ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Қазақстан Республикасының ведомствалары мен басқа қызығушы кәсіпорындарында, білім беру мекемелерінде, медициналық мекемелерде мамыр айының екінші сенбісінде Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күнінің өткізілуінің бастамасымен ҚР ДӘДМ саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының артериялық гипертонияны диагностикалау мен емдеу, алдын алу шаралары жөнінде халықтың ақпараттылығын арттыру мақсатында.   
Жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатымен, ДДҰ 2013-2020 жылдарға ЖЕА алдын алу және олармен күрес бойынша Ғаламдық жоспарды қабылдады. Нақты жоспар бойынша 2025 жылға 25% созылмалы респираторлы аурулардан және онкологиялық, жұрек-қантамыр ауруларынан өлімнің алдын алуға бағытталған 9 ғаламдық мақсат жетістіктері әсер етеді.  Жұқпалы аурулармен күрестегі тоғыз ғаламдық мақсаттың бірі 25% қан қысымы артуының таралу жиелігі және ұлттық жағдайлармен байланысты қан қысымы артуының таралуын ұстау болып табылады.    
ДДҰ бағалауы бойынша, әлемде 40% ересекте гипертония бой алады, және де ол жылдағы тоғыз миллион шамасында өлім жағдайының себепшісі болады.  Жылда жүрек пен өкпе, инсульт, ісік пен диабет ауруларынан 70 жас аралығында күтпеген өлім жағдайлары 16 миллион жағдайды құрайды. 80% жүрек – қантамыр ауруларынан, инсульттан және артериялық гипертониядан мінез-құлық тәуекел факторлары арқылы бақылап, ескертуге болады: темекіні тұтыну, дұрыс тамақтанбау, төмен дене белсенділігі, дененің артық салмағы.  Гипертонияны ерте анықтау мен емдеу, тәуекел мінез-құлық факторларын бақылау, сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау қоғамы облысындағы саясат жүрек және инсульт ауруларынан туатын өлім деңгейін төмендеуіне әсер етеді. 
ҚР агенттігінің мәліметі бойынша 2014 жылы 1181,8 ауру жағдайы тіркеліп, 100 мың адамға шаққанда 2013 жылда 1172,5 құрады. 
Жоғары артериалды қысым – өмір салтының өзгеруіндегі дереу қажеттілік жөнінде куәланатын аса тәуекел фактор болып табылады. Қан қысымының жоғарылығы инсульттің, инфарктің дамуына әсер етіп, соның кезегінде соңында мүгедек пен өлімге апарады. Артериялық гипертония бүйрек жетіспеушілік, соқырлық, аритмия, жүрек жәтіспеушілігі және басқа патологиялық жағдайлардың даму тәуекелін арттырады.
Артериялық гипертонияның дамуына құрамында май мен тұздың санының артық көлемінде азықты тұтыну, рационда жеткілікті көлемде жеміс-жидектердің болмауы; алкогольді артық көлемде тұтыну; дене белсенділігініңтөмендігі мен шамадан аз мөлшерде дене жүктемесінің болмауы, семіздік; күйзелістік жағдай әсер етеді. 
Бұл тәуекел факторлар адамдардың қандай ортада өмір сүретіндігінде және қандай жұмыс атқаратындығында, халықтың денсаулығын сақтауға қалай қатынысы, сонымен қатар қоғамның әлеуметті-экономикалық деңгейіне байланысты болып келеді. 
Артериялық гипертония жайында халықты жеткілікті түрде ақпараттамау бұл аурудың ауыр түрлеріне алып келеді, аурудың ерте кезеңінде науқастың дәрігерге қаралмауы арқасында ауыр зардаптарға алып келеді. Артериялық гипертонияның дамуымен байланысты мәселелерді шешуде қоғамның назарын аудару біруақытта жүрек-қантамыр ауруларымен тиімді алдын алу жүргізу арқылы адамдар не себептен қан қысымының қауіпті екенін және онымен күресте қандай шаралар қолдану керектігін білуі керек. 
Гипертонияны бақылау және алдын алу – барлық қызығушы жағтардың қатысуын, соның ішінде үкіметті, азаматтық қоғамды, ғылыми қоғамды және барлық бизнес деңгейлеріндегі жұмыскерлерді қамтамасыз етеді. 
Өткір инсультты басқару мен онкологиялық аурулар, өткір миокард инфарктісі кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, диспансерлік бақылауда емдеуге ескеру бойынша комплекстік қызметтермен қамтамасыз ету, өлім мен мүгедектіктің алдын алу үшін халықты әлеуметті қолдау бойынша халықтың қалың бұқарасын, оның ішінде медициналық қызметкерлерді, жұмыскерлерді, БАҚты және басқа да қызығушы жақтарды ақпараттау күші қажет.
Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күнінің мақсаты: емдеуді қалыптастыру, өзін-өзі менеджемент, өзін-өзі бақылау дағдыларын оқыту, жоғары АҚ алдын алу шаралары және оның зардаптары, жоғары артериалды қысымның зардаптары мен даму себептеріне халықтың қатынастық ақпараттылығын арттыру.