ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

ҚР ДӘДМ саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығының ұйымдастыру - әдістемелігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік иммундалу апталығына ұштастырылған 24 сәуірден 30 сәуір аралығында онкүндік өткізіледі.  
Дүниежүзілік иммундалу апталығы (World Immunization Week) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ)  бастамасы бойынша сәуір айының екінші жартысында өткізіледі. Апталықтың өткізілуі адамзатты жұқпалы аурулардан қорғау бойынша, басты алдын алу шаралары ретінде иммунизацияға қоғамның назарын аудару болып табылды. ДДҰ отбасыларға міндетті түрде балаларын ауруларға қарсы екпелеуді ұсынады. 
ДДҰ азаматтық қоғам аясында мемлекеттік және жеке секторларда, ұлттық және жергілікті деңгейде, аймақтық, халықаралық деңгейлерде адамдар мен ұйымдарда жұмыс істейтіндерді Дүниежүзілік иммундалу апталығы кезінде өткізілетін іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырады.   
Қазақстанда осы жылы Дүниежүзілік иммундалу апталығы «Иммундалуда мәселелерді жою» ұранымен өткізілуде. 2016 жылы Қазақстан аумағында Дүниежүзілік иммундау апталығындағы іс-шаралардың бағыттары:  иммунды алдын алуға халықтың сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру, иммунды алдын алудың қауіпсіздігі жөнінде медициналық қызметкерлердің, халықтың ақпараттылығын қалыптастыру, қоғам үшін иммундау қамтылуының жетпеушілігінің кемшіліктері жөнінде және жұқпалы ауруларға қарсы қорғану қажеттілігі жөнінде халықтың ақпараттылығын қалыптастыру; иммунды алдын алу сұрақтарына орындаушы органдардың басшыларының назарын аудару, уақытында иммунизация өтуіне кеңестер және олардың тәжірибесі жөнінде айту, екпелеуден бас тартқандарға медициналық қызметкерлердің, ата-аналардың қалыпты қатынасына назар аудару, екпелеуден бас тартқандарға байланысты оның тәуекеліне назарларды аудару. 
Бүкіл әлемде жұқпаларға қарсы күресте екпелеу ең тиімді, арзан және қол жетімді құрал ретінде саналады. ҚР екпелеудің алдын алудың Ұлттық күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ары қарай ДДҰ) ұсыныстарымен сәйкестеніп, 21 жұқпалы ауруларға қарсы алдын алуды қарастырады. Иммундау халық арасында тегін жүргізіледі және екпелеу үшін ДДҰмен көрсетілген екпе қолданылады, яғни толық сапалы екпе.                                                                                                                   
2015 жылы жылда екпелеуден өтетін адамдар саны 8 100 709 құраса; екпені сатып алуға бағытталған жалпы құралдар көлемі -  15,8 млрд.тенге соманы құрады; қатыстырылған дәрігерлер мен екпелеуші саны - 6 745 адам; елде екпелеу бөлмелер саны 6 354 бірлік болды.
Қазақстанда екпелеуден бас тартқандар саны өскенін атап өткен жөн, сондықтан бұл жағдай елдегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты ҚР ДӘДМмен Ұлттық екпелеу күнтізбесін жүзеге асыру тиімділігін арттыру бойынша Жол картасы құрылды, ол Ұлттық иммунды алдын алу тіркемесін ендіру, жұқпалы аурулардың ескерту және алдын алуда қоғамның әлеуметті мобилизациясы бойынша жоспарын жүзеге асыру, мониторинг жүйесін жетілдіру және елдің аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу болып табылды. 
Нақты Жол картасының жүзеге асырылуы жұқпаны және екпені басқару жұқпалардан өлімді төмендетіп, Ұлттық екпелеу тіркемесіндегі ақпараттарды құрып, ол өз кезегінде екпелеу қамтылуының мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Жол картасы екпелер мен басқа да иммундыбиологиялық заттарды тасымалдау мен сақтауда «суық тізбек» қауіпсіздік мониторингін қамтамасыз етеді; екпеден бас тартқан адамдардың санының төмендеуіне әкеледі.
Онкүндік мақсаты: жалпы қоғамның денсаулығы мен жағдайы үшін иммундаудың маңызы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейін, қоғамның екпелеуге сенімді қарым-қатынасын арттыруға Дүниежүзілік иммундау апталығы арналды.