ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Қазақстан Республикасындағы «Дені сау жанұя – дені сау мемлекет» 

Ұлттық бағдарламасы 10 қыркүйек 2018 жыл

Мемлекеттің өркендеуінің басты факторы болып дені сау жанұя болып табылады. Дені сау жанұя деген не? Дені сау жанұя – қалыпты психологиялық климат, рухани мәдениет, нығаюға әрекеттері жанұя болып табылады. Жанұя – пайдалы әдеттер сақталатын және зиянды әрекеттер бас тартатын негізгі буын болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, репродуктивті денсаулық дегеніміз толықтай физикалық, ой және әлеуметтік жағынан қалыпты болу болып табылады.

Күн тәртібін және жеке гигиенаны сақтау. Толық бағалы демалыс керек, түнгі ұйқының ұзақтығы 8-9 сағаттан аз болмау керек. Жеке бас гигиенасы дағдыларына дер кезінде үйрету керек, өз заттарын қолдана отырып: жуыну, тіс тазалау, тағам алдында қол жуу, ұйықтар алдында ванна немесе душ қабылдау.

 Толық құнды теңдестірілген тамақтану. Тез тамақтану, көптеген «фаст-фудтар» жиі, өсіп келе жатқан бала ағзасын қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын толық құнды тамақтануды алмастырады. Ата-аналар таңғы астан бастап күн тәртібін сақтау, жанұя ортасында тамақтану, зиянды тағамды, «фаст-фудты», газдалған сусындарды қолданудан бас тарту, жеткілікті мөлшерде су ішу, жеміс пен көкөністерді жеу тәртібін үлгі ретінде көрсету керек.

 Қозғалыс белсенділігі. Аурулардың дамуына әсер ететін гиподинамия көптеген балаларға, әсіресе, қыздарға тән. Егер ұлдардың көбісі спорттық ойындарды қаласа, таза ауада ойнаса, қыздар бос уақытын қөп жағдайда пассивті өткізеді. Қыздар би, гимнастика, атлетика, жүзу секцияларына барғандары дұрыс, себебі орташа дене белсенділігі тыныс алу инфекцияларының алдын-алуына көмектеседі, дене мүсінін, бұлшық етті қалыптастырады. 

Киім. Киім сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, механикалық зақымдалулардан, кірленуден сақтайды. Гигиеналық көзқарас бойынша, киім арнайы микроклиматтың қалыптасуына көмектеседі, жеңіл және  ыңғайлы болу керек. Киім таңдаған кезде, матаның жылу сақтау, ауа өткізу, гигроскопиялық және басқа қасиеттеріне назар аудару керек. Аяқ-киім жеңіл, жақсы ауа өткізетін болу керек. Оның жылы сақтағыш және су өткізбеу қасиеттері ауа-райы жағдайларына сай болу керек.

Ұлдарда тар, ыңғайсыз, өте жылы киім олардың жыныс мүшелеріне әсер етеді, жыныс түтікшелерінің қалыптасуының бұзылуына әкеледі. Ал қыздардың ағзасы жылуды қажет етеді. Сондықтан қысқа курткалар мен шалбарлар сән үлгісі, әсіресе, дала суық болған кезде, қыздарға жарамайды. Куртка сан буынын жауып тұру керек, шалбар немесе белдемше астына жылы іш киім кию керек.

Зиянды әрекеттерден бас тарту. Ерте балалық шақтан бастап салауатты өмір салты дәстүрін және зиянды әрекеттерден бас тарту: баланың көзінше темекі тартпау және ішімдік ішпеу және бүкіл жанұясымен салауатты өмір салтын ұстану. 

Иммунизация и медициналық қарау. Аурулардың алдын-алуында мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінде профилактикалық қараулар, медициналық қызметкерлердің, мұғалімдердің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.  

Жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес дер кезіндегі вацинация қажет.

Мысалы, паротит жұқпалы ауруы жыныс сферасының ауруларын (орхит) тудыруы мүмкін, ол кейін бедеулікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл аурудың алдын-алу үшін корь, қызылша, паротитке қарсы ассоциирленген вакцина бар.

Қорытынды жасай отырып, айта кету керек, денсаулық сақтау тәлімі балалық шақтан бастап баулиды, оның негізгі дағдыларын жанұядан алады. Сондықтан ата-ананың өзі үлгі болып жеке бас гигиенасын, дене белсенділігін сақтау, дұрыс тамақтануға үйрету, соның арқасында, өз денсаулығына, оның ішінде психикалық және репродутивті, жауапты болуды қалыптастырамыз.

Күн тәртібін және жеке гигиенаны сақтау. Толық бағалы демалыс керек, түнгі ұйқының ұзақтығы 8-9 сағаттан аз болмау керек. Жеке бас гигиенасы дағдыларына дер кезінде үйрету керек, өз заттарын қолдана отырып: жуыну, тіс тазалау, тағам алдында қол жуу, ұйықтар алдында ванна немесе душ қабылдау.

 Толық құнды теңдестірілген тамақтану. Тез тамақтану, көптеген «фаст-фудтар» жиі, өсіп келе жатқан бала ағзасын қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын толық құнды тамақтануды алмастырады. Ата-аналар таңғы астан бастап күн тәртібін сақтау, жанұя ортасында тамақтану, зиянды тағамды, «фаст-фудты», газдалған сусындарды қолданудан бас тарту, жеткілікті мөлшерде су ішу, жеміс пен көкөністерді жеу тәртібін үлгі ретінде көрсету керек.

 Қозғалыс белсенділігі. Аурулардың дамуына әсер ететін гиподинамия көптеген балаларға, әсіресе, қыздарға тән. Егер ұлдардың көбісі спорттық ойындарды қаласа, таза ауада ойнаса, қыздар бос уақытын қөп жағдайда пассивті өткізеді. Қыздар би, гимнастика, атлетика, жүзу секцияларына барғандары дұрыс, себебі орташа дене белсенділігі тыныс алу инфекцияларының алдын-алуына көмектеседі, дене мүсінін, бұлшық етті қалыптастырады. 

Киім. Киім сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, механикалық зақымдалулардан, кірленуден сақтайды. Гигиеналық көзқарас бойынша, киім арнайы микроклиматтың қалыптасуына көмектеседі, жеңіл және  ыңғайлы болу керек. Киім таңдаған кезде, матаның жылу сақтау, ауа өткізу, гигроскопиялық және басқа қасиеттеріне назар аудару керек. Аяқ-киім жеңіл, жақсы ауа өткізетін болу керек. Оның жылы сақтағыш және су өткізбеу қасиеттері ауа-райы жағдайларына сай болу керек.

Ұлдарда тар, ыңғайсыз, өте жылы киім олардың жыныс мүшелеріне әсер етеді, жыныс түтікшелерінің қалыптасуының бұзылуына әкеледі. Ал қыздардың ағзасы жылуды қажет етеді. Сондықтан қысқа курткалар мен шалбарлар сән үлгісі, әсіресе, дала суық болған кезде, қыздарға жарамайды. Куртка сан буынын жауып тұру керек, шалбар немесе белдемше астына жылы іш киім кию керек.

Зиянды әрекеттерден бас тарту. Ерте балалық шақтан бастап салауатты өмір салты дәстүрін және зиянды әрекеттерден бас тарту: баланың көзінше темекі тартпау және ішімдік ішпеу және бүкіл жанұясымен салауатты өмір салтын ұстану. 

Иммунизация и медициналық қарау. Аурулардың алдын-алуында мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінде профилактикалық қараулар, медициналық қызметкерлердің, мұғалімдердің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.  

Жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес дер кезіндегі вацинация қажет.

Мысалы, паротит жұқпалы ауруы жыныс сферасының ауруларын (орхит) тудыруы мүмкін, ол кейін бедеулікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл аурудың алдын-алу үшін корь, қызылша, паротитке қарсы ассоциирленген вакцина бар.

Қорытынды жасай отырып, айта кету керек, денсаулық сақтау тәлімі балалық шақтан бастап баулиды, оның негізгі дағдыларын жанұядан алады. Сондықтан ата-ананың өзі үлгі болып жеке бас гигиенасын, дене белсенділігін сақтау, дұрыс тамақтануға үйрету, соның арқасында, өз денсаулығына, оның ішінде психикалық және репродутивті, жауапты болуды қалыптастырамыз.

Ер адам мен әйел адам арасындағы әлеуметтік қарым-қатынасты белгілеу үшін «гендер» ағылшын сөзі қолданылады.

Гендер (ағылшын тілінен gender, лат. gens – тегі) – "әлеуметтік жыныс» деген мағынны білдіреді, яғни тұлғаның әлеуметтік статусы және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, биологиялық жыныстық айырмашылықтарына емес, қоғамның әлеуметтік жағдайының ұйымдасуына байланысты.

Балаңың жыныстық ерекшеліктері – оның дамуы мен әлеуметтік тәртібі байланысты болатын маңызды фактор.

Әр индивид өз жынысының өкілі түрінде дамиды. Ұл немесе қыз болып дүниеге келгенде, бала әлеуметтену процесінде әйел немесе ер үлгілеріне сәйкестендіреді, тұлға қасиеттерінің қалыптасуына әкелетін қағида, ереже, тәртіп үлгілерін алады. Осылай бала гендерлік ерекшеліктерін қалыптастырады.

Жасөспірімдер денсаулығына инвестиция жасау 3 еселеп қайтарылады және денсаулыққа оң әсерін береді.

·                   Қазіргі жасөспірімдерге: тәлімнің позитивті формаларын насихаттау бойынша жұмыстар (мысалы, ұйқының қалыпты тәртібі, спорт пен театр сияқты қауіп-қатердің конструктивті формалары) және аурулардың профилактикасы, ерте диагностикасы және емі (мыалы, психоактивті заттарды қолданудан пайда болатын, психикалық зақымдалулардан болатын өзгерістер, жарақаттанулар, жынысты жолмен берілетін жұқпалы аурулар) қазірдің өзінде жасөспірімдердің денсаулық деңгейін көтереді.

 • Ертеңгі ересек адамдарға: салауатты өмір салтының негізін қалауға көмектесу үшін және ересек кезінде науқастану, мүгедектіктік, ерте өлім деңгейін төмендету үшін жасөспірм кезінде дұрыс тәлімнің қалыптасуына әсер ету керек (мысалы, тамақтану, дене белсенділігі сұрақтары, жыныстық өмір сүрген кезде презервативтерді қолдану) және мүмкіндігінше зиянды әрекеттер, тәлім формалары мен шарттардың әсер етуін төмендету (мысалы, ауаның ластануы, семіздік, ішімдік пен темекі қолдану).

• Келесі ұрпаққа: келесі ұрпақтың денсаулығын қазіргі жасөспірімдердің эмоционалды денсаулықты және тәртіптің дұрыс формаларын нығайту арқылы күшейтуге болады (мысалы, конфликттерді шешу дағдыларына үйрету, дер кезінде вакцинациялау және дұрыс тамақтану) және қауіп факторлаардың әсер етуін болдырмау (қола және сынап, тұлғааралық озбырлық, әйел гениталияларына зақым келтіру, психоактивті заттарды қолдану, ерте жүктілік немесе жиі жүкті болу).

Репродуктивті денсаулықты қорғау балалық шақтан басталады, сондықтан әрбір жасөспірім  және оның ата-аналары жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын, қоғамның келешек потенциалының, қауіп факторларын алдын-алып қалай сақтау және нығайтуды білу керек.

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығына зиянды әрекеттердің әсері.

Темекі тарту және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы. Қауіпсіз темекі болмайды. Темекі тарту, әсіресе, жасөспірім кезінде бастау, темекі тәуелділігінің тез дамуына, бедеулікке, әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеледі.

Ішімдік және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы. Қауіпсіз темекі болмайды. Соңғы уақытта жасөспірімдердің арасында әртүрлі «жеңіл» ішімдіктердің қолданулары жиілеп барады. «Алкогольсіз» сыраның өзінде 0,5 % алкоголь бар. Оның құрамына әртүрлі ауруларды тудыратын әртүрлі қоспалар, жасөспірімдердің репродуктивті қызметіне негативті әсерін тигізетін эстрогентәріздес заттар — әйел жыныс гормондарының аналогы, бар.

Психоактивті заттарды қолданған кезде жыныстық қызметтің төмендеуі болады, ол бедеулікке немесе көптеген аурулары бар ұрпаққа алып келуі мүмкін.

.        Ойынқұмарлық немесе компьютер алдында көп отыру. Жасөспірімнің компьютер алдында 4-5 сағаттан көп отыруы көру қызметі, мүсін бұзылуына әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, көп уақыт бойы ноутбукті дұрыс емес қолдану (санда локализациялау) жыныс бездеріне әсерін тигізеді.

Дұрыс емес тамақтану, оның ішінде калориясы жоғары тағам.  Төмен физикалық белсенділік пен жоғары калориялы диета жоғары дене массасының жиналуына және семіздікке алып келеді, ол тестостеронның төмендеуіне және бедеулік пен импотенцияға алып келеді. Майлы тағамды қолдану (әсіресе, жануар майлары бар) тамырларда атеросклероздық процестерді белсендіреді, ол бүкіл ағзада қанайналымды, соның ішінде жыныс жүйесінің, төмендетеді. Көптеген тағам түрлерінің құрамына кіретін бояғыштар мен консерванттар, ағзаға көп мөлшерде түскен кезде, токсикалық әсерін көрсетеді және гормон балансын нашарлатады.  

Сынып жетекшісі: Әртүрлі факторлар денсаулыққа әсер етеді, науқастануға әрекет етеді және адамның өмір ұзақтығын азайтады. Салауатты өмір салтының кестесін толтырыңыз. Кестені толтыру үшін мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Әр жұмбақ – денсаулық факторы.

1.Еңбек пен демалысты күнтізбесін сақтау

2. Физикалық төзімділікті, ауруларға тұрақтылықты үнемі жаттықтыру (шынығу)

3. Тазалық пен денсаулықты сақтау (гигиена)

4. Тамақтану тәртібі, құрамы және мөлшері (дұрыс тамақтану).

5. Өзін күшті және мықты сезінуге арналған қозғалыстар (дене белсенділігі)       

Балалар, бүгін біз зиянды әрекеттер біздің денсаулыққа зиянды әсер етеді және әртүрлі ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін. Олар тек сендерге емес, айналадағы адамдарға әсерін тигізеді.

Сонымен қатар біз денсаулық құпияларын аштық, оларды сақтаған кезде сендердің дендерің сау, өздерің белсенді және табысты боласыңдар, ағзаларың әртүрлі негативті факторларға төтеп бере алады.

Репродуктивті денсаулық – аурулардың болмауы ғана емес, репродуктивті жүйе, оның қызметтерінің физикалық, саналық, әлеуметтік салаларды қамтитын аман-саулық.

Қалыпты репродуктивті жүйе дені сау балалардың тууын қамтамасыз етеді. Басқа сөзбен айтқанда, болашақта сау балалардың ата-анасы болуға мүмкіндік береді.

Жыныстық жолмен берілетін аураулар туралы деректер (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы):

1)                Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар (әрі қарай – ЖЖЖА) жыныстық жолмен адамнан адамға беріледі. Кейбір жұқпалы аурулар жүктілік және босану кезінде анадан балаға беріледі. Жұқпалы аурулар қан арқылы және ұлпаларды ауыстырып орналастыру кезінде де беріледі. ЖЖЖА тудыратын аурулардың қатарына мерез, соз ауруы, АИТВ және басқалар жатады.

2)                ЖЖЖА симптомсыз өтеді, әсіресе әйелдерде. Жұқпалы ауруды диагностикалағанда және оған күдіктенгенде асқынулар пайда болмас үшін шапшаң түрде нәтижелі ем қабыдау керек.

3)                ЖЖЖА көбінесе әйелдер мен жасөспірім қыздарда кездеседі. Әр жыл сайын жыныстық қатынас кезінде 20 жасөспірім қыздар жұқтырады. ЖЖЖА туралы білімді жоғарлату және жасөспірімдер арасында болдырмау санитарлы ағарту мен жыныстық денсаулықты сақтаудың бөлімі болу керек.

4)                ЖЖЖА жатыр түтігінің зақымдалуын тудырады, ол бедеулікке әкеп соқтырады. 10%-40% хламидия инфекциялары бар әйелдер жамбас мүшелерінің симптоматикалық қабыну аурулары дамиды. 30-40% жағдайда әйел бедеулігінің себебі болып жұқпалы аурулардан кейінгі жатыр түтігінің зақымдалуы болып табылады.

5)                Жүкті әйелдерде емделмеген ерте мешел ауруы әр 4-ші өлу туудың және 14% жағдайда жаңа туған нәрестенің өлім себептері болуы мүмкін.

6)                Жыныс жолымен берілетін жұқпалы аурулардың ең қауіптісі адам папилломовирусы болып табылады. Жатыр мойнының қатерлі ісіктерінің көбісін осы вирус тудырады. Жатыр мойнының қатерлі ісігі әйелдер арасындағы ісіктердің ең жиі кездесетін түрі болып табылады – әр жыл сайын 500 000 жаңа аурулар анықталады және 250 000 өлім себебі болады.

7)                Дұрыс қолданған кезде презервативтер ЖЖЖА-дан қорғайтын ең нәтижелі әдісі болып табылады.

Репродуктивті денсаулық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) анықтағандай, - өмірдің барлық кезеңдерінде физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік көңіл-күйдің репродуктивтік жүйеге қатысты барлық мәселелері бойынша сау жағдайы.

Репродуктивтік денсаулық адам қанағаттанарлық және қауіпсіз жыныстық өмір жүргізуге, бала тууға және қандай жағдайларда, қайда және қаншалықты жиі екенін таңдауға ерікті және қабілетті деп есептейді. Репродуктивті денсаулықты сақтау репродуктивті денсаулық проблемаларының алдын алу мен шешу арқылы амандығына ықпал ететін әдістер, технологиялар мен қызметтер жиынтығы ретінде анықталады.

Контрацепция әдістері және спермицидтер: мүшеқаптар (ерлер мен әйелдерге арналған), диафрагма, жатыр мойнының контрацептивті қалпағы, спермицидті көбік, спермицидтік суппозиторий.

Гормондық контрацепция: ауыз арқылы қабылданатын таблеткалар; инъекциялық, инъекция арқылы қабылданатын; және импланттар - тері астына имплантацияланатын.

Жатырішілік спиральдар (ЖІС): спиральдарды құрамында металл бар және гормондар бар спиральдар деп бөледі. Жатырішілік спиральдар босанбаған әйелдерге және ауыртып келетін етеккірі бар әйелдерге ұсынылмайды.

Дөңгелек үстелді әйел және ер адамдар үшін репродуктивті денсаулықты сақтау маңыздылығын айту арқылы қорытындылау.

Отбасын жоспарлау мектептерінде жас жұптар мен ерлі-зайыптыларға денсаулық туралы ақпараттық инфографиканы тарату және бейнероликтерді көрсету арқылы репродуктивті денсаулықты сақтау маңыздылығы, отбасын жоспарлау мен контрацепция әдістері, дені сау бала туу туралы сабақтар жүргізу.

Отбасын жоспарлау – жеке адамдарға және жұптарға репродуктивтік нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін іс-шаралар: жоспарланбаған жүктілікті болдырмау, қалаулы балаларды туу, жүктіліктер арасындағы үзілісті реттеу, ата-анасының жасына және басқа да факторларға байланысты баланың туу мерзімін бақылау, отбасындағы балалардың санын анықтау. Бұл тұжырымдама осы мақсаттарға жету жолдары, саналы таңдауды қамтамасыз ету, контрацепцияның қауіпсіз және тиімді әдістерінің толық ауқымын пайдалану мүмкіндігі туралы ақпаратты қамтиды. Емізудің тек балаларға ғана емес, сонымен қатар аналар үшін де пайдалы екенін айту маңызды. Бұл балаларды интервалмен тууға мүмкіндік береді, аналық жыныс бездері мен сүт бездерінің қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады, отбасылық және ұлттық ресурстарды арттырады, тамақтандырудың сенімді және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілі болып табылады.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар дегеніміз не және олар қалай беріледі?

Жыныстық қатынас кезінде 30 астам бактериялар, вирустар мен паразиттер таралатыны мәлім. Ең көп берілетіндері мерез, гонорея, хламидиоз, трихомониаз, гепатит B, герпес қарапайым вирусы (HSV немесе герпес), АИТВ және адам папилломавирусы (HPV). Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) көбінесе жыныстық қатынас арқылы беріледі. ЖЖБИ тудыратын микроорганизмдер қан өнімдерін құю және тін трансплантациясы арқылы да таралуы мүмкін. Көп ЖЖБИ, оның ішінде хламидиоз, гонорея және негізінен гепатит В, АИТВ және мерез жүктілік және босану кезінде анадан балаға берілуі мүмкін.

Адамда аурудың анық белгілерінсіз ЖЖБИ болуы мүмкін. ЖЖБИ жалпы белгілері: вагинальды бөлінулер, ерлерде уретрадан бөлінулердің болуы, жыныстық жаралар және іштің ауыруы.

ЖЖБИ ауыр зардаптары

Герпес және мерез АИТВ қаупін үш немесе одан да көп есе арттырады.

ЖЖБИ-ның анадан балаға берілуі өлі тууға, жаңа туылған нәрестенің қайтыс болуына, дене салмағының аз болып туылуына, шала тууға, сепсиске, пневмонияға, неонаталдық конъюнктивитке және туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін. HPV инфекциясы жыл сайын 528 000 жатыр мойнының обырына және 266 000 жатыр мойны обырынан өлімге әкеледі.

гонорея және хламидиоз - кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларының, қолайсыз жүктілік және бедеуліктің себептері.

Тиісті және тұрақты пайдаланған жағдайда, мүшеқаптар ЖЖБИ-дан, оның ішінде АИТВ-нан қорғанудың ең тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Ер адамдардың репродуктивті денсаулығына әртүрлі факторлардың әсері.

Күйзеліс. Ұйқықанбаушылық, созылмалы шаршаңдық, күйзелістер, невроздар және басқа да психиканы жарақаттайтын жағдайлар  ішкі ағзалардың ауруларына негіз болады, спермагенездің белсенділігін азайтады және эректильді қызметтің бұзылуын тудырады.

Зиянды әдеттер. Алкоголь, шылым тұтыну, наша тұтыну (тіпті «жеңіл») – бедеусіздікке апарар тура жол.

Алкогольді ұзақ уақыт тұтыну, тіпті көп емес мөлшерде, «еркектіктің» барлық көріністеріне жауап беретін, соның ішінде, сперманың ұрықтандыруға және жыныс потенциясына жауап беретін гормон – тестостеронның бөлінуін төмендетеді. Айта кететіні, еркектер үшін ең зиянды алкогольді сусын сыра болып табылады. Сырадағы алкогольдің улы әсері құлмақ түйіні бай әйел жыныс гормондарының аналогының (фитоэстрогендер) қызметімен күшейеді.

Наша,никотин және шылым смоласы еркектер ағзасы үшін мүлдем улы, олар спермогенезді нашарлатады, сперматозоидтардың құрылымын бұзады, олардың ұрықтануға қабілетін шектейді, потенцияны төмендетеді. Ұзақ уақыт шылым шегу және наша заттарын қабылдау ер адамның жыныс жүйесінде қайтымсыз өзгерістерге алып келеді.

Кәсіби зияндар. Бедеуліктің жоғары жиілігі және беделсіздік жоғары температурада жұмыс істейтін, сонымен қатар, жұмысы иондаушы сәулелендірумен, улы заттармен, ауыр заттарды жиі көтерумен байланысты  еркектер арасында байқалады. Одан басқа, спермогенез қарқындылығы ұялы телефондарды белде және гениталий аймағында үнемі алып жүру кезінде азаяды. 

Дене белсенділігі. Әртүрлі дене белсенділігімен еркектердің спермограмма талдамасы қалыпты дене белсенділігі мен спорт сперматозиодтардың белсенділігі мен қозғалысын жоғарылайтындығын, төмен дене белсенділігі және өте ауыр дене белсенділігі мен спорт сперматозоидтардың қозғалысын төмендететіндігін көрсетті.

Семіздіктің ер адамның репродуктивті қызметіне әсері. Халықаралық диабет федерациясының өлшемдеріне сәйкес, бел өлшемі 94 см-ден асқан әрбір ер адамға семіздік диагнозын қою қажет. 94 см-ден асқанның барлығы – семіздік. 94-102 см – семіздік диагнозы, және ер адам, репродуктивті жүйенің бұзылуын тудыратын, семіздікпен байланысты кез-келген асқынулардың даму қаупі бар аймақта болады.

Дене жарақаттары. Жыныс мүшелерінің (жыныс мүшесі, жұмыртқалар, жыныс безі, шәует шығаратын түтіктер) соққылары, жыртылулары, кесілулері және басқа да механикалық жарақаттар тіндердің бұзылуынан, қанайналымның бұзылуынан, асқыну өзгерістерінің дамуынан және қабысулардың пайда болуы салдарынан потенцияның бұзылуы мен бедеулікке алып келеді.

Жоғары температуралардың әсері. Бу бөлмесінде жиі әрі ұзақ болу, жоғары температуралар жағдайында жұмыс істеу (ыстық цех), инфекциялық аурулар (ангина, пневмония, тұмау) кезінде дене температурасының көтерілу кезеңінің ұзақ болуы және ұқсас экстремалды жағдайлар сперматозиодтардың пайда болу қарқындылығын және олардың сапасын төмендетеді. Осылайша, сауна мен моншадан кейін спермограмма көрсеткіштері (сперманың негізгі сипаттамаларын бағалауға мүмкіндік беретін талдама) 5 аптадан кейін қалыпқа келеді, ауыр инфекциялық аурудан кейін толық көлемде репродуктивті қабілеттілікті қалыпқа келтіру үшін 5 ай уақыт өту керек.

Ұтымсыз тамақтану. Төмен дене белсенділігінің аясында жоғарыкалориялы диета тестостеронның бөлінуін төмендететін және бедеулік пен беделсіздікке алып келетін артық дене салмағының жиналуы мен семіздіктің дамуына ықпал етеді. Майлы тамақты шамадан тыс пайдалану (әсіресе, жануар майларына бай) барлық ағзадағы, соның ішінде, жыныс мүшесі жүйесіндегі қанайналымды бұзып қантамырлардағы атеросклеротикалық процестерді белсендіреді. Көптеген тамақтану азықтарының құрамына кіретін бояғыштар мен консерванттар ағзаға көптеп түскен жағдайда, улы әсер етуге және гормоналды балансты бұзуға қабілетті. Сперма құрамына азақуызды диета мен ағзаға кейбір дәрумендер мен микроэлементтердің жеткіліксіз түсуі маңызды әсер етеді.

Әйелдер репродуктивті денсаулығына әртүрлі факторлардың әсері.

Экстрагениталды аурулар және әйелдердің репродуктивті денсаулығы. Әйелдердің репродуктивті денсаулығы, маңызды мөлшерде, бүгінгі таңда, ең алдымен, экстрагениаталды аурулармен, яғни, репродуктивті жүйенің ауруларымен емес, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, жаңатүзілістер және т.б. жататын басқа аурулармен анықталатын, денсаулықтың жалпы жағдайына байланысты.

Әйелдердің гинекологиялық аурулары және репродуктивті денсаулығы. Әйелдердің репродуктивті денсаулығына қауіп пен жеке мәселе жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларын көрсетеді. Жыныс мүшелерінің қабынуы, жатырдан тыс жүктіліктің пайда болу, бедеулік, етеккірдің бұзылуы, жаңа түзілістердің пайда болуы қаупін жоғарылататын факторлар сияқты репродуктивті денсаулыққа әсер етеді.

Аборт, репродуктивті денсаулық жағдайына әсер ететін фактор ретінде. Әйелдердің аурушаңдық және өлім деңгейін анықтайтын басты факторлардың бірі аборттың көп саны болып табылады. Аборттардың салдары жыныс мүшелерінің қабыну аурулары, жүктілікті толық көтермеу, бедеулік болып табылады.

Зиянды әдеттер. Әйелдің шылым шегуі, жалпы алғанда, ұрықтану процесін қиындататын, ұрықтану мен ұрық жұмыртқасының ену процестерін қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, шылым шегуші ананың жүктілігі, шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда, ана жағынан да, ұрық жағынан да үлкен асқынулармен өтеді.

Алкоголь бедеуліктің себебі болып табылады, себебі, ағзаға енгеннен кейін жұмыртқажасушасын улайды, ол бедеусіздікке немесе баланың ақаулармен туылуына алып келуі мүмкін. Алкогольді шамадан тыс тұтынатын әйелдерде, көбінесе, көптеген түсіктастаулар, мерзімінен бұрын босанулар, дамымайтын жүктілік және әйелге дені сау бала тууға мүмкіндік бермейтін басқа да ақаулар болады. Спиртті сусындарды жиі тұтыну ай сайынғы сексуалды қызметтің бұзылуына, етеккірдің бұзылуына алып келеді, баланы жоспарлау уақытында қиыншылықтар мен басқа да ақаулар туындайды.

Артық салмақ ұрықтану қабілеттілігіне әсер етеді. Артық салмақ әйел жыныс гормондары – эстрогендер деңгейінің артуына алып келеді, ол етеккір циклінің бұзылуына, ұрықтанудың болмауына, жатыр миомасы сияқты, әйел репродуктивті жүйесінің гормонға тәуелді ісіктерінің пайда болуына, эндометрия гиперплазиясына, эндокринді бедеулікке алып келуі мүмкін.  

Жас ұлғайған сайын жеке өмір икемділігіне әсер ететін көптеген аурулардың пайда болуының қаупі өседі. Осыған қарамастан егде жаста сырқаттың болуы адам дені сау емес деп айтуға болмайды. Көптеген егде адамдар бір немесе бірнеше сырқаттың болуына қарамастан жоғары функционалдық қасиетін сақтайды және көп жағдайда қалыпты өмір сүреді.

Салауатты өмір салтын ынталандыру мен зат алмасу қауіп факторларын бақылау арқылы егде жаста сырқат пен өлім деңгейін төмендетуге бағытталған стратегияны жүзеге асыруды ерте жастан бастап, өмір бойы жүогізу керек. Өмір салтыменжәне зат алмасу факторларымен  байланысты қауіп егде жастада әсер етуі мүмкін, бірақ олардың арасындағы байланыс төмендеуі мүмкін . Қауіп факторларының әсерін төмендету стратегиялары, әсіресе, гипертониямен күрес, тамақтануды жақсарту, темекі тартуды тоқтату, егде жаста да өз тиімділігі бар, бірақ нақты деректер шектелген сипатта болады.

Егде жаста салааутты өмір салтының негізгі түрлері, әсіресе, дене белсенділігі мен қалыпты деңгейде тамақтану, жақпалы емес аурулардың қаупін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар, жеке өмірге икемділік қасиетін де жоғарлату мүмкін.

Егде жаста дене белсенділігі, сонымен қатар, көптеген басқа пайдалы әсерлері бар. Оларға физикалық және психикалық қасиеттердің жоғарлауы (мысалы, бұлшықет күшінің және когнитивті қасиеттің сақталуы әсерінен беймазалық пен депрессияның төмендеуі және өзін-өзі бағалаудың жоғарлауы; сырқаттардың алдын-алу және олардыңдаму қаупінің төмендеуі(мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, диабет және инсульт); және әлеуметтік салдарының төмендеуі (мысалы, әлеуметтік өмірге қатысуының жоғарлауы, әлеуметтік қарым-қатынасты қолдау және ұрпақтар арасында үндестіктің нығаюы).

          Кеңес беру шеңберінде егде жаста салауатты өмір салтынұстанудың маңыздылығын түсіндіру:

1)                Дұрыс тамқтану

2)                Дене белсенділігі

3)                Зиянды әрекеттерден бас тарту

4)                Әртүрлі сырқаттарды анықтау үшін дер кезінде алдын-алу қарауларды және скринингтерді жүргізу.

Скринингтік тексеру деген не?

Тұрғындар нысаналы топтарын алдын ала медициналық тексеруді өткізудің (ары қарай – скрингтік тексеру) негізгі мақсаты – ауруларды ерте кезеңдерінде анықтау және аурудың дамуын алдын алу, ауру пайда болуына септігін тигізетін қауіп факторларын анықтау және тұрғындардың денсаулығын нығайту болып табылады.

·  Глаукоманы ерте анықтауға арналған скринингтік тексерулер:

- Нысаналық топқа 64, 66, 68, 70 жасты қоса ер адам мен әйел адамдар болып табылады (диспансерлік есепте тұрмаған);

· Тоқ ішек пен тік ішектің ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтауға арналған скрининг:

- нысаналы топ болып, полипоз, тоқ ішек пен тік ішек обыры бойынша тіркеуде тұрмайтын, соның ішінде, 64, 66, 68, 70 жастағы ер адамдар мен әйелдер болып табылады;