ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу жөнінде іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде  Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының (бұдан әрі - СӨСҚПҰО) ұйымдастыру-әдістемелік қолдауымен 2016 жылдың 1 маусымында «Балалардың күлкісі – ең үздік марапат!» ұранымен Халықаралық балаларды қорғау күні (бұдан әрі - ХБҚК) өткізіледі.
ДДҰ-ның мәліметтері бойынша 2014 жылы 600 миллионнан астам адам семіздіктен зардап шегеді, 5 жасқа дейінгі 42 миллион баланың артық салмағы немесе семіздігі (6,1%) бар. Барлық созылмалы аурулардың пайда болуы мен дамуына ықпал ететін қауіпті факторлар бала және жасөспірімдік кезден қалыптаса бастап, 20-29 жастарында олардың таралуы айтарлықтай артатыны белгілі. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - ДДҰ) жұқпалы емес аурулардың таралуының алдын алу мақсатында 2013-2020 жылдарға арналған ЖЕА-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі ғаламдық әрекеттер жоспарын қабылдады. Аталған жоспарды іске асыру 2025 жылға дейін жүрек-қантамыр, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулардан мезгілсіз өлім-жітімді 25%-ға шектеуге, оның ішінде қант диабеті мен семіздіктің таралуын төмендетуге және жеткіліксіз дене жүктемесінің таралуын 10%-ға шектеуге бағытталған 9 ғаламдық мақсатқа жетуге ықпал етеді.
Ел президенті, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, дені сау ұлттық қалыптастыруды балабақшадан бастап, мектептерде тиімді дамыту қажет. Дұрыс тамақтанудың, вакцинаның көмегімен алдын алуға ауруларға қарсы иммундау есебінен балалардың өмірге ең жақсы қадам басуын қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігі мен дене белсенділігіне ықпал ететін жағымды жағдай жасау денсаулықтың қалыптасуына мықты негіз құрып, әрі қарай мінез-құлықтың дұрыс болуына ықпал етеді. Жасөспірімдер үлкен өмірдің табалдырығында тұрғанда және жыныстық белсенділік басталғанда денсаулық үшін жаңа таңдау жасаумен және қауіп-қатермен бетпе-бет келеді. Олардың денсаулығына ішімдікті, есірткілерді және темекіні тұтыну, қауіпті жыныстық мінез-құлық түрлері, зорлық пен жарақат (оның ішінде, жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жарақат алу) қауіп-қатер төндіреді. 
 Салауатты өмір салты өмір бойы денсаулықты сақтауға және белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ұрпақ денсаулығын сақтау – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті, себебі елдің ересек тұрғындарының денсаулығы бала кезден қалыптасады. 
ДДҰ  баланы туғаннан алты айға дейін тек емізуді ұсынады. Адамзат пайда болғаннан бері нәрестені емізу нәсілі мен мәдениетіне қарамай барлық халық үшін ортақ болып табылады, себебі баланың аман қалуын, қалыпты физикалық жүйке-психикалық дамуын қамтамасыз етеді. 1993 жылдан бастап ДДҰ және БҰҰ-ның Балалар қоры ЮНИСЕФ белгіленген жағдай – «Емізудің 10 қағидасына» сәйкес өз жұмыстарын жүргізуге дайын неонатология бөлімі бар перзентхана, балалар бөлімін қатысуға шақырады.
ДДҰ-ның «Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және дамуы» Еуропалық стратегиясында: «Балалар – біздің болашақ қоғамға инвестициямыз. Олардың денсаулығы және олардың өсуі мен дамуын, оның ішінде кемел жасқа толғанша ересектік шағын қалай қамтамасыз етуімізден келесі онжылдықта Еуропа өңіріндегі елдердің саулығы мен тұрақтылығының деңгейі байланысты», - деп жазылған.
ДДҰ-ның мәліметтері бойынша жарақаттар (жол-көлік жарақаты, суға бату, күйіп қалу, құлау және улану) 5-15 жастағы балалар арасында өлім-жітім мен мүгедектіктің басты үш себебінің бірі болып табылады. Балалардың 90%-ға жуық жарақаты абайсызда орын алған оқиғаның нәтижесінде болады. Жарақаттың нәтижесінде жыл сайынғы өлім-жітімнің басты себептерінің арасында 260 000 бала жолда апатқа ұшыраса, 175 000 мың бала суға батып, 96 000 күйіп, 47 000-ға жуық бала құлау және  45 000 бала уланудан қаза табады. Суға бату оқыстан орын алған жарақаттың салдарынан болған өлім-жітім себінен үшінші орында, оған барлық жарақатқа байланысты барлық өлім-жітім оқиғасының 7%-ы тиесілі. Әлемде жыл сайын суға батудан 372 000 дерек тіркеледі. 
Шылымқорлық, ішімдікті тұтыну, төмен дене белсенділігімен қатар ЖЕА-ның жетекші қауіпті факторлары түрлі дәрежедегі артық салмақ пен семіздік, дұрыс тамақтанбау, оның ішінде қаныққан және транс майлар, қант және тұзды (5 г/тәулігіне) шамадан тыс тұтыну, жеміс-жидек пен көкөністерді жеткіліксіз қабылдау болып табылады. 
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың өлім-жітімінің себебін анықтау, 5-9 жастың өзінде жетекші себеп (69%) жарақаттар, улану, өлтіру, өзін-өзі өлтіру және басқа сыртқы себептер екенін көрсетіп отыр. Жасөспірім балалардың өлім-жітім себебінің құрылымында осы ішкі себептер 84%-ды құрап отыр. 
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жасөспірімдердің анемиясы 2,3 есеге өскен және ересектердің көрсеткішінен 2 есе артық. Балалардың денсаулығының нашарлауы денсаулық жағдайына байланысты кәсіп таңдауды шектеу (20-50% жасөспірім), әскерге жарамдылықтың төмендеуі (35% жас жігіт) секілді жағымсыз медициналық-әлеуметтік қиындыққа алып келді. Әскери қызметке жас жігіттердің жарамауының себебі болып табылатын аурулар құрылымында жетекші орындарды психикалық ауытқу (34%), ас қорыту мүшелерінің (18%), көру мүшесінің (10%), сүйек-бұлшықет және буындардың (9%) аурулары алып отыр. Әр бесінші жасөспірім болашақта ұрпақ өрбіту мүмкіндігін шектейтін ауруларға тап болған. 
СӨСҚПҰО мәліметтері бойынша ҚР 2015 жылы балалалардың семіздігін эпидемиологиялық бақылаудың (COSI) нәтижелері бойынша 9 жастағы балалар арасында артық дене салмағының таралуы 12,3%-ды, семіздік – 6,3%-ды құрады. Мектеп жасында дұрыс тамақтанбау жас ұлғайған сайын жүрек-қантамырлары аурулары, қатерлі ісіктер, артық салмақ және семіздік, қант диабетінің даму қаупін арттырып, мезгілсіз мүгедектiк пен өмір сүру ұзақтығының қысқаруына алып келеді.
2015 жылы СӨСҚПҰО өткізген 6-шы Ұлттық зерттеу мәліметтерімен 5-ші Ұлттық зерттеу мәліметтерімен салыстырғанда қалалық (27,1%-дан 39%-ға дейін) және ауылдық жерлерде ( 27,1%-дан 38,6%-ға дейін) пассивті темекі шегу үлесі 1,4 есе артқаны анықталған. Қаладағы балалар арасында темекі шегудің таралуы 4,8%-ды,  сонымен бірге ер балалар 7,3%-ды, қыздар 2,3%-ды құраған. Ауыл тұрғындары арасында шылымқорлықтың таралуының 3,2%  дерегі, оның ішінде  сауалнама жүргізілген 4,4% ұл балада  және 2,1% қызда шылымқорлық анықталған. 10-14 жаста 39,2%  қалалық балалар (ұлдар - 40,5%, қыздар - 34,8%) және 38,5% ауылдық балалар (ұлдар - 40,7%, қыздар - 34,1%) темекі шеге бастаған. 5-ші Ұлттық зерттеумен салыстырғанда қалалық (25,5%-дан 22,9%-ға дейін) және ауылдық жерлерде (22,7%-ден 22,1%-ға дейін)  энергетикалық сусындарды тұтынудың төмендеуі қадағалануда.  
Балалар арасында ішімдікті тұтынудың таралуы  6,5%-ды құрайды. Қалалық балалардың арасында 7%-ды (ұлдар - 8,9%,  қыздар - 5,2%); ауылдық балалар арасында - 5,6% (ұлдар - 8,3%, қыздар - 3,2%) құрайды. 6-шы Ұлттық зерттеу барысында алғаш рет алкогольсіз сыраны тұтынудың таралуы анықталған. Сонымен, аталған сусынды тұтынушы балалардың үлесі ел бойынша 7,6 %-ды құрап отыр, сонымен қатар қалалық жерге (7,1%-ға) қарағанда, ауылдық жерде (8,1%) көп екенін атап өту қажет. 
Алынған мәліметтерге сәйкес 400 көкөніс пен жемісті қалалық балалардың 88,2%-ы  (ұлдар - 86,7%, қыздар - 89,8%) және  ауылдық балалардың 89,8%-ы (ұлдар - 91,2%, қыздар - 88,5%) тұтынады. Сонымен қатар күн сайын көкөністер мен жемістерді тұтынатын балалардың үлесі қалалық жерде  - 41% (ұлдар - 38,3%, қыздар - 43,8%)  және ауылдық жерде  - 42,1% (ұлдар - 41,4%, қыздар - 42,7%). Білім беру ұйымдарында ыстық тамақ ішетін балалардың үлесі қалалық және ауылдық жерде айтарлықтай айырмашылықсыз 51,5% және 51,1%-ды құрайды. Балаларға жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей тез дайындалатын тағамды тұтынушылардың үлесі қалалық жерде 60,2% (ұлдар - 60,6%, қыздар - 59,9%), ауылдық жерде - 62,9%-ды (ұлдар - 65,7%, қыздар - 60,6%-ды) құрайды. 
Дене шынықтыру сабағына қалалық жерде тұратын балалардың 89,4%-ы (ұлдар - 88,8%, қыздар - 90%), ауылдық жерде тұратын балалардың - 87,8%-ы (ұлдар - 88,2% және қыздар - 87,4%-ы) қатысады. Балалардың аталған сабаққа қатыспауының себебінің құрылымында сабақтан босату көш бастап отыр, дене шынықтыру сабағынан толық босатылған қалалық балалардың үлесі 47,5%-ды (50% ұл және 44,7% қыз), ауылдық балалар арасында - 31,2%  (ұлдар - 32,5%, қыздар - 30,2%). Сондай-ақ дене шынықтыру сабағына бармаудың себептері сабақтың жоқтығы (қалада - 10,6%, ауылда - 6,1%); басқа сабақтармен ауыстыру (қалада - 12,9%, ауылда - 23,7%); сабақты қызықты өткізілмейді (қалада - 16,5%, ауылда - 19,5%); барғысы келмейді (қалада - 12,5%, ауылда - 19,5%). 
Қазақстан ІІМ статистика мәліметі бойынша жол-көлік жарақаты (ЖКО) бойынша оқиғалар өте қауіпті болып қалуда. Құқықтық статистика жөніндегі комитет мәліметтері және республиканың Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша 2014 жылы ЖКО-дан 2,5 мың адам, оның ішінде 1,9 мың ер адам және 679 әйел мен 232 кәмелетке толмағандар қаза тапқан. Өлім-жітім көрсеткіші - 15%-ға, жарақаттану - 12,2%-ға төмендеген. Аса осал топқа мотоцикл жүргізушілері жатады, олардың үлесіне жол апатындағы барлық өлім-жітімнің 23%-ы тиесілі.  Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер ең аз қорғалған топтардың қатарына  кіреді, оларға әлемдегі өлім-жітім оқиғасының 22 және 4%-ы тиесілі. 
Компьютерлік технологиялар қазір адамдардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Зерттеулерге сәйкес орта есеппен адам теледидар мен монитор алдында жылына 3,5 айға дейін отырады. Сондықтан да уақытында қорғаныс шараларын қабылдау және көзіңді сау қалпында сақтап қалу үшін компьютердің көзге қалай әсер ететінін білу маңызды. Компьютермен жұмыс істегенде ұсыныстарды сақтау арқылы оның салдарын болдырмауға болады (әр 20 минут сайын үзіліс жасаңыз, монитордан көзіңізді 30 секунт алыңыз, көзді демалтуға арналған кешенді жаттығуларды жасаңыз).
Балалар арасында қимыл-тірек аппараты ауруларының ең көп кездесетінінің бірі - сколиоз. Алдын алу ретінде жыл сайын профилактикалық тексеру арқылы орта және жоғары сынып оқушылары арасында сколиозды анықтау үшін жүргізіледі. Мектеп жасындағы балалардың қимыл-тірек аппаратына мектеп ғимаратының бой-салмақ көрсеткішінің сәйкес келмеуі әсер етеді. Күнделікті жаттығу жасау, суда (ашық су қоймаларында, бассейнде)  жүзу сколиоздың алдын алуда жағымды әсер етеді.
Әдеттердің болуынан және жеке, қоғамдық гигиенаны сақтаумаудың салдарынан болған гельминтоз, қотыр, педикулез секілді алдын алуға болатын аурулардың таралуы алаңдатады. 
 ДДҰ-ның сарапшыларының пікірінше әлемде 1 млрд аса адам бөсір ауыруымен (аскаридозбен) ауырады. Әдеби мәліметтер бойынша қазір адамдар арасында гельминтоздың 300-ге жуық түрі кеңінен таралған. Өзекті паразиттерден халықты сауықтыру осы ауру тіркелген барлық елдерді 10 жылға зақымдау деңгейін 80%-ға төмендетуге шақырған ДДҰ-ның қызметінің басым бөлігі болып табылады.  Балалардағы гельминтоз – бала ағзасына түскен гельминттердің түрлері тудыратын ішек құрт ауруларының тобына жатады. Балаларда гельминтоз тері, құрсақтық, өкпелік, ісіктік, улану, астения-жүйкелік синдром ретінде сипатталады. Балалардағы гельминтоздарды анықтау  зертханалық сынама арқылы (ішек құрт жұмыртқасына нәжіс, бөсірге (энтеробиозға) қырынды тапсыру, серологиялық зерттеу). 
Соңғы 10 жылда паразит ауруларының өзектілігі әлемде, оның ішінде Қазақстанда өскен. Сонымен, мысалы қотыр (scabies) – жұқпалы ауру, оның қоздырғышы қотыр кенесі паразиті. Оның белгілері – түнгі қышыма, теріде қотырдың пайда болуы (1 мм-ден бірнеше сантиметрге дейін көлемде түзу немесе  иір сызық түрінде, ақ немесе сұр түсте, ұшынан қара нүкте түрінде теріден көрініп тұрған кене аналығын), сондай-ақ  ұсақ түйінді немесе бөріткенді көруге болады. Ауруды жұқтыру көзі науқас адам мен оның заттары (төсек жабдықтары, орамал, жөке және т.б.) болып табылады. Көбінесе ауырған адаммен байланысқанда жұғады.  Педикулез жұқтыру ұйымдасқан ұжымдарда (балабақшаларда, қала сыртындағы лагерьлерде, санаторияларда) орын алады. Басты себебі – ересектер тарапынан баланы бақылаудың әлсіздігі. Жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау аурулардың алдын алуда маңызды компоненттер болып табылады. 
Халықтың, оның ішінде балалар, ата-аналар, мектеп қоғамы, жұмыс берушілер, медицина қызметкерлері, БАҚ және басқа мүдделі тараптардың мүгедектік пен өлім-жітімнің алдын алу үшін аурудың алдын алу, емдеу, диспансерлік бақылау, сауықтыру және әлеуметтік қолдау жөнінде кешенді қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында босандыру және балалық шақ бойынша біріктірілген үлгіні енгізу туралы ақпараттылықты күшейту қажет.