ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

 
Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу мақсатында СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен Қазақстан Республикасының өңірлерінде «Ертеңің өзіңе байланысты! Дұрыс өмір сүр! Есірткіден бас тарт!» ұранымен  2016 жылдың 26 маусымы күні Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні және оған орайластырылған 2016 жылдың 2 маусымы мен 2 шілдесі аралығында айлық өткізіледі.
Есірткіні тұтынудың алдын алу және заңсыз есірткі айналысына қарсы әрекет ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Есірткі бизнесімен күресте, еліткіш заттарға тәуелділіктің алдын алу және емдеуде ғылыми дәлелді және тиімді тәсілдерді дамыту Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларында бірнеше рет айтылған. Ел нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласында халықаралық жүйелер мен бағдарламаларды құру және қолдауда белсенді қатысуда.
ДДҰ-ның мәліметтері бойынша ең кем дегенде 15,3 миллион адам психологиялық белсенді заттектерді тұтынуға байланысты денсаулықтың бұзылуынан зардап шегеді. 
Инъекциялық есірткілерді тұтыну 148 елде тіркелген, соның ішінде 120 ел осы топтағы халық арасында АИТВ-инфекциясының болуы туралы хабарлайды.
2013 жылы Қазақстан Республикасындағы есірткі жағдайы туралы Ұлттық есеп (бұдан әрі - Есеп) мәліметтері бойынша 2014 жылы инъекцияның көмегімен есірткіні тұтынушы тұлғалардың бағалау саны 112740 адамды құраған, наркологиялық есепте бағалау санынан инъекциялық есірткіні тұтынушылардың 22%-ы тұрады. Инъекциялық есірткілерді тұтынушылардың үлесі мен Қазақстан Республикасындағы 15 жас және одан үлкен жастағы халық санының ара салмағы 0,9%-ды құрайды.
Сонымен қатар, есепте Қазақстан Республикасында есірткі оқиғасының дамуына елдің географиялық жағдайы айтарлықтай әсер етеді. Сонымен, оңтүстік өңірлердегі табиғи жағдай каннабис және апиынды көкнәр қопсытуға ықпал етеді. Бұдан басқа, Қазақстанның Ауғанстанның Ресейге және Еуропаға есірткіні, әсіресе героинді жеткізу үшін «солтүстік бағыт» деп аталатын транзиттік дәліз болып табылатыны маңызды болып қалуда.
БҰҰ-ның есірткі және қылмыскерлік жөніндегі басқарманың (БҰҰ ЕҚБ) «Есірткі туралы 2015 жылға арналған дүниежүзілік баяндама» мәліметтеріне сәйкес есірткінің таралуының өсуі әлем бойынша бастапқы деңгейде қалуда. 2013 жылы тыйым салынған есірткілерді тұтынатын адамдардың жалпы саны шамамен әлем бойынша 15-64 жастағы тұлғалардың 5 пайыздан біраз артық 246 миллионды құрап отыр. 27 миллионға жуық адам мәселелі нашақорлар, оның жартысы инъекциялық есірткіні тұтынады. Бағалау бойынша инъкциялық есірткіні тұтынатын 1,65 миллионға жуық адам  2013 жылы АИТВ-мен өмір сүрді. Ер адамдар каннабис, кокаин және амфетаминді әйел адамдарға қарағанда үш есе көп тұтынады, ал әйелдер рецепт бойынша босатылатын транквилизатор және опиодтарды шамадан тыс тұтынуға аса бейім болып келеді.
«Есірткі туралы 2015 жылға арналған дүниежүзілік баяндама» материалдарына сәйкес есірткіні тұтынудың салдарынан мезгілсіз қаза табатындар саны жоғары. Есірткіге байланысты өлім-жітім санын шамамен анықтау бойынша 2013 жылы 187 100 адамды құрады. Кейбір елдерде инъекция арқылы есірткіні тұтынушы әйелдер ер адамдарға қарағанда АИТВ-жұқпаларына бейімдеу, сондықтан осындай әйелдер арасында АИТВ-ның таралу деңгейі ер адамдар арасында көп болуы мүмкін. Инъекциялық есірткілерді тұтынушы адамдар арасында АИТВ жұқтырудың жаңа деректерінің саны 2010-2013 жылдар аралығында 10 пайызға, 110-на 98 мың адамға дейін азайған. Дегенмен, баяндамады көптеген қауіп-қатер факторларының, соның ішінде АИТВ және гепатит С секілді жұқпалы аурулардың жұғуы, сондай-ақ есірткіні мөлшерден артық қабылдау оқиғалары инъекциялық жолмен есірткіні тұтынушы адамдар арасында өлім-жітім деңгейі басқа халыққа қарағанда 15 есе жоғары екенін көрсетеді.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орайластырылған және халықтың, әсіресе жастардың есірткіні тұтынудың салдары мен зияны туралы ақпараттылығын арттыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, нашақорлықтың қандай қауіпті кесел екенін адамзатқа тағы бір ескерту үшін ағарту іс-шаралары мен акциялар өткізіледі.
Адамның мінез-құлқы қоғамның жағдайына байланысты және қоғамдық өмірдің жағдайы оның көзқарасы мен сенімін, әумесерлік мінез-құлықты, соның ішіндегі нашақорлық түрлерінің дамуын айтарлықтай анықтайды.
Есірткіні тұтынудың бастапқы алдын алу – жасөспірімдер мен жастардың ПБЗ-ны (психологиялық белсенді заттектерді) тұтынуын жою бойынша жағдай жасау үшін барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде отбасы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы, ішкі істер жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті. Қазір осы мәселелермен көбінесе өскелең ұрпақтың уақытының ең көп бөлігі өтетін орта мектептер, білім беру саласы айналысуда. Бірақ кез келген білім беру мекемесі жасөспірімдермен жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктерді игерсе де, білім беру мекемелері өткізген ешқандай да алдын алу шаралары бұл іске жасөспірімнің ата-аналары қосылмайынша тиімді болмайды, себебі біріншіден, ата-ана ең алғашқы педагог бола отырып, баланың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастырады, екіншіден, жасөспірім ата-анасынан үлгі алады, үшіншіден, ата-аналар алдын алудың ең мүдделі субъектісі болып табылады.
Нашақорлық әлеуметтік мәселе секілді бұл кеселмен күресуге барлық қоғам жұмылдырылғанда ғана шешіледі. Сабақта балаларға есірткіні тұтынудың зияны мен қауіптілігін түсіндіретін мұғалімдердің барлық күші ұлы немесе қызына жеткілікті көңіл аударуға үлгермейтін жасөспірімдердің ата-анасына жүгінбесе бекер болады.
Теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мәселесін атап өту маңызды, бұрын балалардың көзінше әңгімелесуге де тыйым сөзбен жасырын айтылған. Кейбіреулер нашақорлық мәселесі туралы білмеген де. Енді нашақорлық заттар туралы ақпаратты балалар бірінші қолдан-ақ алады.  Осындай заттарға қолжетімділік кез келген уақытта есірткінің дәмінің қандай екенін татып көруге мүмкіндік береді.
Көшеге шыға отырып, жасөспірім көп жағдайда қайтар жол жоқ «есірткілік масайрау» деп аталатын «тұңғиыққа» жиі қадам жасайды. Басқа сөзбен айтқанда, жастар мен жасөспірімдердің арасында нашақорлықтың алдын алу, егер ол барлық әсер ету деңгейінде бірқалыпты тұрақты жүргізілсе және осы мәселеге өскелең ұрпақтың қарсы тұрғызатын барлық «тетіктер» қамтылғанда тиімді болады.
Жасөспірімдердің есірткі заттарын тұтынуы – психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық мәселенің белгісі, осыған байланысты нашақорлықтың алдын алу бағдарламасы белгілерді жоюға емес, өтпелі жастың түпкі мәселесін жоюға бағытталуы қажет. Педагогтар, психологтар және ата-аналар тез әрекет етуі қажет. Себебі, дәл осы жасөспірімдік шақта интеллекттік, сөйлеу, өсу, мінез-құлықтың бұзылу мен мектепке бейімделу кемшілігі байқалады.
Осы шараларға БАҚ-ты тарта отырып, бір жағынан барлық нысаналы топтарды көп және нәтижелі қамтуға, екінші жағынан теледидардан салауатты өмір салтын ұстану жөнінде бағдарламалар санын арттыра және жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыра отырып, өз денсаулықтарына қауіпсіз және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруға қол жеткізуге болады.
Жоғарыда аталған аспектілердің бәрін назарға ала отырып, нашақорлықтың дамуы барлық қоғамның қолында екенін білуге болады. Тек  қана мемлекеттік секторлармен бірге барлық қолдан келер күш арқылы бұл мәселеде оң өзгеріске қол жеткізе және өз денсаулықтарына қоғам жауапкершілігін қалыптастыра аламыз.
Айлықтың мақсаты мен міндеті: сектораралық өзара әрекет ету арқылы заманауи өзекті мәселе – психологиялық белсенді заттектерді тұтынуға жұртшылықтың назарын аударту; жасөспірімдер мен жастарға тек қана білім беру ұйымдарында ғана емес, отбасында, қоғамда олардың өз денсаулықтарына жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық және әлеуметтік жағымды жағдай жасауға назар аударуға ықпал ету, сондай-ақ психологиялық белсенді заттектерді тұтынудан бас тартуға дағдыландыру.
Нысаналы топтар: жасөспірімдер, жастар, педагогтар, ата-аналар.