ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

2015 жылдың 19 қарашасында Дүниежүзілік созылмалы

обструктивтік өкпе ауруымен күрес күнін өткізу тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарының шеңберінде СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде2015 жылдың 19 қарашасында Дүниежүзілік созылмалы обструктивтік өкпе ауруымен (бұдан әрі - СОӨА) күрес күнін өткізу жоспарлануда. 

Созылмалы обструктивтік өкпе ауруы — өкпеден шығатын ауа ағымы қозғалысының тұрақты бұзылуын сипаттайтын өкпе ауруы. Толық диагноз қойылмайтын, дұрыс демалуға кедергі келтіретін, өмірге қауіп төндіретін және толық жазылмайтын өкпе ауруы.

Басты дәлелдер:

- СОӨА — бұл жай ғана «шылымқордың жөтелі» емес, өмірге қауіп төндіретін, дұрыс демалуға кедергі келтіретін өкпе ауруы.

-  2012 жылы СОӨА-дан 3 миллионнан аса адам қаза тауып, осы жылы әлемде орын алған барлық өлім-жітім оқиғасының шамамен 6%-ын құрады.

-  СОӨА-дан болатын 90%-дан аса өлім-жітім табыс деңгейі төмен және орта елдерде орын алады.

-   СОӨА-ның дамуының басты себептері темекі түтіні (темекіні тұтынудың және қайталап темекі түтінін жұтудың нәтижесі) болып табылады.

-  қазір ауру табыс деңгейі жоғары елдерде әйелдер арасында темекіні тұтынудың өсуіне байланысты әйелдер мен ерлерді бірдей зақымдап отыр.

-  СОӨА емделмейді, бірақ ем қабылдау аурудың дамуын бәсеңдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2014 жылы созылмалы және дәлелденбеген бронхит, эмфиземамен аурушаңдылық 100 000 адамға шаққанда 359,0-ті құрады. 

СОӨА-ның ең көп таралған белгілері алқыну (немесе демнің жетіспеушілігін сезіну), патологиялық қақырық (тыныс алу жолдарындағы сілекей мен сілемейдің қосындысы) және созылмалы жөтел болып табылады. Ауру біртіндеп дамыса баспалдақпен шығу немесе шабаданды көтеру секілді күнделікті дене белсенділігін айтарлықтай қиындатуы мүмкін.

Аурудың дамуын болдырмау үшін темекі шегуді тоқтату керек. Бұрын СОӨА ер адамдардың арасында көп таралған, бірақ табыс деңгейі жоғары елдерде әйелдер арасында темекіні тұтынудың өсуімен және табыс деңгейі төмен елдерде мекеме ішінде (тағамды әзірлеу және жылыту үшін от жағудың нәтижесінде) ауаның ластануының әсерінен қауіптің артуына байланысты қазір ауру әйелдер мен ер адамдар арасында теңдей таралуда.

СОӨА-ның дамуының басты себебі (темекі түтінін қайталап жұту немесе пассивті темекі шегуді қоса алғанда) темекінің түтіні болып табылады. Басқа да қауіп-қатер факторлары кіреді, олар:

- мекеме ішінде (мысалы, тағамды әзірлеу және жылыту үшін от жағудың нәтижесінде) ауаның ластану;

-  атмосфералық ауаның ластану;

- жұмыс орындарында шаңның және химиялық заттектердің болуы (тітіркендіретін заттектер мен түтіннің шығуы);

- балалық шақта инфекциямен төменгі тыныс алу жолдарының жиі ауыруы.

СОӨЕ-мен күрес саласында ДДҰ мен барлық халықаралық қауымдастық стратегиясы жалпы қауіп-қатер факторларының, әсіресе шылымқорлықтың әсерін төмендетуге, сондай-ақ түрлі денсаулық сақтау салаларының деңгейінде медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы СОӨЕ-мен ауыратын адамдарға медициналық көмекті күшейтуге бағытталған.

СОӨЕ-нің басты профилактикалық шаралары салауатты өмір салтын ұстану болып табылады, олар: шылымқорлықтан бас тарту; кәсіби залалдар болған жағдайда еңбекті сақтау талаптарын ұстану; жеткілікті мөлшерде таза ауада болу және үйлесімді тамақтану; дене белсенділігі (үнемі жаттығу жасау, тыныс алу гимнастикасы және уқалау шаралары); аурудың асқынуының және бронхтық-өкпе инфекциясының алдын алу.          

Болжалды нәтижелер.

СОӨЕ-нің алғашқы белгілері, дер кезінде емделудің тиімділігі, профилактикалық шаралар, соның ішінде шлымқорлықтан бас тарту, үйлесімді тамақтануды ұстану және дене белсенділігі туралы халықтың ақпараттылығын арттыру.