ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

2016 жылдың 10 қазаны күні өткізілетін 

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнінің тұжырымдамасы

Қазақстан  Республикасының Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген №176 бұйрығын, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және  ҚР ДСӘДМ  2016 жылдың 24 сәуірдегі  «2016 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 325 бұйрығын іске асыру мақсатында СӨСҚПҰО-ның және РҒППНПО-ның жетекшілігімен қоғамдағы психикалық денсаулықты сақтау және нығайтудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында алғашқы рет Психикалық денсаулық күні  «Бар байлығым-ол менің өмірім!» ұранымен 10 қазан күні аталып өтіледі.

 Сарапшылардың  мәліметтері бойынша психикалық бұзылулар ауыртпашылығы өсіп келеді және бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелерінде елеулі әсер етеді.

ДДҰ деректері бойынша, психикалық денсаулық, денсаулықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Психикалық денсаулық - жеке, өмірдің қалыпты күйзелістеріне төтеп  бере алады және олар қоғамдастыққа үлес қоса алады, оның қабілеттерін жүзеге асырады. Психикалық денсаулық адамның негізі әл-ауқаты мен қоғамдастықтың тиімді жұмыс істеуі болып табылады.Психикалық денсаулық біздің ұжымдық және жеке қабілетімізге оның ішінде:  ойлау қабілеті, бір-бірімізбен  қарым-қатынас үшін, өзімізге  ұтымды тіршілік ретінде эмоциямызды  көрсетуді және өмірден ләззат  алуымыздың маңызды орны болып табылады. Осы фактілерді ескерсек, психикалық денсаулықты нығайту, қорғау және қалпына келтіру өмірлік маңызды әрекет ретінде бүкіл әлем бойынша жеке тұлғалар, қауымдастықтар және достастық арқылы қабылдануы мүмкін.

ДДҰ  сарапшыларының деректері бойынша психикасы бұзылған тұлғаларда мүгедектік пен өлім-жітім үлесі өте жоғары. Депрессияға және шизофренияға шалдыққан  тұлғалар 40% -60%-ы мерзімінен бұрын қайтыс болуы мүмкін, ал, физикалық денсаулықтың себептері бойынша, мысалы, онкологиялық ауруларына, жүрек-қан тамырлары ауруларына, диабетке және ЖИТС-ке, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсауға (суицид) назар аударылмайды.  Бүкіл әлем бойынша жастардың өз-өзіне қол жұмсауы (суицид) екінші орында ең көп таралған себебі болып табылады.

Психикалық бұзылу созылмалы ауруға шалдықтырады,соның ішінде жүрек қан-тамырлары аурулары және АИТВ/ЖИТС инфекциялары, мысалы миокард  инфаркті диабетке бейімделеді, осы 2 ауру күйзеліске әкеледі. Көптеген қауіп-қатер факторлары  әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен, алкогольді  шамадан тыс тұтыну және күйзеліс,  инфекциялық емес аурулар сияқты психологиялық бұзылуларға әкеледі. Сонымен қатар,  психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық бұзылулар мен бұзылулардың бірыңғай белгілері байқалады. Психобелсенді заттарды тұтынудан туындаған психикалық, неврологиялық бұзылулар және бұзылулар денсаулыққа  айтарлықтай кері әсерін  тигізеді, жалпы жаһандық ауыртпалығының 13% құрайды. Күйзеліс ғаламдық  күйзеліс ауыртпалығының 4,3%  құрайды. Күйзеліс бүкіл әлемде мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады, (жаһандық деңгейде халықтың 11% мүгедектікпен өмір сүрген)  әсіресе әйелдерде жиі кездеседі.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясы 2013 жылы  психикалық денсаулық бойынша 2013-2020 жылдарға арналған  кешенді әрекет-жоспарын (бұдан әрі Әрекет- жоспары) қабылдады. Әрекет-жоспарының  мақсаты- психиканы нығайту үшін медициналық көмекті қамтамасыз ету, сауықтыруды жеделдету, адам құқықтарын нығайту және психикалық бұзылулары бар тұлғалардың өлім-жітімін, аурушаңдығы  мүгедектікті  азайту болып табылады.

Іс- жоспары төрт міндеттерден тұрады:

·          Психикалық денсаулық сақтау саласындағы  тиімді көшбасшылықты және басшылықты нығайту.

·           Кешенді және  біріктірілген  және өзгеріске бірден әсер ететін медициналық-санитариялық әлеуметтік көмекті алғашқы деңгейде  ұйымдастыру.

·          Психикалық денсаулықты  нығайту және психикалық денсаулық профилактикасы  саласының стратегиясын іске асыру.

·          Психикалық денсаулық саласындағы зерттеулер және мәліметтер базасының ақпараттық жүйелерін нығайту.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің статистикалық мәліметтері бойынша, психикалық және мінез құлықтық бұзылуларынан болған ауру елімізде алғаш рет 100 000 мың тұрғынға шаққанда 55,0%-құрайды екен, сонымен қатар Қарағанды облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 99,9 %), Қостанай облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 88,3%) және Астана қаласында (100 000 тұрғынға шаққанда 72,8).2015 жылдың аяғында елімізде   динамикалық бақылау бойынша елімізде  психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 1097,5 құрады,  ең жоғарғы көрсеткіш Қостанай облысында тіркелген (100 мың. тұрғынға шаққанда1699.8), Қарағанды облысында (100 мың тұрғынға шаққанда 1683,8) және Шығыс - Қазақстан облысында  (100 мың тұрғынға шаққанда 1506,1).

Қазақстан Республикасы құқықтық статистика комитетінің және Бас прокуратурасының арнайы есебі бойынша 2016 жылдың 6 айында 2082 адам өз-өзіне қол жұмсаған (суицид), соның ішінде  15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің  61-жағдайы тіркелген.

 Психикалық денсаулықты нығайту мен сақтауды насихаттау мақсатында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психикалық денсаулықтарын  нығайту және ілгерілету маңыздылығы туралы тұрғындарға, қоғамға, бірінші кезекте жасөспірімдер және олармен  жұмыс істейтін кәсіптік мамандарға ақпаратты дұрыс жеткізу, білім деңгейін жоғарылату.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің  психикалық денсаулығы, физикалық денсаулық сияқты маңызды екендігі туралы балалармен жұмыс істейтін мамандардың білуі міндетті. Мектептегі  медицина, МСАК деңгейіндегі қызметкерлері  балалармен және жасөспірімдерге күйзелістің алдын алу  үшін  тиімді көмек көрсете  алуы және жұмыс істей білуі қажет.

 Психикалық денсаулықты қорғаудың сапасын  жоғарылату үшін тиімді  және нәтижелі  шектеулі ресурстарды пайдаланудың  кепілдендіреді. Сапаны  күшейтпесе тиісті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

 Психикалық денсаулықты қорғау үшін ол жалпы сипаттағы шараларды біріктіреді және психикалық денсаулығын нығайтуға бағытталған, психикалық бұзылуының алдын алу үшін, стигма, кемсітушілікке және барлық тұрғындардың осал топтарына өмірінің циклі бойынша ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, адам құқықтарының бұзылуын азайтуға. бағытталған сектораралық стратегияны үйлестіру  және өткізу қажет.

Күннің мақсаттары мен міндеттері: психикалық денсаулықты қорғау және нығайту бойынша қоғамның назарын аудару,ең алдымен, отбасында және қоғамда өз денсаулығына қатысты жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ психикалық денсаулық дағдыларын сақтау бойынша, оның ішінде:өз-өзіне қол жұмсаудың (суицидтің) алдын алу; білім беру саласында ғана емес,  бірінші кезекте жасөспірімдер мен жастар үшін қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету.

     Нысаналы топтар: тұрғындар, жастар мен жасөспірімдер, ата-аналар, педагогтар, барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілер.