ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

«Менің жүрегім, сенің жүрегің» ұранымен  Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған «Бір әлем, бір үй,

бір жүрек» Ұлттық бағдарламасы (19 - 28 қыркүйек аралығында)

Нысаналы топ – ҚР тұрғындары

- 3-6 жасқа дейінгі балалар

- 7-10 жасқа дейінгі балалар 

- 11-14 жасқа дейігі балалар және жасөспірімдер

- 15-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- 18-29 жасқа дейінгі жастар

- 30-64 жасқа дейінгі ересек тұрғындар

- 64 жастан жоғары ересек тұрғындар

Мақсаты және міндеті

Мақсаты–аурулардың пайда болу қаупін азайту мақсатында зиянды өнімдер мен темекі өнімдерін пайдаланудан аулақ жүріп, салауатты өмір салты қағидаларын ұстана отырып, жүрек-қантамырлары ауруларының алдын алудың маңыздылығы туралы тұрғындарды ақпараттандыру.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың әлемдік аренадағы маңызды мәселесі,әсіресе, Қазақстан үшін жүрек-қан тамырлары ауруларымен күрес болып қала бермек. Жүрек-қан тамырлары аурулары (бұдан әрі - ЖҚТА) жыл сайын 17 миллионнан астам адамның өмірін алып кетеді. Көптеген өлім-жітім 70 жасқа толғанға дейін,отбасыларына қаржылық және эмоциялық әсерін тигізе отырып, ең өнімді жылдардағы адамдардың ертерек өлімімен аяқталады.

Қазақстан Республикасында ЖҚТА өлімінің біртіндеп төмендеуі байқалады, өйткені 2017 жылы қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімсаны 100 мың адамға есептегенде 174,8 құрады, ал 2016 жылы ол 178,9 құрады. Атап айтқанда, 2017 жылы жүректің ишемиялық ауруы себебінен бұл көрсеткіш 63,5 құраса, ал 2016 жылы ол көрсеткіш 100 мың адамға есептегенде 65,9 құрады. Алайда, инсульт себебінен өлім көрсеткіші2017 жылы 100 мың адамған есептегенде 65,7 құраса, 2016 жыл көрсеткішіне қарағанда жоғары (64,6).

Республика бойынша қан айналым жүйесінің ауруларын анықтауда скринингтік тексерумен 2018 жылдың 1 жартыжылдығында тексеруге жататын (1 553 688) ересек тұрғындардың 43,4%құраған 674 774 адам қамтылды (2017 жылдың осындай кезеңінде 56,7%). Қазақстан Республикасы ауыл тұрғындары арасында 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 309 306адам (48,6%)скринингтік тексеруден өтті. Қазақстан Республикасы бойынша жүрек-қантамыр ауруларын анықтауда жастық топтар тұрғысынан 40жастан 70 жас аралығында – 674 774 адам тексерілді, ең көп тексерілген 40 жастан – 61 590 адам, ең аз тексерілген  61 жастан – 445 адам.

ЖҚТА пайда болуына төмен физикалық беленділік, зиянды тағамды пайдалану, темекі шегу және ішімдікке салыну сияқты басты қауіп факторлары алып келеді.

30-64 жасқа дейінгі нысаналы топ

1)ЖҚТА-ның адамдардың өмір сүру сапасына әсеріжәне оның салауатты өмір салтын ұстану арқылы теріс салдарының алдын алу сұрақтары бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу.

Ақпараттық материал:

ЖҚТАсияқты бақыланатын ауруларға, яғни қарапайым ережелерді сақтау арқылы алдын алуға болатын аурулар тобына жатады

Төменде Сіздің және Сіздің отбасыңыздың өмір салтына, болашағына оң нәтиже беретін  ұсыныстар көрсетілген.

A.Отбасыңыздың ЖҚТА қаупін біліңіз

a)қан қысымын, қанның глюкоза және холестерин деңгейін, дене салмағының индексін (ДСИ) және жалпы салмақты анықтайтын, жүрек-тамыр ауруларының пайда болу ықтималдығын SCORE әдісімен бағалауға мүмкіндік бередтін мамандарға барыңыз.

b)осы ақпаратты алғаннан кейін, медицина мамандарымен кеңесу және мінез-құлықтың қауіп-қатер факторларын алдын-алу мектебіне барыпөзіңіздің денсаулығыңыз бен отбасыңыздың денсаулығына қатысты ағымдағы жағдайды жақсарту бойынша жоспар құрыңыз.

B.Жүрек ұстамасы және инсульт симптомдарын мен белгілерін есте сақтаңыз

a.Жүрек және тыныс алу манипуляцияларының шамамен 70%-ы отбасы мүшелері үйде болғанда және жәбірленушіге көмектесуі мүмкін.

b)Дәрігеріңізбенжақындарыңызға ұстама кезінде көмектесе алатындай, жергілікті жүрек-өкпе реанимациясы курстары бойынша сөйлесіңіз.

c)Егер сіз отбасы мүшелерінің біреуінің ұстамасына куә болсаңыз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

C.Темекі шегі және ішімдік ішуден бас тартыңыз

a)Жұмыстан шылым шегуге тыйым салуды талап етіңіз және жұмыс берушіден жаман әдеттен арылуға шешім қабылдаған адамдарға көмектесуін сұраңыз.

b)Сіздің әріптестеріңіз тыйым салумен келісетініне көз жеткізіңіз.

c)Балалардың ойын алаңдарында, мектепте, ауруханада немесе жұмыс орнында шылым шегудің куәсі болсаңызөкілетті орындарға хабарлаңыз.

d)алкоголь ішімдіктердің, оның ішінде сыра ішуді шектеу және/немесе бас тарту.

D.Жұмысты үзбей  спортпен шұғылданыңыз

a)Велосипедті пайдаланыңыз немесе қоғамдық көлікті пайдалана отырып, бірнеше аялдамаданертерек түсіп, жаяу жүріңіз.

b)Лифтті баспалдаққа айырбастаңыз және әріптестеріңізді сізге қосылуға шақырыңыз.

c)Әріптестеріңізді GroundMiles қосымшасын қолдана отырып,күні бойы жүрген қадамдардың санын есептеуге әріптестеріңізді ынталандырыңыз. Бұдан басқа, RunKeeper, RunTastic секілді смартфондарға арналған, әсіресе жүгіру кезінде қашықтықты бақылауға арналған қосымшалар бар.  

d)Телефонмен сөйлескенде немесе жұмыс орнында отырғанда жиірек тұрыңыз.

E.Тамақтануыңыздықадағалаңыз

a)Адамдарды салауатты, құнарлы тағамды дайындауға шақырыңыз.

b)Тұз, қант, майдың жоғары деңгейін қамтитын тағамдарды қабылдау данбас тартыңыз.

c)Тамаққа көкөністерді, жемістерді, бұршақтарды жеткілікті мөлшерде қосыңыз.

d) Майсыз етге артықшылық беріңіз, балықты жеткілікті мөлшерде пйдаланыңыз

F.Күйзелісті ескеріңіз

a)Күйзеліс (стресс) жүрек-қантамырлары ауруы үшін тікелей қауіп факторы болмасада, жүрек ауруларының қауіп факторлары болып табылатын шылымшегу, шамадантыс алкогольді тұтыну және дұрыс емес тамақтануға алып келеді.

b)Офистің сыртында ашықауада және шағын жаттығулар мен тамақтаныңыз.

c)Тұрақтыдемалыңыз - күнібойы 5 минуттансозылыңызнемесе жаттығулар жасаңыз.

G.Белсенді болыңыз!

a.Апта ішінде кішкентай жаттығулардан бастап 1-1,30 сағатқа дейін уақытты ұйғайта отырып, дене белсенділігімен айналысуды бастауға ешқашан кеш емес.

b)Қандай да бір жаттығуға кіріспес бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.

c)Егер физикалық тұрғыдан толықтай қабілетсіз болсаңыз да, белсенді болуға тырысыңыз.

H. Жаттығулардың оңтайлы түрлерін есте сақтаңыз

a)Жылдам жүгіру, жаяу жүру, жүзу, велосипедпен жүру - аэробты жаттығулар, әсіресе жүрекжұмысы үшін жақсы әсер етеді.

b)Бұлшық еттер каркасы жұмыс калорияларды жандандыруға көмектеседі - баспалдақтарды қолданыңыз, ас үйде, бақшада уақыт өткізіңіз.

c)Йога, тай-чи икемділікті жақсартуға көмектеседі.

I.       Үйреніңіз:

а) дұрыс өлшенуді;

b) Кетле индексін есептеуді;

в) белді айналдыра өлшеуді;

г) артериальды қысымды өлшеуді;

д) пульсті анықтауды;

е) тыныс алу қозғалысының жиілігін анықтауды.

2) Спорттық орталықтары мен клубтарында ашық ауада спорттық шаралар -ашық  есік күндері,  жаппайспорттық жарыстар

30-64 жастан жоғары нысаналы топ

1) Медициналық мекемелерде аға буынға арналған тегін кеңес беру және денсаулықты тексеру арқылы ашық есік күндерін ұйымдастыру және өткізу.

Өмірлік қажетті белгілерді өлшеумен (жүрек соғу жылдамдығы, қан қысымы, аускультация, температура, жылдам сынау) кеңес беру қамтамасыз етілуі керек. Тегін скрининг, холестерин және қант деңгейін талдау үшін тапсырған қанды тексеру. Екіншілікті алдын алу шараларын күшейту мақсатында диспансерлік науқастармен  жұмыс, өзін-өзі бақылау дағдыларын талқылау және енгізу қажет. Дәрігерлердің кеңесін сақтауға, емдеуге бейімділігін арттыруға, денсаулық сақтау мектептерімен белсенді жұмыс жасау.

2) Жүрек ауруларының қаупін азайтуға көмектесетін іс-шаралар туралы хабардар болу үшін тұрғындарға дебаттар, семинарлар, сұрақ- жауап кештерін ұйымдастыру және өткізу.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, осы жастағы адамдарға келесідей дене белсенділік тәжірибесі ұсынылады:

1. 65 жастан асқан ересек адамдар аптасына орта есеппен 150 минуттан кем емес орташа қарқынды аэробты жаттығуларға немесе аптасына кем дегенде 75 минуттан кем емес жоғары қарқынды аэробты жаттығуларға немесе орташа және жоғары қарқынды физикалық белсенділіктке көңіл бөлуі тиіс.

2. Әр aэробик жаттығу кем дегенде 10 минутқа созылуы керек.

3. Денсаулыққа қосымша жаттығуларын алу үшін ересек адамдар аэробты жаттығуларының жүктемелерін  аптасын орташа қарқынды 300 минутка дейін, жоғары қарқында аптасына 150 минутқа дейін немесе ұқса орташа және жоғары қарқынды жаттығуларды  арттыру қажет

4. Осы жастағы буын мәселері бар ересек адамдар, аптасына 3 немесе одан да көп күн қауіптің алдын алатын  баланстық жаттығуларды орындауы керек.

5. Негізгі бұлшықет топтарына күшейтілген жаттығулар аптасына 2 немесе одан да көп күндерді арнау керек.

6. Егер егде қарт адамдар өздерінің денсаулығына байланысты ұсынылған дене белсенділігінқолданбайтын болса, онда олар денсаулық жағдайына немесе физикалық мүмкіндігіне сәйкесдене белсенділігімен айналысуы  керек.

Жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабеті секілді ерекше ақаулары  егде жастағы адамдарға ұсынылатын дене белсенділігі деңгейіне жетуге тырысар алдында қосымша сақтық шаралары мен медициналық ұсыныстар қажет болуы мүмкін.

Пассивті өмір салтын ұстанған немесе ауруларға байланысты кез-келген шектеулерге ие қарт адамдар, егер олар «пассивтілік» санатынан «белгілі бір деңгейде» белсенділік санатына ауысса, өз денсаулығына пайда көреді. . Қазіргі уақытта дене белсенділігіне қатысты ұстанымдарды қолданбайтын ересек адамдар соңында ұсыныстардың қарқындылын арттыратын, дене белсенділігінің ұзақтығын, жиілігін арттыруға тырысу керек.

Тұтастай алғанда, белсендігі аз ерлер мен әйелдерменсалыстырғанда, қарт адамдардың белсенділігі белсендірек деген дәлелді факттар бар:

•Жүрек-қантамыр, тыныс алу және бұлшықет денсаулығы, тіндер құрамы және дене массасының деңгейі жоғары, жүректің ишемиялық ауруы, жоғары қан қысымы, инсульт, диабеттің 2-ші түрі, тоқ ішек және сүт безі  ісігі, себептерінен өлім көрсеткіші төмен,

•Сүйек денсаулығын нығайту, және диабеттің 2 типін, жүрек-қанттамыр аурулары дамуының алдын алу үшін қолайлы профильді биоматериалдары бар;

•Оларға рөлдік шектеулер, жеңіл және ауыр функционалдық шектеулердің төмендеген қаупі төніп тұр; когнитивті функциясы күшті және құлау қаупі төмен, жоғары функциональдық денсаулық деңгейін көрсетеді.