ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

 

Өткізу Әулиекөл ауруханасында Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес 16 қараша 2016 жылғы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылдың 25 сәуіріндегі  «2016 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 325 бұйрығын іске асыру мақсатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен  2016 жылдың 16 қарашасында елдің барлық өңірлерінде Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнін өткізу жоспарлануда (әрі қарай ҚД).

Қант диабеті – ұйқы безінің инсулинді (қан құрамында қанттың немесе глюкозаның құрамын реттейтін гормон) жеткілікті өндіре алмауынан  немесе ағзаның өндірілген инсулинді тиімді қолдана алмауынан туындайтын қауіпті созылмалы ауру. Қоғамдық денсаулық сақтау саласына айтарлықтай мәселе тудыра отырып, қант диабеті төрт басты жұқпалы емес аурудың (ЖЕА) бірі болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 2011 жылдың қыркүйегінде мемлекеттер мен үкімет басшыларының мақұлдауымен ЖЕА бойынша БҰҰ-ның Саяси декларациясында бекітілген міндеттерге жетуге бағытталған «2013-2020 жылдар аралығында жұқпалы емес ауруларды алдын алу және онымен күрес бойынша іс-әрекеттердің ғаламдық жоспарын» әзірледі. Жоспар 2025 жылға дейін ЖЕА бойынша, соның ішінде жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді 25%-ға төмендетуге, қант диабеті мен семіздік деректерінің санының өсуін шектеуге қатысты 9 ғаламдық мақсатты игеруге ықпал ететін болады.

Мәліметтер бойынша 2014 жылы қант диабетінен әлемде 1980 жылғы 108 миллионмен салыстырғанда 422 миллион ересек адам зардап шеккен. Қант диабетімен аурушаңдылықтың ғаламдық деңгейі (жас бойынша стандартталған) 1980 жылдан бері ересек тұрғындар арасында  4,7%-дан  8,5%-ға дейін екі есеге өскен. Бұл артық салмақ немесе семіздік сияқты қосалқы қауіпті факторлардың өсуінен байқалады. 2012 жылы қант диабеті 1,5 миллион өлім-жітім оқиғасының себебі болған. Қан құрамындағы глюкозаның мөлшерімен салыстырғанда аса жоғары болуы жүрек-қантамыр және басқа аурулар қаупінен арта отырып 2,2 миллион өлімді тудырған.          

Жүктілік кезінде және жүктілікке дейін әйелдердің дұрыс тамақтанбауының әсері жұқпалы емес аурулардың қатарының даму қаупін арттыра отырып қысқа мерзімді және ұзаққа созылуы мүмкін. 

Жүктілік кезінде артық салмақ қосу ана үшін де, бала үшін де, босанғаннан кейін анада артық салмақтың болуы және әрі қарай семіздіктің, тууалды гипогликемия, жүктіліктік қант диабеті,  жатырішілік дамудың тоқтауы, іштегі нәрестенің ірі болуы және басқа асқынулармен байланысты.  Артық дене салмағы бар, дұрыс тамақтанбауға әдеттенген және нәрлі микроэлементтердің қоры аз әйелдер жүкті болған кезде көп салмақ қосу және  қант диабеті қатеріне шалдығады.

Гестациялық қант диабетінің (жүктіліктің ауырлауының семіздікпен байланысты кең таралған аурулардың бірі) даму қаупі әйелдерде жүктілікке дейін артық салмақ пен семіздік болса айтарлықтай артады. Жүкті әйелдерде гестациялық қант диабетінің болуы жатырішілік дамудың тоқтатуы немесе іштегі нәрестенің тез өсуі (макросомии), жатырішілік семіздік, өмір бойы семіздікке бейімділік, глюкозаға, екінші типті қант диабетіне төзімділіктің бұзылуы және баланың  зат алмасу қызметінің бұзылуының қаупін арттырады.

Осы мәліметтер семіздік деңгейін төмендетудің қажеттілігін және репродуктивтік жастағы әйелдердің тамақтануын үйлестіруге арналған стратегиядан бастап жұқпалы емес аурулардың тамақтанумен байланысын көрсетеді.

Қант диабеті түрлі асқынуды тудыруы және жалпы мезгілсіз өлім-жітім қаупін арттыруы мүмкін. Оған инфаркт, инсульт, бүйрек жеткіліксіздігі, аяқты кесу, көру қабілетінен айырылуы, жүйкенің зақымдалуы және т.б. жатады. Жүктілік кезінде нашар бақыланбаған диабет іштегі нәрестенің өлімін және басқа да асқынуларды арттыруы мүмкін.

Қант диабеті және оның асқынуы қант диабетімен ауыратын адамдар мен оның отбасы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласы және тікелей медициналық шығыстар, жұмыстан және жалақыдан айырылатындықтан ұлттық экономика үшін де елеулі экономикалық шығысқа ұшыратады.

Мәліметтерге сүйенсек қант диабетінің 1 типі емделмейді. Қант диабетінің 2 типінің алдын алу, аурудың асқынуын және мезгілсіз өлім-жітімді болдырмау үшін тиімді тәсілдер қолжетімді, мысалы үнемі дене белсенділігі (кемінде күніне 30 минут), дұрыс тамақтану (қант пен қаныққан майды тұтынуды шектеу), темекі шегуден (жүрек-қантамыр ауруының даму қаупін арттырады) бас тарту, сондай-ақ артериялық қан қысымы мен липидтердің мөлшерін бақылау.

Қант диабетімен күресу үшін қарапайым шешімдер жоқ, дегенмен үйлестірілген, көп кешенді шаралар жағдайды түзетуге ықпал етеді. Әр адам қант диабетінің кез келген түрінің салдарын шектеуге ықпал ете алады. Мүдделі тараптар шеңберіне үкімет, медицина мекемелері, қант диабетімен ауыратын пациенттер, азаматтар қоғамы, азық-түлік өндірушілер және басқалар кіреді. Бәрі бірге қант диабетінің таралуын шектеуге және осы аурумен ауыратын адамдардың өмір сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қоса алады.

Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнінің мақсаты: қант диабеті, әлемде аурушаңдылық көрсеткішінің өсуі және негізі дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және ортақ жауапкершілікті қалыптастыру болып табылатын көптеген жағдайда осы аурудың алдын қалай алуға болатыны туралы ғаламдық ақпараттылықты арттыру.