қордың жаңаруына жұмсалатын шығыстар, яғни амортизациялық салымдар кезең бойынша енгізіледі.  Медициналық техниканы сатып алу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, медициналық ұйым 5 млн. теңгеге дейін қажетті