ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

«Денсаулық фестивалі»  ұлттық бағдарламасы 09.09.2018 жыл

Нысаналы топ – ҚР тұрғындары, оның ішінде:

- 3 тен 7 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары

- 7 ден 10 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары

- 11 ден 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер  

- 15 тен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- 18 ден 29 жасқа дейінгі жастар

- 30 дан 64 жасқа дейінгі ересек адамдар

- 64 жастан асқан ересек адамдар

Статистикалық мәліметтер бойынша әлемде 70% өлім созылмалы инфекциялық емес ауруларға байланысты болып келеді – бұл жылына шамамен 40 млн өлім.  Инфекциялық аурулар, біздің елімізде, барлық аурулардың жалпы санының тек 2% құрайды. Әлемнің көптеген елдеріндегідей назарды созылмалы ауруларды емдеуден олардың алдын алуға, қоғамдық денсаулықты сақтауға бағыттау қажет екендігі белгілі.

ДДСҰ денсаулықты – аурулар мен ағза ақаулардың жоқтығы деп қана емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік аман-есендік деп анықтайды.

Физикалық инерттілік (жеткіліксіз дене белсенділігі) маңыздылығы бойынша жаһандық өлімнің төртінші қауіп факторы болып табылады (әлемдегі 6% өлім). Одан басқа, бағалау бойынша, физикалық инерттілік сүт безі мен тоқ ішек обырының (шамамен 21-25% жағдайлар), диабеттің (27 % жағдайлар) және жүрек ишемия ауруының (шамамен 30% жағдайлар) пайда болуының негізгі себебі болып табылады.

Ересек адамдар арасында тиісті деңгейде дене белсенділігімен әрдайым айналысу денсаулыққа келесі әсерін тигізеді:

·        Жоғары қан қысымы, инсульт, диабет, сүт безі мен тоқ ішек обыры, депрессияның даму және құлау қаупін төмендетуге мүмкіндік береді;

·        Сүйектердің қатаюуы мен функционалды денсаулықтың нығаюына себебін тигізеді;

·        энергия шығынының негізгі детерминанты болып табылады, демек, энергетикалық алмасу мен тиісті салмақты ұстап тұруда шешуші рөл атқарады.

ДДСҰ мәліметтері бойынша дене белсенділігінің жетіспеушілігі инсульт, диабет пен обыр сияқты инфекциялық емес ауруладың (ИЕА) маңызды қауіп факторы болып табылады. Көптеген елдерде адамдар дене белсенділігімен әлдеқайда аз айналысуда. Бүкіл әлемде 23% ересектер мен мектепке баратын 81% жасөспірімдер дене белсенділігінің жетіспеушілігін сезінуде.  

Дене белсенділігі деңгейін арттыру жеке адамдардың ғана емес, сонымен қатар, барлық қоғамның мәселесі болып табылады. Сондықтан, оның шешімі үшін мәдениеттің ерекшеліктерін ескеретін және тұрғындардың жеке топтарына бағытталған көпсалалы, көптәртіптік тәсіл қажет. Бүгінгі таңда бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыс жүруде, мысалы, қалаларда веложолдардың салынуы, тұрғын үйлердің аулалары  мен саябақтарда спорттық алаңдардың салынуы. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушы-әдістемелік нұсқаулығымен әрдайымғы жеткілікті қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайтуға әрбір азаматтың бірлескен жауапкершілігін арттыру мақсатында 2018 жылғы 9 қыркүйекте республиканың аймақтарында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 2018 жылғы «Денсаулық фестивалі» өтеді.

Негізгі мақсат қоғамның, көптеген тұрғындардың белсенді өмір салтын жүргізуге назарларын аудару, әртүрлі жас санаттарындағы тұрғындардың денсаулық үшін қимыл белсенділігінің артықшылықтары туралы хабардар болуын арттыру, сонымен қатар, ДДСҰ сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес күнделікті жеткілікті дене белсенділігі дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Өткізу күні мен уақыты: 9 қыркүйек 2018 жыл, сағат 10:00-де (Астана уақыты)

Ұйымдастырушылар:

- Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы;

- Қостанай облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері

- Медициналық алғашқы санитариялық көмек ұйымдары (МАСК);

- Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы;

- Барлық профильдегі медициналық ұйымдар.

2018 жылғы «Денсаулық фестивалі» «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен өтеді:  

дене белсенділігінің – күніне 10000 қадам, 30 минуттан кем емес қалыпты және 20 минут қарқынды дене белсенділігі;

салауатты тамақтандың: күніне 500 г (5 бөлік) аз емес шикі көкөніс пен жемістер, күніне 5 г-нан аз тұз, дәндер, күніне 2 литрден кем емес таза су;

дене салмағы: дене салмағының оңтайлы индексі - 19-25, ер адамдарда бел көлемі 96 см аз немесе тең, әйел адамдарда 88 см аз немесе тең;

шылым шегу: күніне 0 шылым;

жүрек-қан тамыр жүйесінің: артериалды қысым: 140/90 мм с.б.б. аз немесе тең, жалпы холестериннің 5ммоль/л кем немесе тең, қан қантының 5,5 ммоль/л аз немесе тең.

Марафон денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті орындаушы органдардың өкілдерінің, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері, құрметті қонақтардың (депутаттар, ардагерлер, спорт батырлары, әртістер, ақсақалдар, денсаулықты сақтау мен нығайтуға, аймақта салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыруға маңызды үлес қосқан тұлғалар) салтанатты ашылуымен және «Денсаулық жолы» шеңберінде, ауруды болдырмауға және өмір сапасын жақсартуға септігін тигізетін қарапайым ережелерді ұстану арқылы ауруды ерте диагностикалау мүмкіндігін, денсаулықты нығайтуды қамтамасыз ету үшін ел бойынша 11 шілдеде басталып 31 тамызға дейін жалғасқан «Салауатты әдеттер марафоны» нәтижелері бойынша жеңімпаздарды марапаттаудан басталды.

Салтанатты бөлімнен кейін барлық қатысушыларға флешмобқа белсенді қатысу ұсынылады. Жанды музыка мен фитнес-үйретуші/хореограф/нұсқаушы нұсқаулығымен басында ширатуды орындайды, содан кейін, жеңіл орындалатын жаттығулардың көрсетілуіне ере отырып, барлық қатысушылар ауқымды флешмобқа қатысады.

Ары қарай жүргізуші барлығының арасындағы спорттық жарыстың басталуы туралы хабарлайды және қалаушы қатысушыларды сахнаға шақырады. Ойынның басталуына дейін қатысушылардың АҚ, пульс деңгейін өлшейді. Жарыс ақытқа келесі жаттығуларды жасаудан тұрады: (I) қолын созып алдында ағаш ұстап отырып тұру, бір минутта көп рет орындаған қатысушы жеңеді; (II) 30 секунд шеңберді тоқтаусыз белде айналдыру, (III) кеудені жерден көтеру бір минутта кім көп рет орындайды, (IV) бір аяқта 30 секунд тепе-теңдікті ұстап тұру, (V) секіргішпен (скакалка) тоқтамай секіру бір минутта. Жарыс аяқталған соң барлығының АҚ мен пульс деңгейін өлшеу. Спорттық жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаз естелік сыйлықпен, мысалы, спорттық жабдық, фитнес браслет, т.б. марапатталады. 

Сонымен қатар әртүрлі профильдер мамандарын қамтыған денсаулық қаласы, саябағы немесе денсаулық автобусы түріндегі мобильді медициналық бригадалардың жұмысын, «денсаулық сандарын» (қандағы қант, холестерин деңгейі, АҚ деңгейі және т.б.) анықтау үшін  экспресс-диагностика өткізуді, мотивацияны арттыру үшін және әрдайымғы дене белсенділігімен айналысуға, сондай-ақ, дұрыс тамақтану, шылым, алкоголь тұтынудан бас тарту ұстанымын қалыптастыру бойынша келесі жеке кеңес берумен Кетле индексін есептеумен бой, салмақ параметрлерін өлшеуді ұйымдастыру.

Акцияға қатысушылардың максималды санын тарту үшін барлық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, интернет-порталдарда және т.б. хабарландыру бойынша жұмыс жүргізу. «Денсаулық фестивалі» өткізу нәтижесі бойынша денсаулық сандары мен әлеуметтік желілерде орналастыру үшін #денсаулықфестивалі, #денсаулықсандары, #денсаулықәдеттеріфестивалі хэштегтерін көрсету арқылы барлық коммуникация көздері арқылы ақпаратты орналастыру.

«Денсаулық фестивалі» аяқталысымен 7 нысаналы топ үшін ауқымды ақпараттандырумен іс-шараларды ұйымдастыру.