ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және ҚР ДСӘДМ 25.04.2016 ж.  «2016 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 325 бұйрығын іске асыру мақсатында СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2016 жылдың 6-16 маусымы аралығында жіті ішек инфекциясының алдын алу жөнінде онкүндік өткізіледі.  
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының терминологиясы бойынша жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) (жіті диарея (іш өту) аурулары) диарея синдромының дамуынан туындайтын үлкен аурулар тобы. Оған бактерия, вирус және т.б. қоздырғыштар тудыратын аурудың 30 түрі жатады. 
Тағам, су және тұрмыстық байланыс, кейде ауа-шаң-тозаңы арқылы іске асатын нәжісті-оральдық жолдармен ауру беріледі. Аурудың берілу факторлары науқас адам арқылы залалданған тағам, су, күнделікті пайдаланатын бұйымдар, ойыншықтар және кейбір жәндіктердің (масалардың) шағуы да себеп болып табылады. ЖІИ-ді жұқтыруға өмірдегі антисанитарлық жағдай, жеке тазалық ережесін сақтамау, дұрыс сақталмаған немесе дайындалмаған залалды азық-түлікті тұтыну ықпал етеді.
ЖІИ-ге шалдығу жоғары. Оны жұқтыру қаупі ағзаға түскен қоздырғыштың мөлшеріне, оның уыттылығына, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары қызметінің кедергілі және ферменттік жағдайы мен иммундық жүйенің белсенділігіне байланысты. ЖІИ-ге нәрестелер, шала туылған балалар, сондай-ақ қолдан тамақтанатын сәбилер тез шалдыққыш болып келеді. 
Жыл сайын 1,8 миллион адам диареялық аурулардың нәтижесінде қаза табады, сонымен қатар мұндай оқиғалардың көбі залалды азық-түлік немесе суға байланысты деректерге жатқызылуы мүмкін. Тағамды дұрыс даярлау асқорыту жүйелерінің көптеген ауруларының алдын алуы мүмкін. 
Әлемдегі үкіметтерінің азық-түліктің қауіпсіздігін арттыру үшін қолдан келгеннің барлығын істеулеріне қарамастан тағамдық аурулар дамыған және дамушы елдердің денсаулық сақтау саласының маңызды мәселесі болып қалуда. 
ДДҰ тағамды даярлаумен айналысатындардың арасында азық-түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі олардың рөліне қатысты ағарту жұмысын жүргізу қажет екенін әлдеқашан түсінген. Осыған байланысты ДДҰ қауіпсіз тағамды даярлаудың басты қағидаларынан тұратын «Азық-түліктердің қауіпсіздігін арттырудың бес қағидасы» құралын әзірлеген. 
Азық-түліктердің қауіпсіздігін арттырудың бес қағидасы: 
1. Тазалықты сақтаңыз
- Азық-түлікті ұстаудың, сондай-ақ оны дайындаудың алдында қолыңызды жуыңыз 
- Дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз 
- Тамақ дайындау кезінде қолданылатын кез келген жерді және ас үй жабдықтарын мұқият жуыңыз 
- Азық-түлік сақтайтын және дайындайтын жерлерде жәндіктер, кеміргіш пен басқа жануарлардың болуына жол бермеңіз 
2. Жылумен өңделген азық-түліктен шикі азық-түлікті бөлек ұстаңыз 
- Шикі етті, құс етін және теңіз өнімдерін басқа азық-түліктерден бөлек ұстаңыз 
- Шикі азық-түлікке бөлек ас үй құралдарын (пышақ пен тақтайды) қолданыңыз
- Шикі мен дайын азық-түліктің араласпауына жол бермеу үшін жабық ыдыста сақтаңыз 
3. Азық-түліктерді жылумен өңдеңіз 
- Азық-түлікті, әсіресе, ет, құс еті, жұмыртқа мен теңіз өнімдерін әбден жылумен өңдеңіз 
- Ыстық тағамды жақсылап қуырып, қайнатуға тырысыңыз. Дайын ет немесе құс етінің сөлінің түсі қызғыл емес, ақшыл болуы керектігін есіңізде сақтаңыз 
- Дайын тағамды кемінде 5 минут әбден жылытыңыз 
4. Азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтаңыз 
- Дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз 
- Дайын және тез бұзылатын азық-түліктерді кешіктірмей (5°C төмен температурада) салқындатыңыз 
- Дайын тағамды ыдысқа салғанша ыстық (60 °C жоғары) күйінде сақтаңыз 
- Тағамды тіпті тоңазытқышта да ұзақ сақтамаңыз 
- Азық-түлікті бөлме температурасында ерітпеңіз 
5. Қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі азық-түлікті тұтыныңыз
- Таза суды немесе оны тазартып қолданыңыз
- Балғын және пайдалы азық-түлікті таңдаңыз
- Қауіпсіздігін арттыру мақсатында өңделген азық-түлікті, мысалы пастерленген сүтті  таңдаңыз
- Жеміс пен көкөністі, әсіресе шикідей тұтыну алдында жуыңыз 
- Пайдалану мерзімі аяқталған азық-түлікті қолданбаңыз 
Жіті ішек инфекциясының алдын алу жөніндегі шаралар, соның ішінде қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету, жетілдірілген санитарияны қолдану және қолды сабынмен жуу аурудың қаупін төмендетуге ықпал етеді.