ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Ұлттық алкогольден бас тарту күніне орайластырылған онкүндік

 (2017 жылғы 23 қазанынан 1 қарашасына дейін) өткізу тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 825 бұйрығын, «Қоғамдық денсаулықты сақтау қызметін (ҚДС) құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының (бұдан әрі - СӨСҚПҰО) ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен Ұлттық алкогольден бас тарту күні – 28 қазанға орайластырылған «Біз ұрпағымыздың сау болуын қолдаймыз!» ұранымен ішімдікті шамадан тыс тұтынудың алдын алу бойынша онкүндік өткізу жоспарлануда.

Әлемдік деңгейде ішімдік  - қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы басым үш мәселенің бірі. Бұл мәліметті көп, түрлі және сенімді нақты деректер растайды.

ДДҰ Еуропалық өңірлері үшін әлемде халық басына ішімдікті тұтыну деңгейінің ең жоғары болуы тән. Еуропа одақтарындағы елдерде ішімдікті тұтынуға жыл сайынғы 120 000-ға жуық мезгілсіз өлім-жітім дерегі, яғни еркектер арасындағы әр 7-ші дерек пен әйелдер арасындағы әр 13-ші дерек байланысты.

Ішімдікті тұтыну 200-ден аса ауру мен денсаулықпен байланысты мәселелерге себеп болады. Сонымен қатар, әсіресе ішімдіктің есебінен болатын өлім-жітім ауыртпалығының үлесі созылмалы аурулар – бауыр циррозы, қатерлі ісік пен жүрек-қантамыр ауруынан болатын өлім-жітім категориясына және жіті себептер – оқыс пен қасақана алған жарақаттың салдарынан болатын өлім-жітім категориясына тиесілі. Оның ішінде көбі жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітімге, одан кейін оқыс жарақат алу мен бауыр циррозынан болатын өлім-жітімге тиесілі. Ішімдіктің есебінен болатын басқа өлім-жітімдердің үлесі инфекциялық ауруларға (туберкулез, АИТВ мен пневмония), психикалық-неврологиялық жағдайларға (қояншық, ішімдікті тұтынудың салдарынан болған бұзылыстар) және неонаталды жағдайларға (фетальді алкогольді синдром) тән болады.

Жастар өте осал және жас адамдардың немесе басқа тұлғалардың ішімдікті тұтынудың салдарынан болып табылатын физикалық, эмоциялық және әлеуметтік залалға ұшырайды. Ішімдікті тұтыну, зорлық-зомбылық, жаманжыныстық мінез-құлық, жол-көлік және басқа қайғылы оқиғалар, мүгедектік пен өлім-жітімге тән қауіп-қатердің жоғары деңгейінің арасында тығыз байланыс бар.

Жасөспірімдік жас – өмірдің өзгерістер мен тәуел жасаумен байланысты кезеңі. Отбасы жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуына айтарлықтай әсер етуін жалғастыра береді, дегенмен түрлі сыртқы факторлар – құрдастар, мектеп ортасы, әлеуметтік нормалар мен бұқаралық ақпарат құралдары әйгілендіретін армандар маңызды рөл атқара бастайды. Жасөспірімдік жастағы мінез-құлықтың есейген шақта да сақталатын әдеттер тән, себебі осы кезеңде жақсы мінез-құлықтың да, сондай-ақ денсаулыққа қауіп төндіретін мінез-құлықтың да негізі қалыптасады.

Жасөспірімдердің ішімдікті тұтынуы көптеген елдердегі қоғамдық денсаулық сақтау саласының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Жастардың  ересектердің ішімдікті тұтынуына қарап еліктеуіне үлгі болатыны туралы болжам айтылады. Көбіне жасөспірімдер ішімдікті тұтынуды ересек өмірдің қалыпты бір бөлігі ретінде қабылдап, оны әлеуметтік және жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру, құрдастарымен өзара қарым-қатынасты жақсарту мен жаңа байланыстарды қалыптастыру үшін тұтынады. Ересектердің мінез-құлқына еліктеу ішімдікті тұтынатын, бірақ шамадан тыс тұтынуға жол бермейтін ересек өмірге аяқ басуға қатысты табиғи әрекет ретінде қарастырылуы, тіпті дұрыс әуестік болуы да мүмкін. Дегенмен кейбір жасөспірімдерді мұндай тәуекелдер ішімдікті шамадан тыс тұтынуға алып келуі мүмкін. Жасөспірімдердің мас болуы үшін ішімдіктің ең аз мөлшерінің өзі жеткілікті болатын, сонымен қатар олардың ішімдіктің қандай мөлшерінің зияны аз екендігін түсіне алмауымен сәйкес келетін факторлар шешуші рөлді атқарады.

Ішілетін спирттік ішімдіктердің негізгі бөлігі барлық қауіп-қатерді күшейтетін ішімдікті көп мөлшерде тұтыну жағдайына тән. Ішімдік басқа адамдарға да көшедегі зорлық немесе отбасындағы тұрмыстық зорлық түрінде де, кейде медициналық көмек көрсетуге, қылмыспен және қоғамдық тәртіптің бұзылуымен күресуге мемлекеттік ресурстарды тарту түрінде де зиянын тигізеді. Әрбір он адамның үшеуінің жақындарының бірі ішімдікті шамадан тыс тұтынады.

Ішімдік жатырішілік кезеңнен бастап қарттық жасқа дейін өмір бойы адамның жеке денсаулық капиталы мен адамдық капиталды төмендетуге алып келеді. Басым көрсеткіштер бойынша ішімдіктен ең алдымен орта жастағы тұлғалар (әсіресе еркектер) қаза табады. Дегенмен, бұл мәселеге адамның жекеше дамыуының барлық кезеңдері тарапынан қарасақ, жүктілік кезінде ішімдікті тұтыну ұрықтың миының дамуына зиянын тигізеді және есейген шақта белгі беретін когнитивтік бұзылуға әкелуі мүмкін. Әсіресе ішімдіктің әсеріне жасөспірімнің миы сезімтал, сондықтан ішімдікті тұтынуды бастауды кештету қиындықтың пайда болу мүмкіндігі мен ересек шақта ішімдікке тәуелділіктің дамуын азайтады.

ДДҰ ішімдікті шамадан тыс тұтынуға қатысты құны бойынша тиімді араласу шараларын әзірлеу, тестілеу және бағалауға, сонымен қатар ішімдікті тұтыну мен ақпаратты қалыптастыру, жинау мен таратуға және оның денсаулық пен қоғамға тигізетін салдарына ерекше назар аударады.

ДДҰ-ның ғаламдық мақсаты 2025 жылға дейін ішімдікті шамадан тыс тұтынуды кемінде 10%-ға біршама шектеу болып табылады.                                                                                                                                                                                        

ДДҰ-ның мәліметтері бойынша Қазақстанда жан басына шаққандағы спирттің жалпы көлемі 2016 жылы 9,8, ал 2015 жылы 8,2-ді құрады.

СӨСҚПҰО жүргізген 2015 жылғы  VI Ұлттық әлеуметтік зерттеу мәліметтері бойынша балалар арасында ішімдікті тұтынудың таралуы 6,5%-ды құрап, қалалықтар арасында 1,3 есе жоғары екені анықталған. Балалар арасында ішімдікті тұтыну қаладағы қыздарға қарағанда 1,7 есе көп (5,2%-ға қарағанда 8,9%), ауылда -  2,6 есе (3,2%-ға қарағанда 8,3%). 10 жасқа дейін ішімдікті тұтыну бастамасында 26,2% қалалық пен 37,6% ауыл балалары тіркелген. 15 жастан кейін ішімдікті тұтынуды бастаған балалар пайызы қалалық жерде 46,3%, ауылдық жерде 43,1%-ды құрады.

2012-2020 жылдарға арналған Ішімдікті шамадан тыс тұтынуды шектеу жөніндегі Еуропалық іс-қимылдар жоспарының мәліметтері бойынша ұлттық деңгейде қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын аса тиімді араласу шараларының бірі ішімдіктің қолжетімділікті реттеу жүйесі болып табылады.

Осыған байланысты, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі, «Жарнама туралы» ҚР Заңы, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес республикада ішімдікті тұтынуды төмендетуге бағытталған барлық шараларды сақтауды қамтамасыз ету маңызды.

Сонымен қатар, жас тұлғалар мен жасөспірімдердің ішімдікті тұтынуы мен қолжетімділікті төмендету үшін барлық қолданыстағы заңнамалық нормаларды сақтауда барлық қоғамның, оның ішінде отбасы, академиялық орта, құқық қорғау органдары, ҮЕҰ, БАҚ және басқа да мүдделі тараптардың өзара әрекеттерін күшейту қажет.

 Онкүндіктің басты мақсаты ішімдікке байланысты зиянның көлемі мен детерминантары және ішімдікті, оның ішінде сыраны тұтынуды азайтуға бағытталған ықпалды шаралар туралы дұрыс білімді тарату.