ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

03.09.2021-ғы № 11691 шығыс хаты

06.09.2021-ғы № 6686 кіріс хаты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР

АГЕНТТІГІ

ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА

БЮРОСЫ

                  

АГЕНТСТВО ПО

СТРАТЕГИЧЕСКОМУ ПЛАНИРОВАНИЮ И РЕФОРМАМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

БЮРО НАЦИОНАЛЬНОЙ СТАТИСТИКИ

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,

Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Министрліктер үйі, 4-кіреберіс

тел.: 8 (7172) 74 90 16, факс: 74 94 94

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

010000, город Нур-Султан,

проспект Мәңгілік Ел, 8

Дом Министерств, 4 подъезд

тел.: 8 (7172) 74 90 16, факс: 74 94 94

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

_____________№________________

_______________________________

 

Орталық мемлекеттік және

жергілікті атқарушы органдары

(тізім бойынша)

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) келесіні хабарлайды.

Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы халқының үшінші ұлттық санағын (бұдан әрі – халық санағы) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін, оның ішінде 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында «www.sanaq.gov.kz» сайтында интернет желісі арқылы онлайн режимде және
2021 жылдың 1 қазаны мен 30 қазан аралығында планшеттерде жаппай сауал салуды өткізу туралы шешімі қабылданды.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары (олардың құрылымдық және ведомстволық бағынысты ұйымдары) қызметкерлерінің халық санағынан өтуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ оның ел үшін маңыздылығын ескере отырып, Бюро «www.sanaq.gov.kz» сайтында санақтан өз бетінше өту мен өзіне және өз отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыру туралы ақпаратты әр қызметкердің (әлеуметтік демалыстағы қызметкерлерді қоса алғанда) назарына жеткізуді сұрайды.

Халық санағын өткізу кезінде «1446» бірыңғай нөмірі бойынша Call-орталық тәулік бойы режимінде жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Бюро мемлекеттік статистика органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын деректердің құпиялылығы қамтамасыз етілетіндігін хабарлайды.

 

Басшы                                                                                        Н. Айдапкелов

 

Орынд.: Е. Нұрымов

Тел.: 74-92-83