ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған «Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы»

Ұлттық бағдарламасы  (5 қарашадан 5 желтоқсан аралығы)

Өз статусыңды біл!» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған «Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы»Ұлттық бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті–АИТВ/ЖИТС-тіңалдын алу туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыру және денсаулықты сақтау тәртібін қалыптастыру болып табылады.

Жасөспірімдер жасы – бұл осалдықтың жоғары уақыты. ДДҰ анықтамасы бойынша, АИТВ жұқпасын жұқтырып алу қаупіне жасөспірімдердің осалдығы – ол қауіпсіз мінез-құлық үлгісін таңдаудың жоқтығы, АИТВ жұқтыру қаупіне әкеледі.

Жасөспірімдердің осалдығын арттыруға  ықпал ететін жағдайлар:

·психоактивтік заттарға (ары қарай – ПАЗ)  тәуелділік;

·жыныстық қатынасқатарту (жасөспірімді жыныстық қатынасқа мәжбүрлейдінемесемүшеқапсыз жыныстық қатынасқа қосымша ақы төлейді);

·гендерлік теңсіздік, гендерліктаптаурындардың таралуы(қыз бала жыныстық қатынасқа бастамашы бола алмайды – мүшеқапты қолдануды талап етуге және ұсынуға; еркектік мінез-құлыққа қатысты таралған: «батыл болу керек және барлығын жасапкөруден қорықпау керек», «еркектің жыныстық серіктері көпболуы керек» және т.б.таптаурындарға сәйкес жас жігіттердің осалдығы);

·Осал жасөспірімдердің стигматизациясыжәнекемсітішілігіоларға медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті көрсетуді қиындатады және т.б.

Осалдықдеңгейін төмендететін және тұрақтандыратын негізгі қорғау факторлары:

·ата-аналармен өзара сенімділік қатынас;

·қолайлымектеп ортасы, ұстаздар жағынан жасөспірімдерге назар аудару;

·жақсы дамыған өмірлік дағдылар;

·адекватты өзін-өзі бағалау, өзіне сенімділік, эмоционалды тұрақтылық;

·жақсы дамыған өмірлік дағдылар – қарым-қатынасқа түсе білу, келісе алу, қақтығыстарды шешу, өзінің сенімдеріне тұра білу, «жоқ» деп айту, ересектер мен құрдастары жағынанқысымға ілікпеу;

·қоғамдық өмірге белсенді қатысу;

·сапалы медико-әлеуметтік қызметтер мен психологиялық көмек пен қолдаудың қолжетімділігі.

АИТВ жұқпасы деген не?

АИТВ инфекциясы – бұл адамның иммундық тапшылығы вирусымен (АИТВ) шақырылатын ауру. Иммундық тапшылық – ағзаныңәртүрлі жұқпаларға қарсы тұра алмайтын жағдайы. АИТВадамның иммундық жүйесін зақымдайды, уақыт өте келе оны АИТВ көбеюіне қарсы тұра алмайтын мүмкіндігінен айырып қана қоймай, басқа да аурулар мен инфекцияларға (мысалы туберкулезге, зең ауруларына, тіпті ЖРВИ) қарсы тұра алмайды.Нәтижесінде иммундық жүйенің жұмысы әлсірейді, иммундық тапшылық синдромы дамиды.

ЖИТС-жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, бұл – АИТВ инфекциясын дамуының терминалдық сатысы.Көптеген жағдайда ол жұқтыру сәтінен бастап ұзақ уақыт өткен соң дамиды және өте тез арықтап кету, ұзақ дене қызуының көтерілуі(қызу және қалтыраумен ілесетін аурулық жағдай), іш өту, иммундық жүйенің терең ауырлануымен бірге жүреді, соның аясындақатерлі ісіктер және көптеген жұқпалы аурулар дамиды.

АИТВ берілуінің негізгі жолдары:

·қорғалмаған (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас;

·шприцтерді, инелерді және басқа егу құралдарын бірлесіп немесе қайта қолдану, пирсинг және татуиовкаға арналған зарарсызданбаған құрал-жабдықтарды қолдану, қырыну құралдарын, қан қалдықтары бар тіс шөткесін қолдану;

·жүктілік кезінде, босану және емшекемізу кезінде оң нәтижелі АИТВ анадан балаға берілуі.

АИТВ қалай берілмейді?       

·қол алысқанда;

·жөтелгенгенде, түшкіргенде;

·бассейнге барғанда;

·жәндіктердің шағуы кезінде;

·достық сүйіскенде;

·ыдыстар, киімдер, іш киімдер арқылы;

·үй жануарларымен жанасу кезінде;

·тағам өнімдері арқылы.

  «Қауіп сызығы» зияткерлік ойынын жүргізу.

Оқытушы/медициналық қызметкер:

Бүгін, біз Сіздермен біргеАИТВ-инфекциясы, жұқтыру жолдары және АИТВ қалай берілетіндігі туралы талқыладық. Қазір, біз алынған ақпаратты АИТВ-инфекциясымен жұқтыру қаупін өздік бағалау жолымен бекітеміз.

Ойын барысы:

·Еденде сызық сызылады – ҚАУІП сызығы. Оның бір ұшында  «Жоғары қауіп» сөзі жазылған карта орналасады, ал басқасында – «Қауіп жоқ»; «Аздаған қауіп» картасы сызықтың ортасына жақын орналасады.

·Әрбір қатысушыға АИТВ жұқтырған адаммен жанасу жағдайы бар карта беріледі: бетінен сүю, ЖИТС-пен ауратын науқасқа күтім; емдеу мекемесінде егу; масаның шағуы; ауызбен жыныстыққатынас; көптеген жыныстық қатынастар; некедегі жыныстық өмір; құлақты тесу; қан құю; ЖИТС науқасымен бір бөлмеде тіршілік ету; бөгденің тіс шөткесін қолдану; татуировканы денеге салу; бассейндердежүзу; ЖИТС науқасымен құшақтасу; есірткі қолданушымен жыныстық қатынас; қоғамдық дәретхананы қолдану; терең сүйісу; төсектік бүргенің шағуы.

·Әрбір қатысушы кезек бойынша карточкасындағы жазбаны оқып, оны өзпікірінше, карточкада жазбамен сипатталған АИТВ жұқтыру қаупінің неғұрлым дәл көрсететін қауіпсызығы учаскесіне қояды. Қателер талқыланады. Дұрыс «Қауіп сызығы»  құрылады.

·Аяқталу барысындажасөспірімдердің назарын АИТВ/ЖИТС алдын алу туралы білімін және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға аудара отырып тұжырым шығарамыз.

Республикалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының деректері бойынша 31.12.2017 жылы АИТВ-мен өмір сүретін адам саны 20841 адамды құрайды. 2017 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасында АИТВ жұқтырған 3023 адам тіркелді, оның ішінде ҚР азаматтары – 2856 (100 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 16,2), шетел азаматтар – 152, құпия тексерілген адамдар  – 15 адам. 2017 жылдың 12 айында тіркелген АИТВ-жұқпасының үлес салмағы 30-39 жасаралық тобына 39,5% келеді. Жаңа жағдайларды анықтау құрылымындағы 20-29 жас аралығындағы топтың үлесі – 23,1%, 40-49 жас – 22,5%. Берілудің негізгі жолы – жыныстық қатынас болып табылады, оның үлесіне 66,7% келеді. Жыныстық гетеросексуалдық жолмен берілу – 62%, гомосексуалдық – 4,7% құрайды. Есірткіні қолданған кезде парентеральды берілу жолы – 29,2%, артифициалды жолмен (медициналық емес манипуляциялар) АИТВ-жұқпасы жағдайлары анықтау құрылымында 0,1%, вертикальді берілу жолы – 1,1%, белгіленбеген жол – 2,8 құрады.