ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және ҚР ДСӘДМ 2016 жылғы 25 сәуірдегі «2016 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 325 бұйрығын іске асыру мақсатында СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2016 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Дүниежүзілік  ЖИТС-пен күрес күніне (1 желтоқсан) орайластырылған АИТВ инфекциясының алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.

Адамдағы иммунтапшылығы вирусы (АИТВ) жаһандық қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мәселесі болып қалады: бүгінгі таңға дейін АИТВ вирусынан  34 миллионадам қайтыс болған. Ал, әлем бойынша 2014 жылы АИТВ-мен байланысты 1,2 миллион адамда өлім-жітім салдары болды.

Қазақстанда АИТВ инфекциясы эпидемиологиялық үрдістің даму індетінің шоғырланған сатысында тұр, АИТВ-инфекциясы негізі халықтың осал топтарына: инъекциялық есірткі тұтынатын адамдар (ИЕТ), секс-жұмыскерлермен (СЖ), ерлермен ерлердің жыныстық қатынасы (ЕАЕ) және  сотталғандар жатады. Қазақстанда ЖИТС-тің  алдын алу және онымен күрес жөніндегі республикалық  орталығының мәліметтері бойынша, инъекциялық есірткі тұтыну АИТВ-ның берілу негізгі факторы болып табылады, барлық жағдайларды хабарланған  АИТВ инфекциясының үлесі 56,3% -ды құрады.

Қазақстан Республикасында, жыл сайын  АИТВ тестілеуден 2 миллионнан астам адам  өтеді. АИТВ-на тестілеудің  басты міндеті тестке дейін және одан кейін кеңес беру арқылы және жеке тұлғаларды сапалы түрде қамтамасыз ету болып табылады.

Ресми статистиканың мәліметтері бойынша, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін анықталған АИТВ кумулятивті жағдай  ҚР азаматтарының арасында    АИТВ  бойынша-24 427 адамды құрады, АИТВ-мен өмір сүретіндердің саны-17 726 құрады. АИТВ таралуы 100 000 тұрғынға шаққанда 103 адамды құрайды. Облыстық және қалалық ЖИТС орталықтарында АИТВ- мен адам өмір сүретін  14 993 адам  диспансерлік есепте тұр.

АИТВ иммундық жүйені зақымдайды және адамдардың инфекцияны бақылау мен қорғау жүйесін әлсіретеді. Иммунтапшылығы сау иммундық жүйесі бар адамдар қарсы тұра алатын инфекция мен аурулардың түрлеріне жоғары сезімтал болады. АИТВ инфекциясының ең соңғы кезеңі түрлі адамдарда 2-15 жыл арасында  дамитын жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС) болып табылады. ЖИТС-қа кейбір обыр түрлерінің, инфекциялардың және басқа ауыр клиникалық аурулардың дамуына тән.

АИТВ инфекциясының белгілері әр түрлі  кезеңдерге байланысты болады. Алғашқы бірнеше ай ішінде, АИТВ инфекциясымен  жұқтырылған адамдар жұқпалы екенін кейін біледі. Алғашқы бірнеше апта ішінде жұқтырылғаннан кейін науқастарда инфекция ешқандай белгілерсіз немесе тұмау секілді, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бөртпе, немесе тамақтың ауруы, соның ішінде, инфекция адамның иммундық жүйесін біртіндеп әлсіретеді, адамдарда иммундық жүйе ретінде, лимфа түйіндерінің, салмақ жоғалту, дене қызуының көтерілуі, жөтел және басқа белгілері дамиды.

АИТВ науқас адамдардың ағзасындағы қан, ана сүті, шәует және қынаптық шығындылар секілді түрлі сұйықтықтар арқылы жұғады.  Адамдар әдеттегі сүйісу, құшақтасу және қол алысу немесе жеке құралдарды бірге қолдану және азық-түлік тағамдарын тұтыну мен су ішу секілді байланыстар кезінде жұқпайды.

Адамдардағы АИТВ-ны жұқтыру қаупін арттыратын мінез-құлық пен жағдай түрлері:

·қорғаныссыз анустық және қынаптық секс;

·жыныстық жолмен берілетін мерез, ұшық, хламидиоз, соз ауруы және бактериялық вагиноз;

·инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде залалды инені, шприцтерді және басқа инъекциялық құралдар мен есірткі ерітінділерін бірлесіп қолдану;

·қауіпті инъекция, қан құю, медициналық шаралар, оның ішінде кесіп алған жерді залалсыздандырмау немесе ине салу;

·ине салғанда, оның ішінде медициналық қызметкерлері арасында ине салған кезде кездейсоқ  жарақат алу.

АИТВ жұқтыру қаупін қауіп-қатер  факторлардың әсерін шектеу арқылы төмендетуге болады. АИТВ-ның  алдын алудың тәсілдері:

1. Ер және әйел адамдарға арналған мүшеқапты қолдану;

 2. АИТВ мен ЖЖЖИ-ға қатысты тестілеу мен консультация беру үшін қолдану;

 3. Ерікті медициналық ер адамдардың циркумцизиясы;

4. Аурудың алдын алу үшін антиретровирустық терапиясын (АРТ)  қолдану; 

5. Инъекциялық есірткілерді тұтынушылар үшін зиянды төмендету;

6. Анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуін жою.

АИТВ инфекциясын жұқтырған науқастарға үш немесе одан да көп антиретровирустық препараттарын (АРТ) тағайындалады, бұл препараттар АИТВ-инфекциясын емдемейді, бірақ адам ағзасындағы вирустық репликацияларды бақылайды және иммундық жүйесін нығайту және жұқпамен күресу қабілетін қалпына келтіру үшін көмектеседі.

           АИТВ-инфекциясына анонимді тест өтуге қалаушылар аудан емхананасыға келуге болады. № 305 кабинет. Тексерілу тегін. Сонымен қатар облыстық ЖИТС орталығына шағымдануға болады, келесі мекен-жайы бойынша: Қостанай қаласы, Амангелді көшесі 134.