ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

2017 жылдың 13-22 қарашасы аралығында Халықаралық 

темекіден бас тарту күніне орайластырылған онкүндік өткізу

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы,

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 825 бұйрығын,

«Қоғамдық денсаулықты сақтау қызметін (ҚДС) құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының (бұдан әрі - СӨСҚПҰО) ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2017 жылдың 13-22 қарашасы аралығында Дүниежүзілік темекімен күрес күніне орайластырылған (19 қараша 2017 жыл) онкүндік өткізіледі.

 

Темекіні тарту Еуропа өңіріндегі (бұдан әрі - өңір) қоғамдық денсаулық сақтау саласының күрделі мәселесі, өңірдің құрамына шамамен 900 млн халқы бар 53 мемлекет мүше, оның ішінде  252 млн (28%) шуық адам шылымқор болып табылады. Өңірлерде шылым шегудің айтарлықтай таралуының салдарынан темекіні тұтынудың салдарынан болатын өлім-жітім ауыртпалығы жалпы салмақтың айтарлықтай үлесін құрайды. Өлім-жітім себептері өмір сапасына қатты әсер ететін созылмалы аурулар және өмірді жүрек-қантамырлар ауруы, созылмалы бронхит, эмфизема, демікпе мен түрлі онкологиялық аурулар, оның ішінде өкпе обыры шектейді. Темекі шегу қант диабеті, ревматоидтық артрит және катаракта секілді денсаулықтың бұзылуы себепті, сонымен қатар бала көтеруге, жалпы физикалық жағдайға және ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің қызметіне кері әсер етеді.

Жыл сайын темекіні тұтынудың нәтижесінде 7 миллионға жуық адам қаза табады, егер күш жұмылдырылмаса 2030 жылға дейін болжам бойынша бұл көрсеткіш жылына 8 миллион адамнан асады.

Темекі бұйымдарын тұтыну көрсеткіштерін бақылау ретінде СӨСҚПҰО 2014 жылы ересек тұрғындар арасында ғаламдық сауалнама жүргізіп (GATS), оның нәтижесі бойынша ҚР шылымқорлықтың таралуы 22,4% (42,4% еркек пен 4,5% әйелді) құрады; жастар арасындағы ғаламдық сауалнаманың (GYTS) нәтижесі бойынша шылымқорлықтың таралуы 3,2% (3,9% бала мен 2,3% қызды) құрады. Аталған зерттеулер темекіні тұтынудың таралуын жүйелі бақылаудың және темекіні бақылаудың негізгі көрсеткіштерін қадағалаудың халықаралық стандарты болып табылады.

СӨСҚПҰО жүргізген VI Ұлттық әлеуметтік зерттеудің мәліметтері бойынша 2015 жылы республика бойынша темекі шегу, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарының түрлерінің таралуы 18,3% (еркектер – 28,5%, әйелдер – 8,5%) құрағаны анықталды. Темекі түтінінің қайталама әсеріне 63,2% қала және 59,8% ауыл тұрғындары шалдығады.

Темекіге қарсы күрес қоғамда денсаулықты жақсарту мен Тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу (ТДМ) үшін мықты құрал болып табылады. ТДМ 3.4 міндеті  СИЕА-дан, оның ішінде жүрек-қантамырлар, созылмалы респираторлық арулура, онкологиялық аурулар және қант диабетінен алдын алуға болатын өлім-жітімді 2030 жылға дейін үштен бірін азайту.

ТДМ 3.a міндеті ДДҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенцияны (ДДҰ ТҚКНК) іске асыруға шақырады. Конвенцияда баяндалған әрекеттерге адамдарды темекі түтінінің әсерінен қорғау, жарнамалауға, сатуды ынталандыруға және темекіге демеушілікке тыйым салу, кәмелеттік жасқа толмағандардың темекіні сатуына тыйым салу, темекінің қорабына денсаулық үшін зияны туралы ескерту орналастыруға қатысты талаптар, темекіні тұтынуды тоқтатуға ықпал ету, темекіге салықты көтеру және темекіге қарсы күресті үйлестіру бойынша ұлттық тетіктерді құру жатады.

Темекіге қарсы күрес бойынша күшті жұмылдыруға үкімет қана емес, адамдар да темекісіз тұрақты әлемді құруға өздерінің жеке үлестерін қоса алады. Әрбір адам темекі бұйымдарын ешқашан тұтынбауды міндетіне алса болады. Ал темекіні қазір тұтынып жүргендер бұл әдетінен бас тарта немесе олардың денсаулықтарын сақтайтын, пассивті темекі шегуге шалдыққан адамдарды, оның ішінде балалар, отбасының басқа мүшелері мен достарды қорғайтын тиісті көмекке жүгіне алады. Темекіге жұмсалмаған ақшаны, өз кезегінде басқа қажеттіліктерге бағыттауға, оның ішінде дұрыс тамақтану, үшін азық-түліктерді сатып алуденсаулықты сақтау мен білім алуға бағыттай алады.

Онкүндіктің басты мақсаты – барлық халық таптарының назарын денсаулық үшін шылымқорлықпен байланысты қауіп-қатерге аудару және темекі бұйымдарының барлық түрлерін тұтынудың көлемін азайтуға ықпал ету.

Емханада аурухана жұмыс істейді, шылым шегуге қарсы кабинет мәселелері бойынша шылым шегудің алдын-алу, дағдыларын қалыптастыру, шылым шегуден бас тарту қолдана отырып, жеке және топтық консультация беру,