ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Әулиекөл АОА басталады алдын алу бойынша айлықты өткізу, АИТВ - 
орайластырылған Дүниежүзілік ЖИТС күресу күніне - 1 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, «Қоғамдық денсаулықты сақтау қызметін (ҚДС) құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының (бұдан әрі - СӨСҚПҰО) ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен Қазақстан Республикасында 2017 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығындаАИТВ инфекциясының алдын алу бойынша айлық өткізіледі.

2030 жылға дейін ЖИТС індетін жою – 2015 жылы БҰҰ-ға мүше елдер бірауыздан қабылдаған тұрақты даму мақсататтары тізбесіндегі міндеттердің бірі. АИТВ мәселелерін шешу кезінде алынған тәжірибе Тұрақты дамудың көптеген мақсаттарына, оның ішінде Тұрақтың дамудың 3-мақсатына («Жақсы денсаулық пен әл-ауқат») жетістікпен жетуде белгілі бір рөлі бар.

Қазіргі замандағы медицинаның ең қауіпті мәселесі әлемде үлкен жылдамдықпен таралып жатқан жұқтырылған иммунтапшылығы синдромы (ЖИТС) деп айтуға болады. Инфекция індеті адамдағы иммунтапшылығы вирусына (АИТВ) байланысты.

ДДҰ-ның мәліметтері бойынша:

·АИТВ ғаламдық қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып қалуда: қазіргі таңда ол 35 миллион адамның өмірін қиған. 2016 жылы АИТВ-мен байланысты себептерден әлемде 1 миллион адам қаза тапты;

·2016 жылдың аяғында әлемде АИТВ инфекциясымен ауыратын шамамен 36,7 миллион адам болған, ал 1,8 миллион адам  АИТВ-ны 2016 жылы жұқтырған;

·АИТВ-дан емдеп жазатын дәрі-дәрмек жоқ. Дегенмен ретровирусқа қарсы дәрі-дәрмекпен (РВҚД) тиімді емдеудің арқасында вирусты бақылауға және оның, ол АИТВ-мен ауыратын адамдарға және сау, ұзақ және өнімді өмір сүруге айтарлықтай қауіп туған адамға  жұғуының алдын алуға болады;

·АИТВ-мен ауыратын 54% ересек пен 43% бала өмір бойы ретровирусқа қарсыем алады. 2016 жылы ғаламдық көлемде РВҚД-ны АИТВ-мен ауыратын 19,5 миллион адам алды;

·Әлемде РВҚ емдеу АИТВ-мен ауыратын  76% жүкті және бала емізетін әйелдерді қамтиды;

·Анықтамаларға сәйкес АИТВ-ға шалдыққан адамдардың тек 70%-ы  өздерінің ауыратындарын біледі. Қалған 30%-ы немесе 7,5 миллион адам АИТВ-тестілеу қызметіне мүмкіндік алуды қажет етеді.

2000-2016 жылдар аралығында жаңа АИТВ инфекциясының саны 39%-ға азайған, ал АИТВ-мен байланысты өлім-жітім деңгейі 1/3-ке төмендеп, РВҚ емдеудің арқасында дәл осы кезеңде 13,1 миллион адамның өмірін сақтап қалған. Бұл жетістік азаматтық қоғам мен даму саласындағы серіктестер қатарының қолдауымен АИТВ бойынша ұлттық бағдарламалар шеңберіндегі көлемді күштің нәтижесі болды.

АИТВ иммундық жүйені зақымдап, қорғаныс жүйесін әлсіретеді, сондықтан инфекция жұқтырған адамдарда біртіндеп иммунтапшылығына шалдыққандықтан иммундық жүйесі сау адамдар қарсы тұра алатын кең таралған инфекциялар қатарына, онкологиялық және басқа ауруларға аса бейім болады. АИТВ-ның ең соңғы сатысы түрлі адамдар 2-15 жыл арасында шалдығатын ЖИТС болып табылады.

Қазақстанда ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың мәліметтері бойынша 2017 жылдың 9 айында азаматтар арасында  АИТВ инфекциясының 2087 дерегі тіркелген, оның ішінде – еркектерде 1266, ал әйелдерде 821 дерек.

Адамдардың АИТВ жұқтыру қаупін арттыратын мінез-құлық пен жағдайларының түрлеріне:

·  қорғанбай анустық немесе қынаптық жыныстық қатынасқа түсу;

·  жыныстық жолмен жұғатын мерез, ұшық, хламидиоз, соз және бактериялық вагиноз секілді басқа инфекциялардың болуы;

·  инъекциялық есірткілерді қолданған кезде залалды инелерді, шприцтерді және басқа инъекциялық құралдар мен есірткі ерітінділерін бірге қолдану;

·  қауіпті инъекция, қан құю, тіндерді ауыстыру, теріні залалсыздандырмай кесу мен тесуді қамтитын медициналық шаралар;

·  әсіресе денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында абайсызда инені сұғып алу.

Қазіргі таңда республикада инъекциялық есірткілерді тұтынушылар арасында АИТВ-ның өсуіне алып келетін синтетикалық есірткілердің таралуы алаңдатады.

Әлемде 16 миллионға жуық адам инъекциялық есірткілерді тұтынады және олардың 3 миллионы АИТВ-мен ауырады. Орта есеппен әр оныншы жаңа АИТВ инфекциясының себебі инъекциялық есірткілерді тұтыну болып табылады.

ДДҰ инъекциялық есерткілерді тұтынатын АИТВ-ға шалдыққан адамдарға аурудың алдын алу, емдеу мен күтім жасауға басты дұрыс тәсіл ретінде зиянды азайтуды қолдайды және төмендегі жан-жақты шаралар пакетін анықтады:

  • инелер мен шприцтер жөнінде бағдарламалар;
  • есірткіге тәуелділікті емдеу, оның ішінде опиоидты алмастырушы ем;
  • АИТВ-ға қатысты тестілеу және кеңес беру;
  • АИТВ кезінде емдеу мен күтім жасау;
  • қауіп-қатерді төмендету үшін ақпарат беру, білім беру және кеңес беру.

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың мәліметтері бойынша Қазақстанда инъекциялық есірткілерді тұтыну әлі күнге дейін АИТВ инфекциясын жұқтырудың басты факторы болып табылады. Барлық тіркелген деректер арасында оның үлесіне АИТВ инфекциясы дерегінің 56,3%-ы тиесілі.

Өздерінің АИТВ-ға шалдыққандарын білмейтін немесе оны емдеу мен күтім жасауға мүмкіндік ала алмаған адамдар, ол вирусты басқа адамдарға жұқтыру қаупін тудыратындықтан, өзіне де, барша қоғамға да үлкен қатер болып табылады.

Кейде адамдарға ауру туралы базалық білім жетіспейді. Тіпті оларда қандай да бір білім болған жағдайдың өзінде, олар тестілеуден өтуге қорқады. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту денсаулық сақтау қызметтеріне қолжтеміділікке кедергі келтіреді, ол олардың ем ала алмауымен қатар, вирусты басқа адамдарға жұқтыруын жалғастыра береді.

АИТВ-ның таралуын тоқтату білім алудан басталады. Білім алуға күш салу жыныстық белсенділіктің басталуын кейінге қалдыру, жыныстық серіктестердің санын шектеу және мүшеқапты жүйелі қолдануды арттыру секілді мінез-құлықтық өзгертуге ынталандыруға жұмылдырылған. Білім алу негізгі рөлді білімді арттыру жағынан ғана ойнамайды, сонымен қатар адам ауру жұқтыру қаупіне тап болғанда, жағдайдан шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, АИТВ-ның алдын алу стартегиясы құралдар мен араласулар қатары бірге қолданылған кезде тиімді болады. Инъекциялық есірткілерді тұтынушы адамдар арасында АИТВ-ның алдын алу үшін залалды азайту бойынша инелер мен шприцтер бағдарламасын, опиоидты алмастырушы емді, мүшеқапқа қолжетімділкті, мөлшерден артық тұтынудың алдын алуды, психикаға белсенді әсер ететін заттардан (бұдан әрі - ПБЗ) бас тартуды және т.б. қамтитын шаралар пакеті жақсы үлгі болып табылады.

АИТВ-ны жұқтырудың алдын алуға арналған вакцинаның жоқтығынан АИТВ-ның таралуының алдын алудың басты әдісі АИТВ-ны жұқтырудан сақтандыратын мінез-құлықты өзгертуге алып келетін медициналық-санитариялық ағарту және кеңес беру болып табылады.

Өткізілетін науқанның мақсаты: Республика халқының, оның ішінде жас адамдар арасында ақпарат беру және АИТВ-ның алдын алу, оның ішінде ПБЗ бас тарту, жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мен барлық мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту арқылы ақпараттылық деңгейін арттыру.