ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Қазақстанда 2016 жылдың 1-7 тамызы аралығында Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығының шеңберінде 
Ұлттық ана сүтімен қоректендіру апталығын өткізу тұжырымдамасы  
 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы  25 сәуірдегі № 325 бұйрығын іске асыру шеңберінде СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде «Баланы емізу – тамақтандырғаннан да пайдалы!» ұранымен 2016 жылдың 1-7 тамызы аралығында Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығының шеңберінің Ұлттық ана сүтімен қоректендіру апталығы  өткізіледі.
Баланың құқығы туралы конвенцияға сәйкес әр еметін нәресте және басқа жастық топтағы балалар тиісті тамақтануға құқы бар. Балалар  арасында өлім-жітім оқиғасының 45%-ы тамақтанудың жеткіліксіздігіне байланысты. Анықтау бойынша 2013 жылы әлемде бес жасқа дейінгі 161,5 миллион баланың бойының өсуі кешеуілдесе, 50,8 миллион баланың бойына салмағы сәйкес келмеген, ал тиісті тамақтанбау немесе қайталанған инфекцияның салдарынан 41,7 миллион балада артық салмақ немесе семіздік бар. 
6 айға дейінгі балалардың тек 36%-ы ғана емеді. Біраз бала тиісті нәрлі және қауіпсіз қосымша тамақпен тамақтанады; көптеген елдерде 6-23 айлық еметін балалардың үштен бір бөлігі олардың жасы үшін тиісті  диеталық түрлілік пен емізудің жиілігіне жауап беретін қосымша тамақпен тамақтанады. 5 жасқа дейінгі 800 000-ден аса баланы туылғаннан 23 айға дейін емізудің арқасында сақтап қалуға болатын еді. Баланы емізу ақыл-ойдың даму  коэффициентін арттырады, ол зияткерлік даму және мектепке жақсы баруға тестілеудің жоғары нәтижесімен дәлелденген. 
Баланы емізу арқылы балалардың дамуын жақсарту және денсаулық сақтау саласының шығыстарын төмендету жеке отбасына да, ұлттық деңгейде де экономикалық артықшылыққа алып келеді.
Нәресте мен балаларды тиісті тамақтандыру бойынша ДДҰ мен ЮНИСЕФ ұсыныстары келесілерді білдіреді:
•бала туыла салысымен алғашқы сағатта емізуді бастау;
•баланы алғашқы алты айында тек емізу; 
•балаларды алты айдан бастап емізуді жалғастырумен қатар екі және одан үлкен жасқа дейін тиісті нәрлі және қауіпсіз қосымша тамақ беруді енгізу.
ДДҰ-ның пікірінше қазір АИТВ жұқтырған аналардан туылған нәрестелерге антиретровирустық дәрі-дәрмектер берудің арқасында оларды алты айға дейін тек емізуге және АИТВ-ның жұғу қаупі айтарлықтай төмендеген жағдайда кемінде 12 айға дейін емізуді жалғастыруға болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ХХ ғасырдың 90 жылдарының ортасында 1 аптадан 5 жасқа дейін балалардың өлім-жітімінің алдын алуға, аурудың жиілігі мен ауырлығының алдын алуға және осы балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға арналған бірқатар тиімді шараларды біріктіретін Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу  (БЖАИЖ) стратегиясы әзірленген. 5 жасқа дейінгі балалар арасында өлім-жітім оқиғасының көбі тиісті араласулар арқылы алдын алуға болатын біраз себептерде туындайды. 5 жасқа дейінгі балалардың 70%-дан 90%-ға дейінгі өлім-жітім оқиғасы жоғары тыныс алу жолдарының аурулары (көбінесе пневмония), диарея, қызылша, сондай-ақ   шала туу, тұншығу мен инфекция секілді неонаталдық жағдайларға байланысты болады.
Алты айға дейін баланы тек емізудің нәресте мен оның анасы үшін маңызы көп. Баланы емізуді бала туылысымен бір сағаттың ішінде ерте бастаудың арқасында нәрестені инфекциядан қорғауды қамтамасыз етуге және нәрестенің өлім-жітімін төмендетуге болады. Диарея және басқа инфекциялардың нәтижесінде өлім-жітім қаупі басында сирек емген немесе мүлде ембеген балалардың арасында жоғары болуы мүмкін. Ана сүті 6-23 айлық балалар үшін қуат және нәрлі заттектердің көзі болып табылады. Ол 6-12 айлық балалардың жартылай немесе барлық энергетикалық қажеттіліктерін және 12-24 айлық балалардың энергетикалық қажеттіліктерінің үштен бірін қамтамасыз етуі мүмкін. Еміздірген балалар мен жасөспірімдердің артық салмақ немесе семіздіктен зардап шегу мүмкіндігі аз.  
Қазақстанда бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзудің тиімді перинаталдық көмегін енгізу бойынша өңірлік оқу орталықтары құрылған. БЖАИЖ-ның технологияларын жүзеге асырудың арқасында пневмония оқиғаларының саны  14%-ға төмендеп, баланы 6 айға дейін тек емізумен қамту 84%-ды құрады. ДДҰ ұсынған балаға күтім жасау бойынша стандарттарды енгізудің нәтижесінде балалардың ауруларын диагностикалау жақсарған. 
2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасында баланы емізуді сақтау, қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша нұсқама қабылданып, баланы сәтті емізуді қамтамасыз ету үшін медициналық мекемелерге арналған он қағида енгізілген:
1.Медицина қызметкерлеріне белгіленген тәртіпте жеткізілетін баланы емізу саясаты жазбаша түрде болу.
2.Осы саясатты жүргізу үшін қажетті дағдыларды игеру саласында медицина қызметкерлерін даярлау.
3.Баланы емізудің артықшылығы және жүзеге асыру жөнінде барлық жүкті әйелдерді ақпараттандыру.
4.Босанған соң жарты сағаттан кейін баланы алғаш емізуге аналарға көмектесу.
5.Егер баланы уақытша қалдыру керек болса, қалай емізуду аналарға көрсету.
6.Медициналық қарсы көрсетілім болмағанда ғана, жаңа туылған балаларға ана сүтінен басқа ешқандай тағам және ішетін сусын бермеу.
7.Ана мен баланың тәулігіне 24 сағат бірге болуына мүмкіндік беретін бір палатаға жатқызуды дағдыландыру.
8.Бала ашыққанда талап еткен сайын емізу.
9.Ана сүтін еметін балаларға емізік бермеу.
10. Баланы емізуді қолдаушы топтарды құрып, оларға ауруханадан немесе клиникадан шыққан соң аналарды жіберу.
Отбасының және денсаулық сақтау саласының тарапынан нақты ақпарат пен қолдау алған жағдайда барлық ана баланы емізе алады. 
Елде босандыру мен балалық шақ қызметтерін біріктіру моделін енгізу туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту қажет. Біріктірілген модель профилактикалық, емдеу, сауықтыру, әлеуметтік қызметке және диспансерлік бақылау, туу және денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған отбасын жоспарлаудан бастап өмір бойы баланың денсаулығын қамтамасыз ету мен сақтауға мүмкіндік береді.
Болашақ ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз ету және олардың ауруларының алдын алу үшін тек қана емізуді насихаттауға жағдай жасау, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге қолдау көрсету үшін барлық қоғам күшін біріктіру маңызды. 
Мақсаты: ДДҰ-ның ұсыныстарына сәйкес баланы емізуді насихаттау, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, нәрестелердің ауруларының алдын алу үшін емізудің маңызы туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру.