ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық аурухана» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Подробнее...

 

Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күнін және 2016 жылдың 28 шілдесі мен 28 тамызы 

аралығында оған ұштастырылған айлық өткізу тұжырымдамасы 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және ҚР ДСӘДМ 25.04.2016 ж.  «2016 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 325 бұйрығын іске асыру мақсатында СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2016 жылдың 28 шілдесі мен 28 тамызы аралығында Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне ұштастырылған айлық өткізіледі. 
Гепатит – бауырдың қабынбалы ауруы. Гепатитті тудыратын вирустың A, B, C, D және E деп аталатын бес түрі бар. Осы бес түрі аурудың, соның ішінде індетті таралуының әлеуеттік қаупі және өлім-жітім ауыртпашылығымен байланысты үлкен мәселе туғызуда.  
Әлемде балаларды иммундау арқылы В вирустық гепатитінің алдын алуда жетістікке қол жеткізілуде. Оған қарамастан, В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамту 2010 жылы иммундаумен 90% қамтуды қарастырған Ғаламдық көріну және 2006-2015 жылдарға арналған иммундау стратегиясында белгіленген көрсеткішке қол жеткізілген жоқ және  дифтерия (күл), сіреспе және көкжөтелге қарсы вакцинациямен қамтудың ғаламдық деңгейінен артта қалуда. 
Қоғамдық денсаулық сақтау саласының қауіпсіз және тиімді стратегиясын қолдану арқылы гепатит вирусының жұғуының алдын алу төмендегілерден тұрады: 
1.В гепатитіне қарсы иммундау бойынша инъекция жалпылай иммундау арқылы В гепатиті вирусынан барлық тұлғаларды қорғауды қамтамасыз ету;  ең көп қауіпке ұшырайтын медицина қызметкерлерін, іссапарға жіберілген тұлғалар мен басқа адамдарды В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамтуды арттыру қажет.  
2.В және С гепатиттерінің вирустарының жұғуының және басқа да қан арқылы берілетін патогендердің алдын алу бойынша қауіпсіз медициналық көмек донорларды сәтті іріктеу жүргізуді және барлық тапсырылған қанды В және С гепатиттерінің вирустарына тексеруді; тиісті инелердің қажетті мөлшерін үнемі қою арқылы барлық  инъекциялардың қауіпсіздігін, ине салудың қауіпсіз тәсілдерін үйрету мен үшкір қалдықтарды дұрыс алуды қамтамасыз етуі қажет. 
3.А гепатитінің алдын алу мақсатында иммундауды жүргізу және қауіпсіз азық-түлікпен және сумен қамтамасыз ету А гепатитіне қарсы вакцинация бойынша жұмысқа бағытталуы;  азық-түлікке вирустар мен уыттардың түсуінің алдын алу бойынша халықаралық ұсыныстарды даярлау мен енгізу арқылы азық-түліктің қауіпсіздігін арттыру қажет. 
 
Гепатитпен күресте аурудың алдын алуды күшейту, соның ішінде В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамтуды кеңейту мақсатында вирустың жұғу жолдары, бауыр циррозы, гепатоцеллюлярлық обыр түрінде аурудың асқынуының алдын алу мақсатында ерте диагностикалау мен емдеу туралы халықты ақпараттандыру маңызды рөл атқарады. 
Айлық мақсаты: вирустық гепатитті жұқтырудың алдын алу, өмір бойы өзін-өзі сақтау мінез-құлқына дағдыландыру бойынша шаралар туралы халықтың ақпараттылығын арттыру.