ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Ж. Қизатов атындағы 23 мектеп-лицейде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балаларға зорлық-зомбылықтың түрлері және оның алдын алу жолдары туралы ақпараттар берілді. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами қасиеттерін сақтауға және жақсы тұлға болып қалыптасуларына кеңестер айтылды.

Ж.Қизатов атындағы 23 мектеп-лицейінде Тәуелсіздік күніне орай «Мектеп парламенті» жұмыс жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушылары арасында Спорт және салауатты өмір салты фракциясының ұйымдастыруымен «Көңілді старт» сайысы өткізілді.

  • І ОРЫНДЫ 7 А СЫНЫБЫ
  • ІІ ОРЫНДЫ 8 Д СЫНЫБЫ
  • ІІІ ОРЫНДЫ 8 В СЫНЫПТАРЫ ИЕЛЕНДІ.

ОРЫНДЫ 11 А СЫНЫПТАРЫ ИЕЛЕНДІ.

https://www.facebook.com/100040908383650/videos/3406836649641831/

 

Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 20 қаңтарында «Инновациялық идея- жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі» тақырыбында облыстық семинар болды.Облыстық білім басқармасы, Оқу-әдістемелік орталығы, педагогикалық шеберлік орталығы, Қызылорда қалалық білім бөлімі, қала мектептерінің басшылары мен аудан, қала мектептерінің оқу орынбасарлары қатысқан семинар жоғары деңгейде өтті. Семинар «Робототехника ғажайыптары» көрмесі Қ.Әміртаева,А.Әбдкереева; « Макеттер шеруі» көрмесі Н.Каренеева, Г.Нагашыбаева; «Әлем —балалар көзімен» К.Адылова, Т.Шакизада, Пак Ирина Бон-Иевна, Б.Аманкелдиева,М.Мухамбеткалиева және «Ғылым әлемін ашамыз» ғылыми- шығармашылық көрмесі Л. Пркауова, Н. Нурымова, Н.Сәтпаева,.Ә. Ақерке, Г. Пазылова, Г. Ешмұратова, Ж. Әділханова жасаған көрмелермен және мектебіміздің аты берілген Кеңес Одағының батыры Ж. Қизатовқа арналған мұражай таныстырылымымен ашылды.Жауапты:А.Толыбаева.«Ұлттың үні-домбыра» тақырыбындағы мектеп оқушыларынан құралған оркестр қонақтардың көңілінен шықты.Жетекшісі:Н.Шамаханова. Семинардың ашылу салтанатында сөз алған облыстық оқу орталығының әдістемелік кабинет бөлімінің меңгерушісі Смагулова Гульшат Амантаевна бірлескен жұмыстың нәтижелі боларына сенім білдіріп, семинар жұмысына сәттілік тіледі. «Мектеп-театр» жобасы аясында оқушылар орындаған Шарль Перроның«Золушка» ертегісі көрермен көзайымына айналды..Оқушылардың кейіпкер образын сомдауы,өзіне берілген рөлді шеберлікпен орындап шығуы —семинарға қатысушы қонақтарды ертегі әлеміне ендіріп, балалық шағына саяхат жасағандай әсерге бөледі. Жетекшісі:С.Нурманова,А.Алиев.Көркемдеушіі:Н.Темірхан. Сонымен қатар,«Ата-ана әлеуметтік желіге қарсылық көрсетуі керек пе?» тақырыбындағы дебат оқушылардың қоғамдағы күрмеуі шешілмей тұрған проблеманы қозғап, өздерінің тың иделарымен,кесек-кесек сөз саптауларымен,тығырықтан шығар жол іздеген түйінді ойларымен қызу да,тартысты өтті. Жетекшісі: Н. Ботаев, Л. Жунусова, Т. Ақжолов.«Тіл тұлғалығын қалыптастырудағы эссе жазудың маңыздылығы» тақырыбындағы шеберлік сағатты қазақ тілі мен әдебиетінің білікті маманы, нағыз ұстаз Ғ. Әбенов өткізді. Көрермен тарапынан берілген тақырыптар бойынша эссе жазып, сол сәтте оқып берген оқушылар шығармашылығы көптің көңілінен шықты. Ұстаздың жолға қойылған тынымсыз еңбегінің жемісі жарқырай көрінген тұста, оқушыларына мейірлене қараған ұстазға әріптестер зор құрметпен ілтипат білдірді. Мектебіміздің жалындаған жастарын жарқырата көрсетіп, шеберлік сағат ұйымдастырған орыс тілі мұғалімі Г. Менетаеваның жұмысы өте жоғары деңгейде көрініс тапты. Мектебіміздің мақтанышы, ұлағатты ұстаз—республикалық «Үздік педагог—2022» байқауының жеңімпазы А. Қиясова мен ұстаздан тәлім алған А. Менлибаеваның

«Мұғалімдерді авторлық бағдарлама,педагогикалық идея кәсіби байқауларға дайындауда ескеретін критерийлер» тақырыбындағы шеберлік сағаты семинарға қатысушы ұстаздарға шығармашылық шабыт, ойларына қозғау салды. Маңдай термен келген ұстаз еңбегі көпке үлгі болып,зор қошеметке бөленді. Математика пәні мұғалімі Г.Прназарованың шеберлік сағаты жаңашыл идеяларымен қатысушылардың қызығушылығын оятты.«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы Б.Дуйсенбекова ,А.Толыбекова ұйымдастырған шеберлік сағат қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.«Оқуға құштар ұрпақ» жобасы аясында Ж. Қуатова, А.Алтынбаева кітапханашы А. Абдразакованың бірлескен жұмысы оқушыларлың кітап оқуға құштарлығын оятатын әдістерді көрсете білуімен құнды болды..Қоғамдағы өзекті мәселе «Инклюзивті білім беру» мәселесін көтеріп, шеберлік сағат көрсеткен Г. Каниева мен инклюзив мамандарының жұмысы көптің көңілінен шықты. Сондай-ақ, Б.Беккулиева, М. Шералы, А. Ашимованың «Интерактивті инновациялық SMART тәсілдер» тақырыбындағы шеберлік сағаты, информатика мұғалімдері . Д.Ақжігіт пен А.Әлібектің « SMART ұстаз» шеберлік сағаты да қатысушы ұстаздар тарапынан жоғары бағаланды. «Ұлттық спорт-ұлт құндылығы» тақырыбындағы дене шынықтыру пәні мұғалімдері:Г.Мендыбаева, А.Сыздыков, Е.Алматов, В.Белгибаев т.б.ұстаздардың бірлескен шеберлік сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушыларымыздың ұлттық ойындарға деген қызығушылығы көңілге қуаныш сыйлады. Семинарды қорытындылаған мектеп-лицей директоры Б. Дуйсенбаев семинар қатысушыларына өз алғысын, ризашылығын білдірді.Семинар соңы марапатқа ұласып, жақсы әсер, керемет көңіл-күймен аяқталды. Ұстаздардың ойына ой салатын, шығармашылығын шыңдайтын, ізденіске бастайтын, мектептегі жолға қойылған жұмысты одан әрі жандандыруға түрткі болатын осындай керемет жұмыстар, тәжірибе алмасулар, семинарлар одан әрі жалғасын табады.

“Құттықтаймыз”

Ж.Қизатов атындағы 23 мектеп-лицей командасы 7-8 сынып қыз балалар арасында өткізілген “Ұлттық мектеп лигасы” баскетболдан “Алтын доп” қалалық іріктеу жарысында жүлделі І орынды иеленді. Облыстық кезеңіне жолдама алды!!!!

Команда жетекшісі 23 мектеп лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі - Сыздықов Азамат Сәбитұлы дайындаған спортшыларымыздың талай жарыста белесті бағындыратынына сенеміз. Оқу мен спортты қатар алып жүрген болашақ буынға сәттілік тілейміз.

17 ақпанда Ж.Қизатов атындағы № 23 мектеп –лицейінде мектеп педагог-психологтары У.Нұрғали, А.Үркітбайқызының ұйымдастыруымен «Сиқырлы әлем» психология апталығы аясында мектеп педагог-ассистентерге "Менің бақытты сәттерім" тренингі өткізілді.

Ж.Қизатов атындағы мектеп -лицейдің "Парасат"дебат клубының мүшелері арасында Бейімбет Майлиннің" Шұғаның белгісі" шығармасы бойынша пікірталас болып өтті.Пікірталастың мақсаты- "Шұғаның белгісі" шығармасының ұлттық құндылығын негізге ала отырып,қазіргі өмірмен байланыстыра терең талдау.Пікірталасқа қатысқан 9"в" және 9"г" сынып оқушылары өз ойларын еркін әрі ашық ортаға сала отырып,жаңа пікірдің ашылуына жол салды.Оқушылар аудиторияға ой тастай отырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ұйымдастырушылар:Байдалиева А, Козыбаева А.

Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейде достықтың, сыйластықтың шынайы мерекесі «Алғыс күні» мерекесіне арналған іс –шара жоспарына сәйкес «Алғыс жүректен шығады» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында әсем ән айтылып, көңілді ойындар ұйымдастырылды.

Мектеп-лицей директоры Б.Дуйсенбаев «Алғыс хатымен» арнайы сыйлықтармен еңбегі ерекше болып жүрген кіші қызметкерлер марапатталды.

Ж.Қизатов атындағы 23 мектеп-лицейде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне “Аяулы, асыл жандар” атты салтанатты жиын өткізілді.

Мектеп-лицей директоры Б.Дуйсенбаев әйелдер қауымын құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік жиында әсем ән мен мың бұралған бимен өрнектелді!!!

Ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 — наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер! Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбіршілік пен тыныштық тілейміз!

Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп - лицейінде 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік концерттік іс шара өткізілді. Мерекелік іс- шараны мектеп-лицей директоры Б.Дуйсенбаев ашып, жылы лебізін білдіріп, ұстаздарды диплом, алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік бағдарламада мектеп ұстаздары, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.

СҮЙІНШІ!!!

Қоржынымызда жүлделі 1- орын

«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ- ЖОҚ» «БӘРІҢДЕ ЖАРЫСҚА»

Бүгін Евразия спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол - ЖОҚ» «Бәріңде жарысқа» ұранымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы облыстық жарыстың ашылу салтанаты өтті.

Эстафеталық жарысқа Қызылорда қаласы мен облыстарынан құралған 5 команда қатысты. Қазалы ауданы №266 мектеп-лицей, Қармақшы ауданы №183 орта мектеп, Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицей, Сырдария ауданы №137орта мектеп және Қызылорда қаласы №23мектеп-лицей.

Салтанатты шараны облыстық мәдениет және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Сихымов ашып, биыл дәстүрлі түрде 28-рет өткізіліп отырған жарыстың мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.

22 жыл қатарынан жүлделі l орынды тұрақты жеңіп алып жүрген Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей командасы бұл жолы да жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі 1-орын иеленді. Бабы мен бағы сай келген мектебіміздің командасына Алғысымыз шексіз! Жеңіс туын желбіретіп, абырой биігінен көріне беріңіздер!

Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейде 12 сәуір күні республика бойынша алғаш рет шахмат ойыны челленджі өткізілді.

#23mektep

#bilimkzo

#bilimqzo

#шахматчеллендж

#шахмат

«ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ-2023» МАРАПАТТАУ РӘСІМІ БОЛЫП ӨТТІ.

 

Жүйріктің желмен жарысқан,

Дүбірін білген алыстан.

Құлагерлері қазақтың,

Ауыздығымен алысқан.

Зерденің құлын-тайлары,

Жүлдемен келген жарыстан.

Үмітін ақтап ұстаздың,

Абыройын асырған!

 

Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейде 2023 жылдың 23 мамырында дәстүрлі түрде өтетін 2022-2023 оқу жылында білім көкжиегін бағындырған талантты да дарынды шәкірттерімізді, жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиада, ғылыми жоба, өнер, спорттан шашасына шаң жұқтырмаған жеңімпаздарымызды және шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарымызды марапаттауға арналған «Жұлдыздар шеруі» өтті. Салтанатты шараны мектеп-лицей директоры Б.Дуйсенбаев ашып, ұстаздарға, оқушыларға жылы лебіз, ыстық ықыласын арнады.

Үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек нәтижесінде ұстаздар арасындағы республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» кәсіби байқауына қатысушы 5,5 мың педагогтің арасынан іріктелініп алынып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» атағын және Қазақстан Республикасының «Үздік мұғалімі» төсбелгісін жеңіп алған биология пәні мұғалімі Киясова Айгүл Райымбекқызы бастаған кәсіби байқаудан жүлделі орындар иеленген ұстаздар қауымы көш бастап, марапатталды. Сондай-ақ, жалпы пәндер бойынша олимпиада,ғылыми жоба, түрлі байқаулар мен өнер,спорт саласында жеңіске жеткен 100 жүлдегер оқушыларымыз бен пән мұғалімдері №23 мектеп-лицейі кәсіподақ ұйымы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жыл қорытындысы нәтижесінде кәсіби байқау, ғылыми жоба, олимпиадада қол жеткізген жетістіктері және қалалық, облыстық семинарларда шеберлік сағат, авторлық бағдарлама, пед идеяға байланысты тәжірибелерін ортаға салып, жыл бойына жүйелі жұмыстарымен көзге түскен «Үздік бірлестік - 2023» номинациясымен химия- биология бірлестігі марапатталды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН БАСКЕТБОЛДАН «АЛТЫН ДОП» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІН ДАЯРЛАҒАН СЫЗДЫКОВ АЗАМАТ САБИТОВИЧ; «Бәрің де жарысқа» ұранымен өткізілген Ы.Алтынсарин жүлдесіне арналған қалалық, облыстық Көңілді старт ойындарының жеңімпаздарын даярлаған ұстаздары мен команда мүшелері де сахна төрінен орын алып,қошеметке бөленді.

Мектеп-лицейіміздің абыройын асқақтатып, намысын қорғаған барлық шәкірттеріміз бен ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! Мектебіміздің абыройын асқақтатып, жеңіс туын желбірететін білімді шәкірттеріміз көбейе берсін!

Міне, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітіруші түлектер мен оқу жылын аяқтаған балалар үшін «Соңғы қоңырау» соғылды.

Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей директоры Б.Дуйсенбаев 1 маусым-Халықаралық Балаларды қорғау» күнінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты шараны ашып, түлектерді,

ұстаздар мен ата- аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып, түлектерге алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, жоғары деңгейден көріне берулеріне тілектес екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл күн оқушыларға ғана емес, олардың ата –аналарына, сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке екендігін атап өтті.Мектебімізден түлеп ұшқалы тұрған 105 түлекті құттықтауға ардагер ұстаздар,ата-аналар келіп, жаңа өмірге басқан алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Тарих қойнауына енгелі тұрған бүгінгі қуанышты сәт —әр шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталады. Сәт сапар, жас түлек!

"Сәт сапар,жас түлек-2023!"

Бүгін мектеп түлектері үшін тарихи күн. Бұл оқушы өміріндегі ең ерекше сәт. Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде 11 сынып түлектеріне орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынды ашып беру үшін мектеп-лицей директоры Б.Дуйсенбаев пен қалалық білім бөлімінің бас маманы С.Күнқожаев салтанатты жиынға қатысып, түлектерге ақ жол тіледі.

2022-2023 оқу жылында 105 түлек мектебімізден білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қанат қақты. 16 мектеп бітіруші түлек жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты мен "Алтын белгі" төс белгісін және 8 мектеп бітіруші түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат иеленді.

11 жыл бойы мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиенің таразыға түскен сәтінде жоғары көрсеткішке жетіп, сенімді ақтаған түлектеріміз бен сол түлектердің бойына білім нәрін сепкен ұстаздар қауымына қандай құрмет, қошемет көрсетілсе де артық емес.

Сәт сапар, жас түлек!!! Болашақтарың жарқын, жолдарың ақ болсын!